Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет24/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Бауырдың глюкостатикалық қызметі
Бауырдың глюкостатикалық қызметі үш процеспен қамтамасыз етіледі: 1) гликогеногенез, 2) гликогенолиз, 3) глюконеогенез (белоктардың, липидтердің, көмірсулардың ыдырауының аралық өнімдерінен глюкозаның синтезделуі).
Қандағы глюкозаның жоғарылауымен оның артық мөлшері гликоген (гликогеногенез) түзілуіне жұмсалады. Қандағы глюкозаның төмендеуімен гликогенолиз (гликогеннің ыдырауы) және глюконеогенез артады. Бауыр жасушалары, басқа жасушалардан айырмашылығы, жасушааралық зат пен қандағы глюкозаның концентрациясына байланысты глюкозаны екі бағытта да өткізе алады. Осылайша, бауыр қандағы глюкозаның тұрақты деңгейін, яғни 3,4-6,1 мМ / л сақтай отырып, глюкостатикалық функцияны орындайды.
Гликогеногенез
Гликогеногенез - бұл глюкозадан гликогеннің синтезделуінің метаболикалық жолы. Гликогенез жануарлардың барлық тіндерінде кездеседі, негізінен бауыр мен бұлшықеттерде жүреді.
Көмірсулардың гликоген түрінде қорға жиналуы гликогеннің жоғары молекулалы қосылыс болуына және оның глюкозадан ерекшелейтіні жасушаның осмостық қысымын арттырмауына байланысты.
Гликогеногенез келесі кезеңдерден тұрады:
1) глюкоза-6-фосфаттың түзілуі - бауырда глюкокиназаның әсерінен, ал басқа тіндерде гексокиназаның әсерінен глюкоза фосфорланып, глюкоза-6-фосфатқа айналады.
2) глюкоза-6-фосфаттың глюкоза-1-фосфатқа айналуы. Фосфоглукомутазаның әсерінен глюкоза-6-фосфаттан глюкоза-1-фосфат түзіледі.
3) УДФ-глюкозаның түзілуі - глюкоза-1-фосфат УДФГ-пирофосфорилазаның әсерінен УТФ-пен әрекеттеседі және УДФ-глюкоза мен пирофосфат түзіледі.
4) гликоген тізбегінің ұзаруы. Гликоген тізбігінің ұзаруын гликогенсинтетаза (глюкозилтрансфераза) ферменті катализдейді.
5) Гликоген молекуласының тармақталуы - амило-трансглюкозидаза әсерінен альфа-гликозидтік байланыс түзіледі.
Гликогенолиз
Гликогеннің ыдырауы немесе оның жұмсалуы организмнің глюкозаға қажеттілігі артқанда жүзеге асады. Гликогеннің ыдырауы 2 жолмен: 1 жолы - фосфоролиз, 2 жолы - гидролиз арқылы жүзеге асады.
1-жолы – Фосфоролиз. Бұл кезде фосфорилаза ферментінің әсерінен гликоген құрамындагы шеткі глюкоза молекулаларына фосфор қышқылы байланысып, глюкозо-1-фосфат бөлінеді. Түзілген глюкозо-1-фосфат глюкозо-6-фосфатқа изомерленеді. Глюкозо-6-фосфат жасуша мембранасынан өте алмайды, сондықтан тек түзілген жерінде пайдаланылады.
Гликогенолиздің екінші жолы — гидролиз. Ол негізінен бауырда гамма-амилазаның әсерінен жүзеге асады. Бұл жағдайда гликогеннен глюкозаның шеткі молекуласы босап шығып, бос глюкоза канға түсуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет