Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет13/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104
Артқы ми
Артқы мидың, metencephalon, құрамына вентралды орналасқан көпір және дорсалды орналасқан мишық кіреді.
Көпір
Көпір, pons, (Варолий көпірі) мидың төменгі бетінде көлденең орналасқан жалпақ құрылым. Ол алдынан үлкен ми аяқшасымен, артынан – сопақша мимен шекараласады. Көпірдің бүйір жағынан үштік нерв шығады. Ол, мишықтың ортаңғы аяқшасы, pedinculus cerebellaris medius, мен көпірдің аралығындағы шекара болып табылады. Көпір мен пирамида арасынан әкететін нерв, n.abducens, ал одан латералды бет нерві, n.facialis, және кіреберіс-ұлу нерві, п.vestibulocochlearis, шығады. Көпірдің вентралды бетінің ортасында аттас артерия жататын базилярлық жүлге,sulcus basilaris, өтеді. Көпірдің дорсалды беті ромбтәрізді шұңқырдың жоғарғы жартысын түзеді.
Көпірді көлденең кесіндісінде ( 15 - сурет) алдыңғы және артқы бөліктері ажыратылады, олардың арасындағы шекара трапециятәрізді дене, corpus trpezoideum, деп аталатын көлденең орналасқан нерв талшықтары арқылы өтеді. Бұл дене есту анализаторының бөлігі болып табылады.

15 – сурет. Көпірдің жоғарғы ми желкені деңгейіндегі кесіндісі.
1 - милық жоғарғы желкен; 2 – мишықтың жоғарғы аяқшасы; 3 – артқы бойлық буда; 4 – жамылғылық орталық жол; 5 – латералды ілмек; 6 – медиалды ілмек; 7 – пирамидалық жол; 8 – әкететін нерв; 9 – бет нервінің ядросы; 10 – әкететін нерв ядросы; 11 – бет нерві; 12 – үштік нерв; 13 – үштік нервтің қозғалтқыш ядросы; 14 – жоғарғы сілекей бөлетін ядро; 15 – үштік нервтің көпірлік ядросы; 16 – жеке жол ядросы; 17 – IV қарынша.

Көпірдің алдыңғы бөлігі, pars ventralis, немесе негіздік бөлігі, pars basilaris, бойлық төмендеген өткізгіш жолдардан және көлденең нерв талшықтарынан тұрады.
Бойлық талшықтар, көпірді үлкен ми қыртысымен байланыстыратын қыртыс-көпір жолынан, tr.corticopontinus, және ортаңғы жазықтыққа жақын шоғырлана орналасқан пирамидалық жол, tr.pyramidalis, талшықтарынан түзілген.
Пирамидалық жол үлкен ми қыртысынан қарсы жақтың бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына баратын қыртыс-ядролық жолға, tractus corticonuclearis, және жұлынның өз және қарсы жағының қозғалтқыш ядроларына баратын қыртыс-жұлындық алдыңғы және латералды жолдарға, tr.corticospinales anterior (ventralis) et lateralis, бөлінеді.
Қыртыс - көпір жолы көпір ядроларында, nuclei pontis, аяқталады. Бұл ядролардан басталатын көпір - мишық жолы, tr.pontocerebellaris, көпірдің алдыңғы бөлігінің негізгі массасын құрайтын көлденең талшықтарды, fibrae pontis transversae, түзеді де, мишықтың ортаңғы аяқшасының құрамында өтіп, көпірді мишықпен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет