Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Мишықтың төменгі аяқшалары



бет15/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Мишықтың төменгі аяқшалары, pedunculi cerebellarеs inferiores, мишықты сопақша мимен байланыстырады. Олардың құрамында жұлын-мишықтық артқы жол, олива-мишықтық жол, кіреберіс-мишықтық және т.б. жолдар өтеді.
Мишықтың жоғарғы аяқшалары, pedunculi cerebellares superiores, мишықты ортаңғы мимен байланыстырады. Олардың құрамында жұлын-мишықтық алдыңғы; мишық-таламустық және мишық-қызыл ядролық жолдар өтеді.
Мишықтың ортаңғы аяқшалары, pedunculi cerebellares medii, – арқылы көпір ядросынан мишық қыртысына баратын көптеген талшықтар өтеді. Бұл талшықтар үлкен ми қыртысының мишықпен байланысының екінші бөлігі болып табылады (сүтқоректілер эволюциясында мишық сыңарының үдемелі дамуы үлкен ми қыртысының және көпірдің алдыңғы бөлігінің дамуымен үйлесімді жүреді).
Мишықтың жұлын және мимен нервтік байланыстары, дененің қозғалысы кезіндегі бұлшықеттердің үйлесімді қызметін, яғни дененің тепе – теңдігін қамтамасыз етеді. Мишықтың бұл қызметі жоғары омыртқалылардың эволюциялық дамуы барысындағы қимыл түрлерінің жетілуінде шешуші орын алады. Сонымен қатар, мишықта вегетативтік нерв жүйесінің орталықтары орналасады.

Төртінші қарынша
Төртінші қарынша, ventriculus quartus, (13 - сурет) ромбтәрізді мидың қуысы болып табылады, ол алдыңғы жағынан көпір мен сопақша мидың, артқы жағынан мишықтың арасында орналасқан. Пішіні түбі мен төбесі бар шатыртәрізді болып келеді. Төбесінің жоғарғы және төменгі қабырғалары бүйір жақтарында, латералды қалталарды, recessus lateralis, түзеді.
Төртінші қарыншаның түбі - ромбтәрізді шұңқыр, fossa rhomboidea, деп аталады (17 - сурет). Оны көпір мен сопақша мидың артқы беттері құрайды. Ол бүйір жақтарынан мишықтың жоғарғы және төменгі аяқшаларымен шектелген. Шұңқырды орталық сызық бойымен бөлетін орталық жүлгенің, sulcus medianus, екі жағында медиалды дөңес, eminentia medialis, орналасқан. Әр дөңесті латералды жағында шекаралық сызық, sulcus limitans, шектейді. Жүлге жоғарғы және төменгі шеттерінде жоғарғы және төменгі шұңқыршаларға жалғасады. Жоғарғы шұңқыршадан латералды және сәл жоғарылау, түсі пигментті жасушаларға байланысты болатын кішігірім, көгілдір жер, locus caeruleus, орналасады. Дөңестің жоғарғы бөлігінде бет нервінің төбешігі, colliculus facialis, көрінеді, ол әкететін нерв ядросын иін түрінде қоршай орналасатын бет нервінің талшықтарынан түзілген. Медиалды дөңес төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нерві үшбұрышына, trigonum n.hypogllossi, ауысады. Оның латералды жағында кезбе нерв үшбұрышы, trigonum n.vagi, орналасады.

17-сурет. Ромбтәрізді шұңқыр мен ми діңінің құрылымдары.
1 - таламус; 2 – ортаңғы ми төбесінің жоғарғы төбешігі; 3 - шығыршық нерв; 4 - мишықтың жоғарғы аяқшасы; 5 – мишықтың ортаңғы аяқшасы; 6 – медиалды дөңес; 7 – орталық сызық; 8 – милық жолақтар; 9 – кіреберістік алаң; 10 – тіласты нервінің үшбұрышы; 11 – кезбе нервтің үшбұрышы; 12 – сынатәрізді ядроның төмпешігі; 13 – жіңішке ядроның төмпешігі; 14 – артқы орталық жүлге; 15 – жіңішке буда; 16 – сынатәрізді буда; 17 – артқы латералды жүлге; 18 – бүйір жіпше; 19 – ысырма; 20 – мишықтың төменгі аяқшасы; 21 – шекаралық жүлге; 22 – жоғарғы ми желкені; 23 – ортаңғы ми төбесінің төменгі төбешігі; 24 - эпифиз; 25 – III - қарынша.


Төртінші қарыншаның латералды қалтасы аймағында, ромбтәрізді шұңқырда кіреберістік алаңды, area vestibularis, ажыратады. Осы алаңнан көлденең бағытта милық жолақтар, striae medullares, өтеді. Олар көпір мен сопақша мидың арасындағы артқы шекарасы болып табылады және есту жолдарына жатады.


Ромбтәрізді шұңқыр аймағында: үштік, әкететін, бет, кіреберіс-ұлу және тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіласты бассүйек нервтерінің ядролары орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет