Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет21/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
Емізіктәрізді дене, corpus mamillare, – артқы тесіктелген зат пен сұр төмпенің арасында орналасқан, жартылай шартәрізді жұп құрылым. Ол иіс сезудің қыртысастылық орталығы болып табылады.
Сұр төмпе, tuber cinereum, – алдынан сhiasma opticum және артынан емізіктәрізді денелер арасында жатады. Төменгі жағында қабырғасы жұқа, қуысты құрылым құйғышқа,infundibulum, жалғасады. Құйғыш жіңішкеріп барып гипофизге, hypophysis,өтеді. Гипофиз қызметі бойынша маңызды эндокриндік без болып табылады. Сұр төмпе қуысы жоғарғы жағында үшінші қарынша қуысына жалғасады. Сұр төмпенің алдында көру қиылысы, chiasma opticum, жатады. Қиылыстың алдыңғы және жоғарғы жағында фронталды бағытта жұқа, шекаралық табақша, lamina terminalis, өтеді. Көру қиылысы, көру жолына, tractus opticus, жалғасады. Шекаралық табақшаға артынан – алдыңғы дәнекер, comissura anterior, жанасып жатады.
Гипоталамус вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің қызметтерін үйлестіретін маңызды орталық болып табылады.

Үшінші қарынша




Үшінші қарынша, ventriculus tertius, екі таламустың ортасында орналасқан жіңішке, жұқа қуыс. Үшінші қарынша артынан ортаңғы мидың суқұбырымен, ал алдынан жұп қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйір қарыншалармен байланысады. Үшінші қарыншаның алты қабырғасын ажыратады. Бүйір қабырғалары таламустардың медиалды беттерінен және меншікті гипоталамустан түзілген. Оларды бір-бірінен таламусастылық жүлге, sulcus hypothalamiscus, бөліп тұрады. Меншікті гипоталамусқа ортаңғы мидың жамылғысы жалғасады. Алдыңғы қабырғасы шекаралық табақша, алдыңғы дәнекер және күмбез бағаналарынан түзілген. Күмбез бағанасы мен таламустың алдыңғы төмпешігінің арасында қарыншааралық тесік (Монрой тесігі), foramen interventriculare, орналасады. Бұл тесік арқылы ми - жұлын сұйықтығы бүйір қарыншадан III қарыншаға өтеді. Артқы қабырғасы жүген дәнекерінен, артқы дәнекерден, оның астындағы ортаңғы ми суқұбырынан түзіледі. Жоғарыда аталғандай, жүген дәнекері мен артқы (эпиталамустық) дәнекердің аралығында, эпифизге енетін кішкене томпақтық ұңғыл, recessus pinealis, жатады. Үшінші қарыншаның түбін chiasma opticum, tuber cinereum мен infundibulum, corpora mamillaria, substantia perforata posterior, аздап pedunculi cerebri, түзеді.Үшінші қарыншаның түбінде екі ұңғыл: көру қиылысы мен шекаралық табақшаның аралығында – көру ұңғылы, recessus opticus, және құйғышта –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет