Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет39/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104
Тастық жоғарғы қойнау, sinus petrosus superior, самай сүйек пирамидасындағы тастық жоғарғы қойнаудың жүлгесінде өтеді де, үңгірлі қойнауды сигматәрізді қойнаумен қосады.
Тастық төменгі қойнау, sinus petrosus inferior, пирамидадағы аттас жүлгеде орналасып, үңгірлі қойнауды және шүйде сүйектің негіздік бөлігінде орналасқан негіздік өрімді, plexus basilaris, сигматәрізді қойнаумен байланыстырады.
Мидың қатты қабығының қойнаулары диплоикалық және эмиссарлық веналармен байланыста болады.
Диплоикалық веналар, vv.diploicae, бассүйек күмбезінің кемік затында орналасады. Олар қойнауларға және бастың сыртқы веналарына құйылады.
Эмиссарлық (шығарғыш) веналар, vv. emissariae, шеке, самай және шүйде сүйектерінде орналасқан тесіктер арқылы өтеді. Олар қойнаулар мен бассүйектің сыртқы веналарын өзара қосады.
Бассүйек негізінде сопақ тесік, ұйқы және тіласты өзектері арқылы өтетін веналық өрімдерді ажыратады. Осы өрімдер арқылы қойнаулар бассүйектің сыртқы веналарымен байланысады.
Сонымен, мидан шығатын веналық қан негізінен ішкі мойындырық вена арқылы, одан кейін эмиссарлық , диплоикалық және бассүйек негізіндегі веналық өрімдер арқылы ағады.
Мидың торлы қабығы, arachnoidea mater encephali, жұқа, мөлдір, тамырлары жоқ, қатты қабықтың ішкі жағында жатады. Бұл қабықтың ерекшелігі - ми жүлгелеріне кірмей, асып өтеді. Қатты қабық екеуінің арасындағы капиллярлы саңылау - қатты қабықастындағы кеңістік, spatium subdurale, деп аталады. Торлы және жұмсақ қабық арасында - мөлдір, ми-жұлын сұйықтығына толы торлы қабықастындағы кеңістік, cavitas subarachnoidalis, - орналасады. Кейбір жерлерде бұл кеңістік кеңейіп - цистерналар түзеді.
1. Мишық - ми цистернасы, cisterna cerebellomedullaris, ең үлкен кеңістік, сопақша ми мен мишықтың артқы жиегі арасында жатады.
2. Үлкен мидың латералды шұңқырының цистернасы, cisterna fossae lateralis cerebri, үлкен мидың латералды жүлгесінің алдыңғы бөлігіндегі аттас шұңқырда орналасады.
3. Аяқшаралық цистерна, cisterna interpedincularis, ми аяқшалары аралығында жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет