Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Ми қабықтарының жастық ерекшеліктері



бет41/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Ми қабықтарының жастық ерекшеліктері

Мидың қатты қабығының өсінділері нашар дамыған. Қойнаулары салыстырмалы түрде кеңдеу болады. Ересектерге қарағанда қойнаулар көлемдерінің асимметриясы жақсы білінеді. Қойнаулардың құрылымы 10 жастан кейін, ересектердікі сияқты болып қалыптасады.


Торлы қабықастындағы кеңістік және цистерналар салыстырмалы түрде үлкен болады. Сонымен қабықтардың жасқа байланысты айта қаларлықтай ерекшеліктері болмайды.


Торлы құрылым


Торлы құрылымға, formatio reticularis, жұлынның жоғарғы кеуделік және мойындық бөліктерінде, ми діңінде (сопақша ми, көпір, ортаңғы ми және аралық ми ) орналасып, өсінділері көптеген тармақтарға бөлініп - тор құрайтын нерв жасушаларының жиынтығы жатады.
Торлы құрылым жұлынның артқы және латералды мүйіздерінің аралығында; сопақша мидың, көпірдің және ортаңғы мидың дорсалды бөліктерінде; аралық мидың таламусында орналасады. Оның жасушалары пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі болып келеді де, жеке жасушалар түрінде шашырай және ядролар түзіп орналасады.
Ми діңі арқылы арнайы ақпаратты (температура және ауырсынуды сезу және т.с.с.) қабылдайтын, жоғарылаған (афферентті) өткізгіш жолдар өтеді. Олар негізінен ми қыртысының IV қабатында аяқталады. Ми қыртысынан (V қабат, Бэц жасушалары) басталатын төмендеген (эфферентті) пирамидалық жол бассүйек нервтерінің және жұлынның қозғалтқыш ядроларында аяқталады.
Осы аталған арнайы афферентті және эфферентті жолдармен тығыз байланыс түзетін торлы құрылымның да афферентті және эфферентті бөліктері ажыратылады.

Торлы құрылымның арнайы емес афферентті импулстері – арнайы нервтік импулстерді (температура және ауырсынуды сезу және т.б) дұрыс қабылдау үшін – ми қыртысының оңтайлы жағдайын қамтамасыз етеді. Яғни, торлы құрылым ми қыртысына баратын ақпараттарды – импулстерді сұрыптап, жіктеп өткізеді. Оларды күшейтеді не тежейді. Құрылымның қызметі нашарлаған жағдайда мы қыртысының да жұмысы нашарлайды, бұл басқа ағзалардың қызметінің төмендеуіне, көңіл-күйдің нашарлауына, ұйқы басуына және т.с.с. жағдайларға әкеледі. Ми қыртысынан шығып торлы құрылымға баратын эфферентті жол (қыртыс-торлы құрылымдық жол) негізінен маңдайлық үлестен басталып, пирамидалық жолдың құрамында өтеді де, ми діңінің өткізгіш жолдарына – белсендіруші немесе тежеуші әсер етеді.


Торлы құрылым, арнайы өткізгіщ жолдар арқылы өтетін импулстердің күшін күшейтіп не тежеп реттеп отырады, бірақ жұмыс түрін өзгертпейді. Яғни, ішкі ағзалардың қызметі, көңіл-күй, зер салу, есте сақтау сияқты организмнің тағы басқа қызметері торлы құрылымның жағдайына тәуелді болады.
Торлы құрылымның орталық нерв жүйесіндегі қызметін, теледидардың реттегішімен салыстыруға болады: ол, экрандағы бейнені өзгертпейді, бірақ, дыбысты және жарықты күшейтіп немесе азайтып, реттеп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет