Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Төменгі сагитталды қойнау



бет38/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Төменгі сагитталды қойнау, sinus sagittalis inferior, үлкен ми орағының төменгі жиегінде өтеді. Ол артқы жағында тік қойнауға құйылады.
Тік қойнау, sinus rectus, үлкен ми орағының мишық шатырына бекитін жерінде орналасып, көлденең қойнауға құйылады. Оған төменгі сагитталды қойнау және үлкен ми венасы құйылады.
Көлденең қойнау, sinus transversus, мишық шатырының шүйде сүйектегі көлденең қойнаудың жүлгесіне бекіген жерінде орналасқан. Көлденең қойнауға - жоғарғы сагитталды, тік және шүйделік қойнаулардың құйылатын, кеңейген жері - қойнаулық науа, confluens sinuum, деп аталады. Ол шүйделік ішкі шодырға сәйкес келеді.
Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, мишық орағының – шүйде сүйектің ішкі қырына бекіген жерінде орналасады. Ол төмен жүріп, шүйде сүйектің үлкен тесігінің артқы жиегіне келіп, осы тесікті екі жағынан қоршай орналасатын екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар сигматәрізді қойнауларға құйылады.
Сигматәрізді қойнау, sinus sigmoideus, бассүйектің артқы шұңқырындағы аттас - сигматәрізді қойнаудың жүлгесінде жатады. Бұл қойнау көлденең қойнаудың жалғасы болып табылады. Сигматәрізді қойнау мойындырық тесікте ішкі мойындырық венаға, v. jugularis interna, жалғасады. Сонымен, мидан веналық қанды негізінен ішкі мойындырық вена шығарады.
Жоғарыда аталған ірі қойнаулардан басқа, мидың қатты қабығында орналасады:
Үңгірлі қойнау, sinus cavernosus, жұп, бассүйектің ортаңғы шұңқырындағы түрік ертоқымының екі бүйір жағында орналасады. Қойнау арқылы ішкі ұйқы артериясы және бассүйек нервтерінің ІІІ, IV, VI жұптары, V жұп нервтің І тармағы өтеді. Бұл қойнау бір- бірімен айқасып жатқан үңгір тәрізді қуыстардан түзілгендіктен – үңгірлі - деп аталып кеткен. Оң және сол жақтағы үңгірлі қойнаулар өзара - гипофиз құйғышының алдыңғы және артқы жақтарынан өтетін екі көлденең - үңгіраралық қойнаулар, sinus intercavernosi, арқылы байланысады. Үңгірлі қойнауға көздің жоғарғы венасы құйылады.
Сына - шекелік қойнау, sinus sphenoparietalis, сынатәрізді сүйектің кіші қанаттарының артқы жиегінде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет