4.Ауызша сөйлеуді естудің ассоциативтік орталығы ( сөйлеудің акустикалық орталығы, Вернике орталығы) , самайлық жоғарғы қатпардың артқы бөлігінің жоғарғы бетінде, латералды жүлгенің тереңінде орналасқан (42 алаң). Акустикалық орталыққа нерв импулстері есту анализаторының проекциялық орталығынан келеді (жоғарғы самайлық қатпардың ортаңғы бөлігі.) Бұл орталық туғаннан кейін 2-3 айда қалыптаса бастайды. Верника орталығы адамның өз сөзін және басқаның сөзін түсінуін қамтамасыз етеді. Ол зақымданғанда дыбысты есту қабілеті сақталады, бірақ сөзді түсіну қабілеті жоғалады. Басқа адамдар түсініксіз, басқа тілде сөйлеп тұрғандай болып көрінеді. Сондықтан науқас дұрыс сөйлей алмай, сөз сандырағы – сенсорлық афазия пайда болады.
5. Ауызша сөйлеудің ассоциативтік қозғалтқыш орталығы(сөйлеудің артикуляциялық орталығы, Брок орталығы ), маңдайлық төменгі қатпардың артқы үштен бір бөлігінде орналасады (44 алаң). Бұл орталық туғаннан кейін үшінші айда дами бастайды. Орталықта сөйлеуге қатысатын бұлшықеттерден (тілден, көмейден, еріннен, ұрттан, жұтқыншақтан) келетін ақпараттар қабылданып, талданады. Ақпарат бұл жерден орталық алдындағы қатпарға беріледі, одан қыртыс – ядролық (пирамидалық) жол басталады да сөйлеуге қатысатын бұлшықеттерді нервтендіреді.
Бұл аймақ зақымданғанда науқас сөйлеуге қатысатын бұлшықеттерден дұрыс ақпарат ала алмайды, сондықтан сөз айту қабылетін жоғалтады да қимылдық афазия дамиды. Науқастың айтқан сөздері бір-бірімен байланыссыз, түсініксіз болады, бірақ ол дыбыстар шығарып, тіпті өлең айта алатын болады.
6. Жазбаша сөзді көрудің ассоциативтік орталығынемесе лексия орталығы , шекелік төменгі үлесшенің бұрыштық қатпарында,gyrus angularis, орналасады (39 алаң). Бұл орталыққа көру импулсі шүйделік үлестің медиалді бетіндегі топшылық жүлге маңайында орналасқан (17 алаң) көру анализаторының ядросынан келеді. Лексия орталығы үш жастан дамиды бастайды, орталықта әріптерге, сандарға талдау жасалынып, мағынасы түсінікті болады.
Бұрыштық қатпар зақымданғанда науқас жазылған мәтіндегі әріптерді,сандарды және басқа да белгілерді танымайды, яғни оқу қабілетін жоғалтады - алексия. 7. Жазбаша сөздің ассоциативтік қозғалтқыш орталығынемесе графия орталығы, маңдайлық ортаңғықатпардың артқы бөлігінде (40 алаң)орналасады. Даму барысында адамзат сөйлеумен қатар жазуды да үйренді. Жазу үдерісі нәзік, шебер, үйреншікті қимылдарды қажет етеді. Сондықтан да ақпарат бұл ядроға праксия орталығынан (gyrus supramarginalis) түсіп тұрады. Нервтік ақпарат графия орталығынан орталық алдындағы қатпарға, gyrus precentralis, беріледі, одан қыртыс – ядролық (пирамидалық) жол кетеді де, қолдың нәзік, дәл қызметін қамтамасыз етеді.
Графия орталығы бес-алты жастан қалыптаса бастайды.
Бұл орталық зақымданғанда әріптерді, сөздерді және басқа таңбаларды жазуға қажет нәзік және дәл қимылдар жасау қабілеті жоғалады – аграфия. Екінші сигналдық жүйе анализаторлары бір ми сыңарында: оңқай адамда – сол жақтағы ми сыңарыда, солақай адамда – оң жағындағы ми сыңарында дамиды.