Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Проприоцепторлық өткізгіш жолдар



бет45/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Проприоцепторлық өткізгіш жолдар



        1. Саналы проприорецопторлық сезімталдықтың өткізгіш жолы (буылтық - таламус жолы, tractus bulbothalamicus-BNA) үш нейронан тұрады ( 40 – сурет). Бірінші сезімтал нейрондардың денелері жұлын түйінінде жатады. Олардың шеткі өсінділері (дендриттері) қол-аяқтың, тұлғаның және мойынның бұлшықеттерінде, сіңірлерінде, буын қапшықтарында, байламдарында және сүйектерінде орналасқан рецепторлары арқылы дене бөліктерінің орналасу қалпы туралы ақпаратты қабылдайды. Ақпарат (нервтік импулс) сезімтал нейронның орталық өсінділерімен (аксондары) жүріп, артқы түбіршік арқылы жұлынның артқы жіпшесіне өтеді де медиалды орналасқан жіңішке буданы, fasciculus gracilis (Голл будасы) мен латералды орналасқан сынатәрізді буданы, fasciculus cuneatus (Бурдах будасы) түзіп, сопақша миға көтеріледі. Олар осы жерде екінші (аралық) нейрондардан түзілген аттас төмпешіктерде (tuberculum gracile et tuberculum cuneatum) аяқталады.


40 – сурет. Саналы проприорецопторлық сезімталдықтың өткізгіш жолы.


1 – жұлын түйіні; 2 – жұлын; 3 – сынатәрізді буда; 4 – жіңішке буда; 5 – доғатәрізді сыртқы алдыңғы талшықтар; 6 – медиалды ілмек; 7 – таламус – шекелік талшықтар; 8 – таламус; 9 – ортаңғы ми; 10 – көпір; 11 – сопақша ми; 12 - доғатәрізді сыртқы артқы талшықтар.
Жіңішке буданы 19 төменгі жұлын түйіндерінің (1- құйымшақтық, 5 -сегізкөздік, 5 - белдік, 8 – төменгі кеуделік) талшықтары құрайды, яғни бұл жол арқылы аяқтан және тұлғаның төменгі бөлігінен келетін нервтік импулстер өтеді. Сынатәрізді буданы 12 жоғарғы жұлын түйіндерінің (4-жоғарғы кеуделік, 8-мойындық) талшықтары түзеді, яғни ол арқылы тұлғаның жоғарғы бөлігінен, қолдан және мойыннан келетін нервтік импулстер өтеді. Сонымен жіңішке буда жұлынның төменгі және ортаңғы бөліктерінде орналасса, сынатәрізді буда кеуделік төртінші сегменттен басталып, оның жоғарғы жағында орналасады.
Екінші нейронның аксондары оливааралық кеңістікте қарсы жаққа өтіп, медиалды ілмекті, lemniscus medialis, түзеді. Екінші нейрондар аксондарының бір-бірімен оливааралық кеңістікте қиылысатын жері - медиалды ілмектер қиылысы, decussatio lemniscorum medialium, деп аталады. Осы қиылыстың - ішкі доғатәрізді талшықтар, fibrae arcuatae internae, деген екінші атауы бар.
Медиалды ілмек көпірдің артқы бөлігі, ортаңғы мидың жамылғысы арқылы жоғары көтеріліп таламустың вентралды-латералды ядросындағы үшінші нейрондарда аяқталады.
Үшінші нейрондар аксондары ішкі қапшықтың, capsula interna, артқы аяқшасы арқылы өтіп, үлкен ми сыңарының орталықалдындағы қатпарында, gyrus precentralis, және орталықартындағы қатпарында, gyrus postcentralis, аяқталады.
Саналы пропиоцепторлық сезімталдық зақымданғанда тірек-қимыл мүшелерінің жағдайы мен дене бөліктерінің кеңістіктегі қалпы туралы миға келетін ақпарат бұзылып, дене қимылының үйлесімділігі жойылады . Бұл құбылыс – атаксия деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет