Медиалдыбойлық буда Медиалды бойлық буда, fasciculus longitudinalis medialis, көз алмасының көлденең жолақты бұлшықеттерін нервтендіретін ІІІ, ІV, VІ жұп нервтердің қозғалтқыш ядролары мен мойын бұлшықеттерін нервтендіретін ХІ нервтің ядросын, сонымен қатар жұлынның мойындық сегменттерінің қозғалтқыш ядролары және тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатынасатын VІІІ жұп нервтің сезімтал ядроларын бір-бірімен байланыстырып тұратын өткізгіш жолдардан түзіледі. Бұл жол дене тепе-теңдікті сақтап тұруға қажетті – көз алмасы мен бастың өзара үйлесімді қимылын қамтамасыз етеді. Медиалды бойлық буда ортаңғы мида – орталық сұр заттың астында, көпірдің артқы бөлігінде, сопақша мидың алдыңғы бөлігінде және жұлынның мойындық бөлігінің алдыңғы жіпшесінде орналасады.
Артқы бойлық буда Артқы бойлық буда, fasciculus longitudinalis dorsalis, орталық нерв жүйесінің вегетативтік (автономдық) орталықтарын өзара байланыстырып тұратын жүйе.
Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдардан тұратын бұл буда, ми мен жұлында орналасқан – парасимпатикалық және симпатикалық ядролардың қызметтерін үйлестіріп отырады. Сонымен, ортаңғы мида орналасқан n.oculomotorius-тың парасимпатикалыққосымша (Якубович) ядросы; көпірдегі n.facialis-тің парасимпатикалық жоғарғысілекей бөлетін ядросы; сопақша мидағы n.glossapharyngeus-тің парасимпатикалық төменгі сілекей бөлетін ядросы және n. vagus-тың парасимпатикалық артқы (дорсалды)ядросы; жұлынның бүйір мүйізінде (CVIII, ThI-XII, LII-III) орналасқан симпатикалық латералды аралық ядролар мен жұлынның сегізкөздік II-IV сегменттерінде орналасқан парасимпатикалық ядролар – артқы бойлық буда арқылы бір-бірімен байланыста болады.
Артқы және медиалды бойлық будалар да өзара қатынаста болады. Мысалы, дене тепе-теңдігі бұзылып бас айналған жағдайда (вестибулалық бұзылыс), вегетативтік бұзылыстар (жүрек айну, құсу, ауыз кеуіп қалу және т.б.) қатар жүреді.