Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Жұлыннан басталатын жоғарылаған (афферентті) өткізгіш жолдар



бет43/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Жұлыннан басталатын жоғарылаған (афферентті) өткізгіш жолдар
Жоғарылаған өткізгіш жолдар түрлі рецепторлардан басталуына байланысты: 1) экстероцепторлық; 2) проприоцепторлық және 3) интероцепторлық – деп, үш топқа бөлінеді.


Экстероцепторлық өткізгіш жолдар
Экстероцепторлық өткізгіш жолдар тері және сезім ағзалары (көру, есту, дәм сезу және иіс сезу ағзалары) арқылы сыртқы ортадан қабылданатын импулстерді үлкен ми қыртысына жеткізеді.


Ауырсыну және температура сезімталдығының өткізгіш жолы, жұлын-таламустық латералды жол, tractus spinothalamicus lateralis, деп аталады ( 39 – сурет ) . Бұл өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші, сезімтал нейронның денесі жұлын түйінінде жатады, оның шеткі ұзын өсіндісі (дендриті) теріде орналасқан рецепторы арқылы – ауырсыну және температура сезімін қабылдап, орталық қысқа өсіндісі (аксоны) арқылы – жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші, аралық нейронға (nuclei proprii) жеткізеді. Сезімтал нейрондардың орталық өсінділері жұлынның артқы түбіршігін түзеді. Екінші нейронның аксоны жұлынның қарсы жағына ақ дәнекер, comissura alba, құрамында 2-3 сегмент жоғары көтеріліп, бүйір жіпшеге өтеді де, жұлын-таламустық латералды жолды түзеді. Бұл жол жоғары көтеріліп – сопақша мидың, көпірдің артқы бөліктері, ортаңғы мидың жамылғысы – арқылы өтеді де, үшінші, аралық нейрон жататын таламусқа келеді. Үшінші нейрондардың аксондары ішкі қапшықтың, capsula interna, артқы аяқшасы арқылы өтіп, үлкен ми сыңарының қыртысындағы орталық артындағы қатпарда, gyrus postcentralis, аяқталады. Жұлын-таламустық латералды жолдың алдыңғы бөлігі арқылы – ауырсыну, артқы бөлігі арқылы – температура сезімталдығы беріледі.
Жоғарыда көрсетілгендей, бұл жол жұлынның қарсы жағына өтеді, сондықтан жұлынның бір жартысы зақымданғанда, дененің қарсы жағындағы, зақымданған жерден төмен орналасқан бөлігінде ауырсыну және температура сезімталдығы толығымен жойылады.

39 – сурет. Ауырсыну және температура сезімталдығының ( жұлын – таламустық латералды жол ), жанасу және қысым сезімталдығының (жұлын-таламустық алдыңғы жол ) өткізгіш жолдары.


1 - жұлын – таламустық латералды жол; 2 - жұлын-таламустық алдыңғы жол; 3 – таламус; 4 – латералды ілмек; 5 – ортанғы мидың көлденең кесіндісі; 6 – көпірдің көлденең кесіндісі; 7 - сопақша мидың көлденең кесіндісі; 8 – жұлын түйіні; 9 – жұлынның көлденең кесіндісі.

Бассүйек нервтері арқылы нервтенетін бас терісінен келетін ауырсыну және температура сезімталдығының өткізгіш жолы V, VII, X жұп нервтер құрамында өтіп олардың сезімтал ядроларына аяқталады. Бұл жерден таламусқа барады, одан жоғары көтеріліп, gyrus postcentralis -те аяқталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет