Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Жанасу және қысым (тактилдік) сезімталдығының өткізгіш жолы



бет44/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104
2. Жанасу және қысым (тактилдік) сезімталдығының өткізгіш жолы, жұлын-таламустық алдыңғы жол, tractus spinothalamicus anterior, деп аталады( 39 – сурет ). Бұл өткізгіш жол да үш нейроннан түзілген. Бірінші, сезімтал нейронның денесі жұлын түйінінде жатады, оның шеткі ұзын өсінділері (дендриттері) теріде орналасқан экстероцепторлары арқылы жанасу және қысым сезімін (ақпаратты) қабылдап, нервтік импулсті қысқа орталық өсінділеріне (аксондарына) өткізеді. Олар артқы түбіршік құрамында жұлынға келіп екіге бөлінеді. Бірінші, негізгі бөлігі артқы мүйіздегі екінші, аралық нейрондарда (сілікпетәрізді ядрода, substantia gelatinosa) аяқталады. Екінші, аралық нейронның аксондары, ақ дәнекер, comissura alba, арқылы жұлынның қарсы жағына 2-3 сегментке жоғары көтеріліп – алдыңғы жіпшеге өтеді. Бұл жол жоғары көтеріліп – сопақша мидың, көпірдің артқы бөліктері, ортаңғы мидың жамылғысы – арқылы өтіп таламустағы үшінші, аралық нейрондарда аяқталады.
Сопақша мидың оливасынан жоғары бұл жол жұлын-таламустық латералды жолмен қатар жүреді де, екеуіжұлын ілмегі, lemniscus spinalis, деген екінші атауға ие болады.
Үшінші нейрон талшықтары (аксондары) ішкі қапшықтың, capsula interna, артқы аяқшасы арқылы өтіп, үлкен ми сыңарының орталық артындағы қатпарында, gyrus postcentralis, аяқталады.
Жанасу және қысым (тактилдік) сезімталдығының өткізгіш жолының сезімтал нейрондардың орталық өсінділерінің екінші бөлігі, жұлынның артқы жіпшесіне өтіп, саналы проприоцептивтік сезімталдықтың өткізгіш жолына (жіңішке және сынатәрізді жолдар) қосылады да жоғары көтеріліп, сопақша мидағы жіңішке және сынатәрізді ядролардағы екінші (аралық) нейрондарда аяқталады. Екінші нейрондардың аксондары қарсы жаққа өтіп, медиалды ілмектің (саналы проприоцевтивтік жол) құрамында таламусқа келеді. Таламустағы үшінші нейрон талшықтары таламус-қартыстық жолды, tractus thalamocorticalis, түзеді де, ішкі қапшықтың, capsula interna, артқы аяқшасы арқылы өтіп, үлкен ми сыңарының орталық артындағы қатпарында, gyrus postcentralis, аз бөлігі (5-10%) шекелік жоғарғы үлесшеде, lobulus parietalis superior, аяқталады.
Жұлынның бір жағы зақымданғанда, жанасу және қысым сезу сезімталдығы дененің екінші жағында толығымен бұзылмайды, өйткені ол жақта - қиылыспай, артқы жіпше арқылы өтетін жол орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет