Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет58/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Кірпіктік түйін, ganglion ciliare, ұзындығы 1,5 мм шамасында, көзұяның артқы бөлігінде, көру нервінің латералды жағында орналасады. Түйін екінші парасимпатикалық нейрондардан түзілген. Бірінші нейрондар ортаңғы мидағы көз қозғалтқыш нервтің қосымша (Якубович) ядросында жатады. Түйіннен шығатын кірпіктік қысқа нервтер, nervi ciliares breves, көз алмасының қарашықты қысатын бұлшықет пен кірпікті бұлшықетті (аккомодацияны қамтамасыз етеді) нервтендіреді.
Жоғарғы жақсүйек нерві, n.maxillaris, үштік түйіннен шыққаннан кейін қабықтық тармақты, r. meningeus, береді. Ол бассүйектің ортаңғы шұңқырындағы мидың қатты қабығын нервтендіреді. Жоғарғы жақсүйек нерві бассүйек ішінен дөңгелек тесік арқылы қанат - таңдай шұңқырына еніп: көзұяастылық нерв, бетсүйек нерві және түйіндік тармақтарға бөлінеді.
1. Көзұяастылық нерв, n. infraorbitalis, жоғарғы жақсүйек нервінің одан түйіндік тармақтар кеткеннен кейінгі жалғасы болып табылады. Бұл нерв көзұяның төменгі саңылауы арқылы көзұяға кіріп көзұяастылық жүлгеде, одан көзұяастылық өзекте орналасады да, көзұяастылық тесік арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне шығады. Көзұяастылық нервтенен жоғарғы ұяшықтық нервтер, nn. alveolares superiores, кетеді. Бұл нервтердің үш тобы ажыратылады: а) жоғарғы ұяшықтық артқы тармақтар, rr. alveolares superiores posteriores, көзұяастылық нервтен қанат-таңдай шұңқырында кетеді. Олар жоғарғы жақсүйек төмпесіндегі аттас тесіктер арқылы өтіп, жоғарғы үш үлкен азу тістерді нервтендіреді;
ә) жоғарғы ұяшықтық ортаңғы тармақ, r. alveolaris superior medius, көзұяасты нервісінен көзұяасты жүлгесінде кетеді де жоғарғы кіші азу тістерді нервтендіреді; б) жоғарғы ұяшықтық алдыңғы тармақтар, rr. alveolares superiores anteriores, көзұяастылық нервтен көзұяастылық өзектің алдыңғы бөлігінде кетеді де жоғарғы күрек тістер мен ит тісті нервтендіреді.
Жоғарғы ұяшықтық нервтердің тармақтары бір-бірімен қосылып, жоғарғы тістік өрімді, plexus dentalis superior, түзеді. Олардан тістер мен қызылиекті нервтендіретін жоғарғы тістік тармақтар, rr.dentales superiores және жоғарғы қызылиектік тармақтар, rr. gingivales superiores, кетеді.
Нерв көзұядан жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне көзұяастылық тесік арқылы шығып ит тістік шұңқыр аймағында бірнеше тармақтарға бөлініп, төменгі қабақтың, мұрынның және жоғарғы еріннің терілерін нервтендіреді.
2. Бетсүйек нерві, n. zygomaticus, жоғарғы жақсүйек нервінен қанат-таңдай шұңқырында басталып, көзұяның төменгі саңылауы арқылы көзұяға кіреді. Осы жерде көзжас нервіне дәнекер тармақ береді. Бұл тармақтың құрамында қанат-таңдай түйінінен көзжас безіне баратын парасимпатикалық түйінненкейінгі тармақтар өтеді. Одан кейін бетсүйек нерві самай, бетсүйек пен ұрт аймақтарының терісін нервтендіреді.
3. Түйіндік тармақтар, rr. ganglionares, жоғарғы жақсүйек нерві мен парасимпатикалық қанат-таңдай түйінін байланыстырып тұрады. Бұл тармақтадың құрамында n. maxillaris-тен сезімтал талшықтар ganglion pterygopalatinum-ге ал, ganglion pterygopalatinum-нан парасимпатикалық түйінненкейінгі тармақтар n. maxillaris-ке өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет