Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет57/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Көз нерві, n. ophthalmicus, Гассер түйінінен басталып ІІІ және ІV - жұп бассүйек нервтерімен бірге көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы көзұяға өтеді. Бұл нервтен көзұяға дейін мишықтың шатырын нервтендіретін қабықтық тармақ, r. meningeus, кетеді. Нерв көзұяда үш тармаққа: мұрын – кірпіктік, көз жас және маңдай нервтеріне бөлінеді (47 – сурет).

47 – сурет. Көз нерві және басқа нервтер.
1 – маңдайлық нерв; 2 – көз жастық нерв; 3 – әкететін нерв; 4 – көз нерві; 5 – жоғарғы жақсүйек нерві; 6 –төменгі жақсүйек нерві; 7 – үштік түйін; 8 – көз қозғалтқыш нерв; 9 –көру нерві; 10 – шығыршық нерві; 11 – мұрын кірпіктік нерв;

1. Көзжас нерві, n.lacrimalis, көзұяда ең латералды орналасқан нерв, ол көзжас безінің және көздің латералды бұрышының терісі мен конъюнктивасының сезімтал нервтенуін қамтамасыз етеді.


Қанат - таңдай түйінінде орналасқан екінші парасимпатикалық нейрондардың аксондарынан түзілген түйінненкейінгі тармақтар – осы түйіннен кететін түйіндік тармақтардың, rr. ganglionares, құрамында жоғарғы жақсүйек нервіне қосылады. Одан кейін бетсүйек нервінің, n. zygomaticus, құрамында көзжас нервіне қосылады. Бұл парасимпатикалық тармақтар көзжас безінің қызметін қамтамасыз етеді.
2. Маңдай нерві, n.frontalis, көзұяның жоғарғы қабырғасының астымен жүріп, екіге бөлінеді. Бірінші тармағы, көзұяүстілік нерв, n.supraorbitalis, көзұяүстілік тілік арқылы шығып медиалды және латералды тармақтарға бөлінеді де, маңдай терісін нервтендіреді. Екінші тармағы, шығыршық үстілік нерв, n. supratrochlearis, жоғарғы қиғаш бұлшықет шығыршығының үстімен өтеді де мұрын түбірінің, маңдайдың төменгі бөлігінің терісін, көздің медиалды бұрышының терісі мен конъюнктивасын нервтендіреді.
3 Мұрын – кірпіктік нерв, n.nasociliaris, көз алмасының медиалды тік және жоғарғы қиғаш бұлшықеттерінің арасында орналасады. Оның тармақтары:
1) Артқы және алдыңғы торлы нервтер, nn. ethmoidales posterior et anterior - торлы сүйек ұяшықтарының шырышты қабығын және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің шырышты қабығын нервтендіреді;
2) Кірпіктік ұзын нервтер, nn.ciliares longi, – көз алмасының ақ және тамырлы қабықтарын нервтендіреді;
3) Шығыршықастылық нерв, n. infratrochlearis – көздің жоғарғы қиғаш бұлшықетінің астымен жүріп, көздің медиалды бұрышы мен мұрын түбірінің терісін және көзжас қабын нервтендіреді;
4) Кірпіктік түйінге баратын дәнекер тармақ, ramus communicans cum ganglio ciliari, арқылы нерв талшықтары кірпіктік түйінге келеді де, одан шығатын 15 - 20 кірпіктік қысқа нервтердің, nn.ciliares breves, құрамында көз алмасын сезімтал нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет