Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Кезбе нервтің кеуделік бөлігінің тармақтары



бет103/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Кезбе нервтің кеуделік бөлігінің тармақтары. Жүректің кеуделік тармақтары, rr.cardiaci thoracici, аралас, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан түзіліп, жүрек өрімін түзуге қатысады.
Кеңірдектік және бронхтық тармақтар, rr.tracheales et bronchiales, симпатикалық нервтермен бірге өкпе өрімін, plexus pulmonalis, түзіп, кеңірдек пен бронхтардың шырышты қабығын, бездерін және біріңғай салалы бұлшықеттерін нервтендіреді.
Өңештік тармақтар, rr.oesophagei, кезбе нервтің оң және сол діңдері (сабаулары) түзетін өңеш өрімінен кетеді де - өңештің шырышты қабығын, бездерін және біріңғай салалы бұлшықеттерін нервтендіреді.
Кезбе нервтің іштік бөлігі. Өңеш өрімінің төменгі бөлігі жоғарыда аталғандай алдыңғы және артқы діңдерді, trunci vagales anterior et posterior, түзіп іш қуысына өтеді.
Кезбе нервтің іштік бөлігі тікелей асқазанды нервтендіріп, құрсақ өрімін түзуге қатысады. Құрсақ өрімінен түйінгедейінгі парасимпатикалық тармақтар кетеді. Олар ағзаларға баратын тамырларды қоршай орналасып, аттас өрімдер түзеді немесе тікелей барып: бауырды,көкбауырды, ұйқы безін, бүйректі, аш (жіңішке) ішекті, тоқ (жуан) ішектің бөліктері: соқыр ішекті,жоғарылаған және көлденең жиек ішекті нервтендіреді.
Тоқ ішектің қалған бөліктеріне жұлынның сегізкөздік бөліген шығатын парасимпатикалық нервтер келеді. Олар ішек қабырғасының ішінде: шырышастылық, бұлшықеттік қабығының сыртқы және ішкі қабаттарының арасында орналасқан – бұлшықетаралық және сірліастылық қабырғаішілік(интрамуралды) өрімдер түзеді.


Парасимпатикалық нерв жүйесінің жұлындық (сегізкөздік) бөлігінің нервтері
Парасимпатикалық нерв жүйесінің жұлындағы орталығы, парасимпатикалық сегізкөздік ядролар,nuclei parasympathici sacrales, II – IV сегізкөздік сегменттердің латералды аралық затында, substantia intermedia lateralis, орналасқан. Бұл ядролардан шығатын

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет