Бұл жануарда қандай мінез-құлық бұзылыстары байқалады?
Жауап: Атония (дене еттері тонусының тӛмендеуі). Астения (дене еттері күшінің тӛмендеуі).
Астазия (теңселу, шайқалу). Асинергия (синхрондық бұзылыстар).
Атаксия (мас адамның жүрісі, бағытталған қимылдың бұзылысы). Адиадохокинез (сәйкес қимыл әрекеттері орындалмайды).
Мишық қандай қызметтер атқарады?
Жауап: Дене тұрысының және бұлшықет тонусының реттелуі; баяу, мақсатты қозғалыстарды түзету және оларды қалыпты дене тұрысын сақтау рефлекстерімен үйлестіру; қимылдардың жалпы бағдарламасының құрылымында ми қыртысының командалары бойынша жылдам, мақсатты қозғалыстарды дұрыс орындау; вегетативті функцияларды реттеуге қатысу.
Мишық мидың қандай құрылымдарымен байланысты және осы байланыстардың функционалдық маңызы неде?
Жауап: Ол жұлынмен торлы құрылым, қызыл ядро, Дейтерс ядролары арқылы байланысқан. Қызыл ядро дене мен аяқ-қол еттерінің тонусын реттеу (децеребрациялық тырысу). Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсерлер және тӛменге бағытталған тежеуші әсерлер.
2 есеп.
Эксперименталды жануарда ми бағанасын кӛлденең кескенде децеребрациялық сіресу күйі байқалады.
Сұрақтар:
Бұл күй қалай сипатталынадыі?
Жауап: Децеребрациялық сіреу күйінде дененің және аяқ-қолдардың, жалпы түгел қаңқа бұлшықеттерінің тонусының жоғарылауымен жәнде жазылу еттері ширығып, қатайып қалуымен байқалады.
Кӛрсетілген күйді алу үшін қандай құрылымдардың арасын кесу керек?
Жауап: Дейтерс ядросын коагуляция жасап бұзса децеребрациялық сіресу жойылады,Сонымен қатар жұлынның артқы түбірін кесіп тастаса да кӛрсетілген күй жойылады.
Децеребрациялық сіресу қандай механизмдерге негізделген?
Жауап: Қызыл ядролардан тӛмен мидың кӛлденең кесу қызыл ядролардың жұлынның сегменттік аппаратына ингибиторлық әсерін жоюға әкеледі. Бұл механизм Манаков будағы және Дейтерс ядросына негізделген.
3 есеп.
Емханаға сопақша ми құрылымдарына қан кетуімен науқас түсті.