Нормативтік сілтемелер қазақстан Республикасының «Білім туралы»


-кесте Ойын процесінде адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жүйесі



бет14/20
Дата05.05.2023
өлшемі222,83 Kb.
#90299
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
2-кесте Ойын процесінде адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жүйесі

Ойындардың аталуы

Ойындардың топтастырылуы




«Санамақ», «Торғай мен бұтақ», «Ойлан, тап»

Балалардың зейінін, сезімталдығын өзіндік «Мен» бейнесін қалыптастыру




«Балықшылар», «»Екі аяз», «Хабаршы», «Сұр мысық», «Соқыр бүркіт», «Аңшылар», «Күн мен түн».

Балаларды кәсіп иелерінің еңбегі және еңбек құралдарын атап айтып, оларды пайдалану жолдарымен таныстыру, олардың еңбегін құрметтеу сезіміне тәрбиелеу.




«Тақия тастамақ», «Белбеу тастау», «Дәрігер», «Кетті, кетті орамал» .

Игілікті еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру, кішіпейілдік, қамқорлық сияқты қасиеттерді жете түсіндіру.

«Жергілікте», «Қаламақ», «Соқыр теке», «Трамвайда»

Балалардың қоғамдық көлікте жүргенде әдепті, кішіпейіл болуға, үлкендерге орын беруді ескертусіз орындауға уйрету имандылықты тәрбиелеу.

«Жайлауда»,«Орамал»,«Орнынды тап», «Дауысынан біл».

Балаларды ынтымақтастық идея арқылы достыққа, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

«Шаштараз», «Қаламақ», «Соқыр теке», «Сыпайылар қаласы».

Балалардың достық, гумандық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту.

«Аяз ағаның фабрикасы», «Пошта».

Бауырмалдық, ұйымшылдықпен жұмыс істей білуге баулу.

«Жайлауда»,«Әжеге қонаққа барамыз», «Бізге жаңадан бала келді».

Балаларды әдептілікке, сыпайыгершілікке тәрбиелеу.

Эксперимент жұмысы үш кезенде (анықтау, қалыптастыру, тексеру) өткізідім. Экспериментке барлығы 130 оқушы (эксперимент, бақылау сыныптары) қатысты. Анықтаушы эксперимент барысында бірнеше ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда; әңгіме, сүрак-жауап, анкета, тапсырма беру. Бұл анықтаушы эксперименттің негізгі мақсаты: математика, сурет және т.б. сабақтарда оқушылардың ұжымға, бөгде адамдарға, досына деген қарым-қатынасын білдіретін ойындарды пайдалану арқылы балалардың білім, іскерлік дағды-деңгейлерін дамытуға бағытталған болатын. Әрине, жоғарыда айтып кеткендей, құқық бұзушылықтың биік шыңы кылмыстың баспалдағын «аттаған» бұндай жасөспірімдер (9-13) қандай жаза қолдану керектігі тез арада шешуді қажет ететін шараларды керек етеді. Отбасы - жасөспірімдерді тәрбиелеудің қайнар көзі. Оқушылардың құқық тәртібін бұзушылығын әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан талдау үлкен орын алады. Яғни, жас «қылмыскердің» құқық бұзушылығына себеп болған жағдайларға ғылыми тұрғыда қарап, ғылыми тұрғыдан баға беру, шешілмеген шешу - ғалымдардың яғни, біздердің міндетіміз. Жалпы баланың қалыптасу кезеңінде оған әртүрлі жағдайлар мен факторлар әсер етсе, ол ең алдымен оның көзқарасына, қызығушылығына, икемділігіне өз нәтижесін беріп, қатынас, сезім, көңіл күйді қалыптастырады. Осылардың деңгейінде бала бойында белгілі бір сипаттық белгілер мен жеке басының жақсы, жаман жақтары дамиды. Баланың дамуы болып қалыптасуы ең алдымен отбасына байланысты. Отбасы бала өмірінің жағдайын тудыратын, реттейтін орта болғандықтан, ол әртүрлі таңданыс пен өкініштердің қайнар көзі ретінде жат қылықтардан жирендіретін, дұрыс жолға бағыттап, басқаратын күш, өмірдегі тірек және де алғаш тәрбиелік орта болып табылады. Көптеген өмірде болып жататын жағдайлар құқық бұзушы балалар мен олардың ата-анасынан бақылағанда, отбасы жағдайының жалпы келеңсіз жақтары, отбасы тәрбиесінің бұзылуы баланың жанына қатты әсер еткенін, оның тәртіп жағынан құлдырап, құқық бұзуға дейін әкелгенін дәлелдеп берді. Бастауыш сынып оқушыларының өсуіне, тәртібіне, мінезінің қалыптасуына жоғарыда айтып кеткендей, отбасы тәрбиесі зор, осыған орай А,М.Реметина «Баланы адам етіп қалыптастыру бастамасы ең кішкентай әлеуметтік орта - отбасында жүзеге асады» деген болатын. Отбасы тәрбиесінің жеткіліксіздігі кейбір жеке ата-ананың кінәсінен емес қайта отбасы жағдайының әртүрлі сәттерінің әсер етуінің жиынтығына байланысты. Отбасы санында, материалдық-әлеуметтік және мәдени әлеуметтік, жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа, отбасы тәрбиесінің бала өміріне өзіндік өркениеті із салуы оның мінез-құлқына, жалпы тәртібіне өзгеріс әкелуі - отбасының толык болмауы. Педагогикалық тәжірибелермен бақылаулар көрсеткендей, баланың тәрбиесі мен қалыпты дамуы үшін толық отбасы қажет, яғни баланың әкесі мен шешесіне мейірімділікпен, сыйлампаздықпен қарауы үшін толық отбасы ауадай қажет. Сонымен тәртіп бұзушылыққа, ішімдікке, темекі тартуға ерте жастан әуестенген балалардың көпшілігі осындай жарты отбасынан шыққан екен. Көптеген толық емес отбасында тәрбиелену тек қалған ананың немесе әкенің үлесіне тиетіндіктен, тәрбиелеудегі барлық ауыртпашылық соған ғана түседі. Соның нәтижесінде отбасында педагогикалық талаптар мен тәрбиелік шаралардың құлдырауы пайда болып, оқушыларға деген әлеуметтік бақылау төмендейді [45]. Бұл әсіресе көп уақытын жұмыста өткізетін, жалғыз анасы бар отбасы жағдайынан айқын сезіледі. Анасы жұмыста болғандықтан, ол үнемі өзімен-өзі қалады, олай болса, оған анасының көңіл бөлмеуі, уақытының аз болуы, болса да, шаршауы қатты әсер етіп, қандай жұмыс болса да, ол бала өзіне уақытында көмек беретін адамды таба алмайтын дәрежеге жетеді. Осылайша, бірте-бірте анасының ықпалы жоғала бастаған бала тығыз байланыстан айырылып, оның отбасынан бөлінуі басталады. Осындай жайттарға байланысты А.С. Макаренко «Қараусыз балалардың жағдайы жетім, балаларға қарағанда, көп жағдайда күрделі де қауіпті» деген болатын. Оқушылардың құқық бұзуына қатты әсер ететін тағы бір жағдай ата-ананың айырылысуы оның іштей қатты күйзелісіне, сабаққа деген ықыласын жоғалтуына алып келеді. Отбасы құрамының өзгеруі, отбасының ішіндегі ауыр қарым-қатынас ара-тұра болып қалатын айқай-шу - оның бүкіл өмірін өзгертіп, нәтижесінде тез ашуланғыш болуын, тәртібінің нашарлауын, нерв жүйесінің өзгеруін, мінезінің ашуланғыш болуын қалыптастырады. Отбасында орнаған жағдай, ата-анасын айырылысуы осылайша, оқушыларды қатты күйзелтеді. Ата-ананың некесінің дұрыс болмауы, олардың бір-біріне реніші, күнделікті ұрыс, төбелес - баланың дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жағдайда бала - ата-ананың қайсысы дұрыс айтып тұрғанын, қайсысын қолдау керектігін білмей дағдарады оған себеп, ата-анасының әрқайсысы өздерінікін жөн санайтындығы. Бұндайды көрген бала ата-анаға деген махаббатын жоғалтып, немқұрайлы қарауды дағдыға айналдыра бастайды. Осыдан барып, олардың бойында өзін қорғау формасы ретінде, сөз айтқан адамға тіке жауап беру, өшпенділік мінез көрсету секілді әдеттер пайда болады. Көптеген балалар үйде аз болуға, ата-анасы, туыстарымен кездесуден қашуға бейімделіп, жалғыз күй кешеді. Бұндай балалардың елдің ықпалына тез көніп, құқық бұзу жолына тез түсетіні сондықтан [46]. Отбасындағы келеңсіз жағдайлар, одан кейін мектепте де өзіне жақын адамдармен қақтығысқа түсуіне алып келеді, бұл баланы одан әрі қатайта түседі. Аяғында бұндай балалардың сабағын тастап, жаман жолға түскен топ балаларымен достасып, сол топқа кіруге мәжбүр болады, олардың 60 пайызы осылайша құқық бұзу жолын таңдайды. Айырылысу кезінде ата-ана баланы бөлуге дейін барады, анасы өзіне тартса, әкесі өзіне тартады. Екеуінде қимаған бала дел-сал күйге түсері сөзсіз. Немесе ата-анасы айырылысып кеткеннен кейін отбасында жаңа отбасы мүшелері пайда болады, яғни, әкесі, шешесі, балалар. Жаңа жанұя құқықтарын бірден түсіне алмай, өзін де сол ортаға бейімдей алмай күйзеледі, оған себеп, оның санасынан туған анасының немесе әкесінің мейірімі кетпей ұмыта алмауы. Сондықтан да, ол жаңа отбасы мүшелеріне сенімсіз көзқараспен қарап, олардың өтінішін, талап-тілектерін тындамай, қандай да болса тәрбиелік шараларға қарсылық білдіреді. Көбі жаңа ата-анасының тәрбиесіне үзілді-кесілді қарсы шығады. Қалай болса да, өзінің дұрыс істегенін дәлелдеуге тырысады, сөйтіп, бір беткейлігімен, мінез көрсетумен жаңа ата-анасымен ұрсысуға дейін барады. Отбасында орнаған жайсыз жағдай баланың үйден кетіп, кезбелікке түсуіне жол ашады. Кезбелікке түсіп, ұзақ жол жүрген, тамақ ішкісі келген баланың неге болса да ілесіп кетуі ықтимал. Олардың ересектер ықпалына тез еруі, қоғамға жат әрекет істеумен шұғылданатын топтарға кіруі, ұрлық істеуі, адам тонауы, бір сөзбен айтқанда, құқық тәртібін бұзуын осы кезде жүзеге асырады. Көп жағдайда ата-ана баласының үйден кетіп қалғанын білдірмейді, ол жайында мектеп басшылығына айтумен шектелетін ата-аналарда баршылық, олар баланың үйден кетіп қалғанын, кезбелікке түскенін ең алдымен мектепке емес, құқық қорғау орындарына хабарлауы керек екенін ойламайды. Мәселен, материалдық-әлеуметтік жағдайдың жанұяда жоғары дәрежеде болуы - баланың жан-жақты дамуына жол ашады. Бұған керісінше, тұрмыс жағдайының жетіспеушілігі баланың әлеуметтік ортамен байланысын қалыптастыруды төмендетіп, тәртібіне, өсуіне зиянын тигізеді. Көптеген тәжірибе лер көрсеткендей, көп ата-ана бала тәрбиесіне аз көңіл бөледі. Көптеген ата-ана мектепке бармайды, сынып жетекшісі мен мүғалімдермен байланысын, баласының қалай оқып жүргенін, оқу үлгерімін сұрамайды. Енді бір ата-аналар мұғалімдерге құрметпен қарамайды. Оған қоса бала тәрбиесімен мектеп айналысады деп есептейді. Ешкімнің бақылауынсыз қалған балаға бұл әрекеттер үйреншікті әдетке айналғандықтан, ол бірте-бірте ата-ана бақылауынан мүлдем кетеді. Ата-ана бақылауынсыз күй кешкен баланың тағы да құқық бұзуына себеп болар жағдай осындайдан туындайды [47]. Бірталай отбасында сабақ қарауға, белгілі бір іспен айналысуға жағдай жоқ, нақты сабаққа дайындалатын орынның жоқтығы, қажетті оқу кітаптарының болмауы, көркем әдебиет, дене тәрбиесімен айналысатын қажетті спорт құралдарының болмауы да, баланың бос уақытын көбейтіп, бос жүріске түсіріп, жаңа достар табуына, олардың ықпалы мен құқық бұзуына себепші болады. Сонымен, ата-ананың балаға қалай болса солай қарауы, оларға деген әке-шешелік жауапкершілігін сезінбеуі, ішімдікке салынуы, өзін қалай болса солай ұстауы бәрі-бәрі жасөспірімнің құқық бұзуына жол ашады. Құқық бұзуына себеп болатын тағы бір жағдай - қоршаған орта. Баланы қоршаған орта ретінде оның аулада, көшеде, мектепте қоршаған балаларды айтуға болады. Мінезінің өзгеруі - тәртіп ережесі мен өлшемін меңгеріп, өздерін қоғамның толық мүшесі санаған аздаған топ (референттік топ) әсерінің нәтижесі. Мектептен тыс уақытта көптеген оқушылар ата-анасының қарауынсыз болғандықтан, бақылаусыз өмір кешеді. Бұндай баланың мектептегі сабаққа бармауы, немқұрайлылығы осы бақылаусыздықтан шығады десек, артық айтқандық емес. Сонымен қатар, ондай балалар көбінесе сыныпта «қиын» балаға, тәрбиеленуі қиындық туғызатын балаға айналады, осындай жағдайларды болғызбаудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздестіру біздің ғылыми жұмысымыздың арқауы болып отыр [48]. Қоғамдағы тәртіп дұрыс болу үшін, келешек дұрыс болуы үшін, балалардың бойында ізгілікті, парасаттылықты бойына сіңіру үшін, әрине, жаңа материалдар ұсыну, өмір тәжірибесінен алынған нақыл сөздерді ұсыну қажеттілігі болып отыр. Р.К.Төлеубаеваның диссертациялық еңбегінде былай делінген: «Адамгершілік сана - адамгерщілік сенімді, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды». «Адамгершілік қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы адамгершілік тәрбиесін пайдаланбай өмір сүрген емес». Е.А.Урунбасарованың диссертациялық еңбегінде «Адамгершілік тәрбиесінің мүмкіншілігін сынып жетекшілерінің жұмысында екі бағытты көрсетіледі». Олар: 1. Оқушылардың адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мынадай жұмыс формаларын ұсынады. Олар: эпикалық әңгіме, баяндама және дәріс, диспуттар, конференциялар.
2. Сынып жетекшісінің қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастыру бағыты.
Мәселен, Байжанова Ғалия (ізденуші) өзінің «Нашақорлықтың алдын алайық» атты мақаласында нашақорлармен жүргізілетін әрбір жұмыстардың бағытын көрсетеді. Олар:
- қоғамға, оқушыға және оның отбасына қандай қауіп төніп түрғанын түсінуі, сезінуі;
- оқушының мінез-құлқын жақсы білуі және оның өзіне деген көзқарасын қалыптастыруы;
- сынып оқушыларының «нашақорлық туралы» түсінігі және оны қолданып көргендер бар ма соны анықтау керек.
Мәселен, мұғалім өз жүмысында «аяқталмаған әңгіме» суретті тест, дидактикалық карточкалар пайдалану арқылы нашақорлыққа деген оқушылардың көзқарастарын, пікірлерін анықтауына болады. Мәселен, ата-аналардың өздерінен «Наша» туралы нені (қандай білім көлемін) білуі, оның қандай жақтарына назар аударуына бағыт қажет. Мәселен, а) ата-аналардың диагностикалық деңгейін анықтау, б) ата-ананың баламен, жұмыс істеу жолдары мен тәсілдерін көрсету. Мысалы, «Нашаның бала денсаулығына зияны», «Бала бақыты - өз қолыңызда» және т.б. дәрістік әңгімелер, «Балаңыздың бос уакыты қалай өтеді?», «Бала табиғатын ойласақ» т.б. тақырыптарда пікірталастар, «Дені саудың - жаны сау», «Бала тәрбиесі баршаның ісі», «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» тақырыптарда ата-ана, ұстаз, оқушы үштігінің сайысы, тестілік материал-мәтіндер, ойындар өткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді делінген. Әрине жоғары оқу орындарында болашақ маманға норколог дәрігермен, заң қызметкерлерімен, жас өспірімдермен жұмыс инспекторларымен қосылып жұмыс жүргізуді үйрету қажет. Балалар бір-бірінен түрлі әдет-қылыққа үйрснеді. Мысалы, тезірек киіну, ойында озып шығып бірінші кезек алу және т.б. Мінез-адамның адамгершілік қасиеттерін сипаттайтын іс-әрекет жиынтыгы. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам[49]. Баланың дүниетану көзқарасы оның сенімімен тыгыз байланысты қалыптасып отырады. Сендіру тәрбиесінде басты әдістің бірі болып саналады. «Сендіру баланы әлеуметтік және рухани қарым-қатынасқа түсіруде, олардың бойына қоғамдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін сіңіріп қалыптастыруда әсерленушілік сезімге бөлеп, баланың жеке басына саналылықпен сезімді ояту арқылы іске асырылатын іс-әрекет». Сендіру әдісін қолдану арқылы бала бойында тұрақты терең саналылықпен және эмоционалды сезіммен қабылданған саналы көзқараспен мінез-құлық нормалары мықтап оны алады. Мысалы, М.Жұмабаевтың «Темірді жұмсартқан ана» атты әңгімесі, әңгіменің мазмұнына сай әлемді талқандап, дүниені қан сасытқан, қылышынан қан тамған Ақсақ Темір ханның Кермани ақынға «Егер мен сатылатын болсам, сен маған қанша төлер едің?» дегенде, «Жиырма бес әскер берем» деп жауап беруіне, ханның тіксініп «Мынау не дейді?». Ол менің белбеуімнің бағасы ғана гой! дегенде, ақынның «Мен белбеуінді ғана ойлап осынша баға беріп отырмын. Сен өзің түкке тұрмайсың» деуін қалай түсіндіруге болады деген сұрақ қою арқылы ханның жауыздығын әшкерелеуге болады және т.б. Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы келетін іс-әрекет қағидасының алдын-ала іске асырылуында, ой санасынан ерекше орын алуында жатыр. Баланың мінез-құлқындағы істелмек іс-әрекеттің алдын ала іске асырылуы тәжірибеге, сонымен бірге мінез-құлық нормалары мен ережелерін жақсы білуіне және оны іске асыру әрекеттерімен тыгыз байланысты сендіру арқылы мұғалім және баланың сыныптас құрбылары тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Немесе еліміздің идеологиясы мен саясатының мазмұнын, мәнін түсіндіріп, оқушының көзін ашады, Бүгінгі қайта құрудың зандылықтары мен қажеттілігін, оның экономикалық және рухани әлеуметтік өмірден орын алу зандылықтарына оқушылардың сенімін арттырады [50]. Ал мінез-құлықты оқушы бойына қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бірі жаттықтыру. А. С. Макаренко тәрбиесінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байытудың маңызына ерекше тоқтала келе, «Балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орын алуы үшін үнемі жаттықтыру керек» дейді . Қалыптастырушы эксперименттің міндеті. Мазмұнына карай ойындарды іріктеу, ұйымдастыру әдістемесін жасау (ойындарды пайдалану бағдарламасын, сахналық үлгісі), бастауыш мектеп оқушыларын ойынға қатыстыру, адамгершілік қасиеттерін негіздеу. Мақсаты: ойынға деген қызығушылығын арттыру, білім, іскерлік, жағымды дагдыларды калыптастыру, ұжымға, басқа адамдарга деген қарым қатынасын тәрбиелеу. Бағдарламаның мақсаты: ойын топтастыру негізінде, адамгершілік қасиеттерді бейнелейтін ойындар жайында түсінік алу, оның тәрбиелік мәнін түсіну. Адамгершілік сапа-қасиеттердің ойын түрлеріне сәйкес іріктеліп алынуы [51]. Бағдарламаның мазмұны ойындарды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері-оқушылар бойында адамгершілік қасисттерді қалыптастыруға, жауапкершілік жоне сезім күйлеріне. әсер етуге бағытталған: ойындар (сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта) пайдаланылады. Қағидалар: бағдарлама мазмұнындағы ойындар жүйелілік, көрнекілік, біртінділік және т.б. қағидаларға негізделген. Ойынды сахналау мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойынын сахналық көрініске қызығушылығын арттыру, сахналық кейіпкер болуға деген ынтасын арттыру. Мысалы, «Мұнара үй» (С.Я.Маршак) ертегісі бойынша сахналық ойын. Оның мазмұны : балаларды достасуға, бірігуге, жұмбақ шешіуге, санауға үйретуге бағытталған. Біз ұсынып отырған сахналық үлгі мүғалімдер үшін, әдістемелік нұсқау. Бұл нүсқауды сабақтан тыс уақытта математика, ана тілі, табиғаттану еңбек және т.б. сабақтарда пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда Оқыту арқылы адамгершілік тәрбие беруге байланысты сыныптан және сабақтан тыс тақырыптардың түрлері өте көп, бірақта олардың өзіндік ерекшеліктері және мынадай ортақ ұстанымдары бар [52]. Ойын-сауық шараларына қатыстыру тек қана ерікті түрде іске асырылады:

  • балалармен бірге ұйымдастырылған ойынның әр түрінде жас ерекшелігі ескерілуі керек;

Мысалы, адамгершілік тақырыптагы тәрбие сағаты, ойын түрлерімен байланыстырылмай, оқушылардың адамгершілік туралы білімдерін тереңдетіп, адамгершілік тәрбиесінде қалыптастыру, Оқыту арқылы адамгершілік тәрбие беру проблемасында қазіргі педагогика ғылымының теориясы мен практикасында ойын мәселелеріне көбірек көңіл аударылуда. Сондықтан да ойын дәстүрлі және дәстүрлі емес пәндерде қарастырылады. Сондықтан біз өз зерттеулерімізде бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің үлгісін аламыз. Мәселен, математика сабағының мазмұнына байланысты «Мұнара үй», татулыққа бірлікке шақырады. Әділ бағалай білуге үйрететін ойындар «Жаңылма» сыпайылыққа үйрететін ойындар. «Сыпайылар қаласы», «Аяз атаның фабрикасы», берілген тапсырма бойынша геометриялық фигураларды құрастыруға үйрету «Одеялды жамап көр». Бұл ойындарда; 1-2 сыныптар үшін есепті жаңылмай айтуға, геометриялық фигураларды жаңылмай айта білуге: ол 3-4 сыныптар үшін ұжымға және басқа адамдарға деген дұрыс көзқараста болу дағдысын қалыптастыруға. 1сынып оқушыларының 30 оқушының 10-ы геометриялық фигураларды таңдауда білім дағдыларын көрсетті; 2 сынып оқушыларының 30 оқушының 12 сыпайылық көрсете білді. 10-ы ұяндық көрсетті, ал 15 баланың жауабы толық емес, сенімсіз. 3-4 сыныптар көрсетуіштері жақсы болды. Мәселен, 40 оқушының 14 тапсырманы тез арада әділ шешті, 15 оқушы тапсырма түсінікті болғанымен шапшандық корсете алмады, ал қалған 11 оқушының ойынға деген зейіні төмен болды. 4 сыныпта «Мұнара үй» ойынында 35 оқушының 10-ы жұмбақты шапшаң шешті, 15 оқушы достық, жағымды қасиеттерді көрсете алмады, 3 оқушы адамгершілік қасиеттерінің төмендігін байқатты (Мұнара үйде бірігіп тұруға). Мәселен «Сыйлықтар» ойынында үш балдық шкала (өлшемі) бойынша анықталды(«ұнамайды», «ұнайды», «жек көреді», «ұнайды», «жақсы көремін, сыйлаймын» - 2 балл, «ұнамайды», «жек көремін, сыйлаймын» 0,5 балл). Социометрия әдісінің көмегімен «Сыйлықтар» атты ойынды ұйымдастыру барысында балалардың бір-бірінің қандай шамада беделді екені айқындалды. Анықтаушы эксперимент нәтижесінде мақсатты бағытталған ойындардың оқу-тәрбие үрдісіне қолданылмайтыны, осы тұрғыдан балалардың дұрыс адамгершілік қарым-қатынаста болуына септігін тигізетін ойындардың бағдарламасының болуы қажеттілігіне көзіміз жетті [53].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет