Нормативтік сілтемелер



бет12/18
Дата08.05.2023
өлшемі133,61 Kb.
#91060
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Жанат Тұрсын диссер

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ жұртшылығы бұрын қауым тіршілігінде бірсыпыра тәжірибе көргендіктен, олар өз төңірегіндегі жаратылысты, адам өмірін дұрыс бақылап, одан өздерінше нәтиже шығарып отырған. Тіл шеберлігіне ерекше ой бөлген алғыр халық жаратылыста, адам ойында болатын барлық пайдалы затты жұмбақтап айта білген. Бұлар қандай затты жұмбақтап айтса, ол негізінде диалектика қиысынына тірелген.
Қазақ жұмбақтарын мазмұн жағынан қарағанда, өзге де көп халықтар сияқты бірнеше үлкеп тақырыптарға бөлуге болады:
- жаратылыс,
- адам,
- жасанды зат,
- еңбек,
- білім жайында.
(өйтіп, еңбекші халық маңайдағы жанды-жансыз затты еңбек арқылы танып, өмірде кездесетін барлық пайдалы затты, еңбек ісін, жұмбақ сөзбен сипаттап оны көпшіліктің игілігі етіп отырған.
Жұмбақ әрқашан болжал түрінде айтылады. Ол мереке үстінде туып, көбінесе, ойын-сауық, көңіл көтеру орнында айтылады. Жұмбақ айтушы адамдар оның мазмұнын, көбінесе оның өзінің істейтін кәсібіне қарай үйлестіріп, не көрсе, не істесе соны жұмбақ ететін болған.
Мәселен, егінші егін туралы жұмбақ айтса, бақташы мал туралы айтады. Пішенші шөп шабатын құралын жұмбаққа қосады. Аңшы жыртқыш аң туралы айтса, мерген атқыштығын айтады.
Жұмбақ адамның дүние тану жолындағы ой-өрісінің, адам қиялының белгілі бір сатысын көрсететін, ой тапқыштығының бір түрі. Сондықтап біздегі жұмбақтың жалпы мазмұны да өте бай.
Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге үйретілген. Оның өзі көбінесе ұйқасқан өлең түрінде айтылатын болған. Жұмбақтың обьектілері – табиғат құбылыстары, жер-су, жан-жануарлар, жәндіктср (тотемдер), адам мүшелері, түрліше өлі заттар, тіршілік құралдары болып келеді. «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» (күн), «Тақиям толған сөк, ертең тұрсам жоқ» (жұлдыз). «Әне барады өзі, көрінбейді ізі» (жел), «Жер түбінен боз жорға ат келеді» (боран), (Аяғы жоқ, көзі жоқ ақ жылан» (су), «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз) деген сөздер аспан мен жер суды жұмбақтаса, «Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды» (шегіртк), «От басында тәукеншік» (мысық), «Ши түбінде шұбар жылан» (шегіртке), «Шидім, шидім, шидім құс, ши басына қонған құс» (шыбын) - деген сөздер түрлі жәндіктерді жұмбақтаған.
Бидай, қауын, қарбыз, қызғалдақ, бүлдіргендерді жұмбақтау да болған. Төрт түлік мал, адам денесінің мүшелері де жұмбақталатын болған. «Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім» (шалбар), «Отыз омыртқа, қырық қабырға, ауыз омыртқа» (киіз үй) дегендер күнделікті тұрмыстан алынған.
Жұмбақ – өмірдегі реальдық зат пен құбылысты танытудың құралы. Оны айналатын қазығы – ұғым (сөз). Бірақ сол ұгымға біз төтелей емес, түрліше салыстыру, ұқсастыру жүргізу арқылы келеміз. Жұмбақта абстракция күрделенген.
Табиғат пеп болмысты тануға жас жеткіншектердің ойы мен тілін дамытуға құрылған қысқа өлең фразаларды жұмбақ дейміз.
Жұмбақтың бұрынғы қоғамдағы мәнділісі сондай, оның айтып, жасырысуға ертеректе тек бір адам емес, топ ұжым болып араласқан. Халқымыздағы жар таңдап, күйеуге шықпақшы болған қыздардың болашақ ерін жұмбақ арқылы сынау әдеті де жайдан-жай шықпаған, бағзы жоралғылардың жаңғырығы. Жұмбақтың өзінің табиғатына қарай тақырыптық жағынан жұмбақ сауал, есеп жұмбақ, түс жұмбақ, ертек жұмбақ, жұмбақ мақал, өлең жұмбақ, шешендік жұмбақ, санамақ жұмбақ тағы басқалар болып сан алуан тақырыптарды қамтиды. Жұмбақтың ең биікке көтерілгені жұмбақ айтыстары. Бұған Рысжан мен Әсеттің, Сапарғали мен Нұржанның айтыстары жауап бере алады. Жұмбақтарда көбірек ұшырасатын поэтикалық тәсілдер – құбылту, әсерлеу, теңеу, шендестірулер екендігін білдік. Жұмбақ оқыс сурет жасауға бейім тұрады. Жұмбақ тілі – қарабайыр емес, образды, құнарлы тіл. Жұмбақтың нақышына келіп, айшықты образына алмастырулар арқылы арқау болған нәрселер – адамдардың күнделікті тұтынып, қолымен ұстап жүрген заттары, айналасында байқап жүрген құбылыстары негіз болады екен.
Қорыта айтқанда, жұмбақ барлық жанрларымен де байланысы, қатысы бар көп тармақты, өрісі кең әдеби мұрамыздың бай түрінің бірінен саналады. Дүниетану жолында адамды ойға, қиялға шомдыратын, іске, әрекетке баулитын және ой, қиялдың шама-шарқын білдіретін құнды жанр деген түйінге тоқтадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет