Нормативтік сілтемелер


Этиология (грек. аітіа – себеп және логос – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім. Идеология



бет2/18
Дата08.05.2023
өлшемі133,61 Kb.
#91060
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Жанат Тұрсын диссер

Этиология (грек. аітіа – себеп және логос – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім.
Идеология (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз) – ілім, қоғамдық сана. Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.
Гипербола — күшейту деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады.
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “генетікос” — шығу тегіне тән).


БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР –Қазақстан Республикасы
КСРО –Кеңестік социалисттік Республикалар Одағы
ҚР БМ МЖБС ̶ Қазақстан республикасы Білім Министрлігі Мемлекеттік
Жалпы Білім беру стандарты
ЖОО –Жоғары оқу орындары
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
ҚР БжҒМ нормативті-құқықтық құжаттары ̶ Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары
АКТ ̶ ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Тақырыптың өзектілігі: «Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі – жұмбақтар. Ол – барлық елдің ауыз әдебиетіне ортақ жанр.
Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл ұжымның еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесінен туған. Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жағын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар жайын бір-біріне салыстыру арқылытануды көздеген. Ол үшін өздеріне таныс бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап, олардың қадай зат екендігін, неден шыққандығын анықтаған.
Бертін келе адамзат баласының ой-өрісі, дүниетанымы, білім көлемі ұлғайған кезде, жаратылыс дүниесінің және заттардың шығу сырын анықтап аңғарған кезде жұмбақтар алғашқы қалпынан өзгере бастайды. Бұл кезде шығарылған жұмбақтарда адамға таныс заттардың немесе жаратылыс құбылыстарының сыртқы белгілері ғана алынады, соған қарап жұмбақ шығарылады. Жұмбақ заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырын ұстайды. Сондықтан да ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз.
Міне, айтуға оңай болса да, халық жұмбақтарының құрылымдық ерекшеліктерін, көркемдік табиғатын ғылыми тұрғыдан түсіндіру оңай іс емес. Бұл тақырыптың өзектілігін танытатыны баршаға мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет