Нормативтік сілтемелер


Жұмбақтардың сөз көркемдігі



бет11/18
Дата08.05.2023
өлшемі133,61 Kb.
#91060
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Жанат Тұрсын диссер

3.2 Жұмбақтардың сөз көркемдігі
Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Ол жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді алыстағы бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді.
Жұмбақ өз көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін көрінісімен сипаттайды. Мұнымен қатар жұмбақ әрбір затты құлаққа естілетін дыбыс белгісімен де бейнелейді.
Жұмбақтың өзіне тән бір ерекшелігі – жұмбаққа алынатын нәрселерді атқаратын қызметіне қарап көрсетуінде. Жұмбақтың көп кездесетін ерекшелігі – аты жақын заттарды парлап. қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түп, қол мен аяқ т.б. жұбымен алынып жұмбаққа қосылады. Жұмбақтын қайсысы болса да негізгі ойды образ, оралымды ұшқыр сөз арқылы білдіреді.
Көркемдік суреттеу құралы болып табылатын теңеу, метафора жұмбақта көп қолданылады. Бір нәрсені екіншісіне теңеп, салыстыра отырып образ жасайды.
Қазақтың жұмбақтары, өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды.
Жұмбақ – алдымен адамның өзіне ерекше таныс, өз ұғым-түсінігіне жақын, күнделікті көріп-біліп жүрген заттарын немесе өзінің күнбе-күнгі қажетіне пайдаланып жүрген нәрселерді тұспалдап айтудан бастаған. Өзіне таныс, көзге ілікпеген, тіпті бір тылсым қиял-ғажайып дүниесін жұмбақтаған.
Қазіргі ғарыш ғасырында аспан әлемінде, жер-көкті жұмбақ ету кездейсоқ емес. Адам арманы көктегі кереметті, аспан құпиясын, табиғат ғажайыбын білуге ерте заманда-ақ құштар болған.
Бұрынғы кеңес дәуіріндегі жұмбақтар мсн жаңылтпаштардың және өтірік өлеңдердің өзіндік ерекшеліктері көбіне оның мазмұнына, әр дәуірдің өзіндік сипатын көрстуден байқалады. Профессор М.Ғабдуллин: «Адам баласының ой-өрісі, дүниені танудағы білім көлемі ұлғайған кезде, жаратылыс дүниесінің және заттарының шығу сырын анықтап, аңғарған кезде жұмбақтар алғашқы қалпынан өзгере бастайды» [5]
Адам – аспан әлемін жалпылай жұмбақтап айтудан гөрі, ендігі жерде, оның алыстан байқалған әрбір ғажайып көріністеріне зер салып жекелеп, нақтылап, даралап айтуға ден қояды.
Жұмбақтағы тағы бір ерекшелік – онда бір затты екінші бір заттың сыртқы белгісіне, ішкі мазмұнына, сапасына қарай салыстыру жолы үлкен орын алады. Мысалы: «Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды» (шегіртке) - дегендегі ұқсастықтың, салыстырудың бәрі де жалғыз шегірткеден табылуы, оның сыртқы тұлғасын дәл сипаттағандық болады.
Қазақ жұмбақтарының көркемдік ерекшелігіне тән нәрсе, оның көбіне метафорлық жүйеде айтылуы.
Жұмбақтар фольклордың басқа жанрларымен де байланысты. Жұмбақтарды халықтық шығармалардың басқа жанрларымен салыстыру оның өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Кейбір шешепдік сөздер мен қанатты сөздерді және ертегілер мен мақал- мәтелдердің төркіні оы жұмбақтармен де ұштасып, жатқанын білеміз.
Жұмбақтар баланы байқағыштық, әр нәрсеге зер салғыштық, ой-қиялға нанатын, ойландыратын жаққа қарай баулиды.
Жұмбақтың шарты тек қана сол тұспал сұраудың не екенін тауып, айтуды ғана көздемейді, сонымен қатар бір-біріне баламалап айтылған екі заттың екеуінің де жаңашылдық, өзгешелігін, ұқсастығын байқауға үйретеді. Жұмбақтар төңіректе болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздестіруге үйретеді, қайнаған өмірге араласып кетуге қол бұлғайды, соған қызықтыра, асыға шақырады.
Жұмбақ – жасөспірімдердің ойлау қабілеттілігін арттыра түсумен бірге, олардың көрген-білген нәрселерінің бәріне де ой жүгіртіп, себептерін, өзгешеліктерін айырып, ұқсастықтарын салыстырып отыратындай шеберлікке үйретушілік құралы болғанын білеміз.
Халықтық жұмбақтардың негізінде кросоворд, ребус, анаграмма ойындары туды. Кросоворд жасап, оны газет, журналдарда жариялап, оның шешуін жалпы көпшіліктің ортасына салу да осы жұмбақ неізіне байланысты шыққан туынды.
Қазақ жұмбақтарының көркемдік ерекшеліктеріне тән нәрсе, алдымен оның көбіне, метафоралық жүйеде айтылуы. Мысалы:
«Қараңғы үйде қабан күркірейді» десек, мұнда диірменнің шыр көбелек айналуын, оның дүбірін қабанның күркіреуіне әкеліп бағалағандық көрінеді. Ал:
Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладым [3], (бүлдірген) - дегенде де үлпершекті бүлдіргенге ұқсастыру жағы байқалады. Осындай ұқсастырулар ұлғая келе бірнеше жолды жұмбақ өлең болып та айтыла береді.
Жылқыны қарнына қыстырып,
Түйені ерніне қыстырып,
Есекті құлағына қыстырып,
Қасқырды ат қып мініп,
Айт дегенде жүре берген (қоян).
Осындағы байқалған сыртқы көріністің бәрі де жалғыз қоянның өзінен табылуы да ауыстыру мағынасында қолданылған, жұмбақталған, метафоралық жүйеде суреттелген. Жұмбақтардың қай-қайсысында да осы сияқты адамды байқағыштыққа, көре жүріп үйренуге баулитын, ой-сананы дамытатын қасиет барлығы айқын көрініп отырады.
Жұмбақтарда метафорадан басқа эпитет, теңеу, метонимия, гипербола, т.б. салыстырулар да көп кездеседі.
Айқынырақ болу үшін бұлардың әрқайсысына бір-екі мысал келтірейік:
Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем (жер),
Немесе:
Басы – тарақ, арты – орақ. (қораз), -
дегендердегі ауыр, тәуір, орақ, тарақ сөздері эпптет болса:
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа), -
дегендегі жұдырықтай, қылдырықтай сөздері теңеуге жатады.
«Жақпар тастың астында, қызыл тонды қыз жатыр» (түлкі) дегенде бір нәрсенің орнына екінші мағынадағы сөздер қолданылып, түлкіні қызға балап айту арқылы метонимиялық жолмен жұмбақталған заттың барлығы көрінеді.
Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс
(шыбын).
Мұнда «Карқаралы қара құс» деп шыбынды мүлде асырып, өте үлкейтіп айтқан әсірелеу бар. Жұмбақтарда осы сияқты шағын жәндіктердің әрекеттерін үлкейтіп айтатын әсірелеу жағы өте жиі кездесіп отырады.
Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды, -
дейтіндердің өздері де осы ұсақ жәндікті үлкейтіп айтудан келіп шыққан, жұмбақтағы басты ерекшеліктердің бір түрі деуімізге болады. Осыған орай үлкен затты кішірейтіп айту, яки әсірелеудің литоталық жағы жұмбақта мүлде аз, сирек кездеседі.
Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын,
Адамға көрсетпейді жұмыртқасын
(жарқанат) -
дегенде оны мүлде көзге ілінбес жәндіктей құлдыратып жібереді. Жұмбақ көне дәуірлерден пайда болған. Жұмбақ қоғам өзгерістеріне байланысты өзгеріп, өңделіп отырған. Онда көбіне ишара, астарлау, өзің соны біліп, түсініп ал деген тұспалдаулар айрықша орын алып отырады.
Жұмбақтарда көбірек ұшырасатын поэтикалық тәсілдер – құбылту, әсерлеу, теңеу, шендестірулер екендігін байқаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет