Зерттеу жұмысының жаңалығы: Қазақ жұмбақтарының поэтикасына қатысты ізденісіміздің негізгі мақсаты жұмбақтың табиғаты мен болмысын нақтылап, оның көркемдік ерекшеліктерін ашу болатын. Осы мақсатқа ең алдымен жұмбақтардың зерттелуі, басқа жанрлармен байланысы, екіншіден, көркемдік табиғатына назар аудару арқылы жұмыс өз нысанасына жетпек. Ең алдымен жұмыстың құрылымдық жүйесін анықтау басты мәселе болмақ.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі мен қолданылған әдістер:
Қазақ халық жұмбақтары осы уақыт шеңберінде молынан жинақталып, ғылыми тұрғыда арнайы А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.О.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдулин, Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, еңбектерінде сөз болса, еліміз егемендік алған тұста Шәмшәдин Керім арнайы зерттеу жүргізіп, қазақ халық жұмбақтары туралы докторлық диссертация қорғады. Осы аталған еңбектер біздің жұмысымыздың басты таянышы болса, ондағы озық әдіс-тәсілдер еңбекте молынан кәдеге асты. Салыстырмалы әдістер ең басты тірек болғанын ерекшелей айтуды жөн санадым.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Жұмыс нәтижелері жоғарғы оқу орын студенттеріне оқылатын арнайы курстық дәрістерге, семинар сабақтарға және ізденуші мектеп оқушылары мен жалпы рухани қазынаға қызығушыларға беретін малұматтары мен пайдасы бар.
Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс: кіріспе, негізгі үш бөлім мен тараушалардан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ҚАЗАҚ ЖҰМБАҚТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1 Халық жұмбақтарының жиналуы мен зерттелуі
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті. Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г. Белинский «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді. «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес», – деп Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу- сызу өнері болмаған заманда, туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады.
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген. Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлемінің талай сырларын үйренеді. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелері байи түседі. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы. Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Иә, бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады. Көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлытаным-түйсігі қалыптасады.
Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап-ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл-ойын дамытуда, жас жеткіншектердің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны ерекше.
Соның ішінде атадан балаға мұра боп келе жатқан асыл мұраның бірі –жұмбақтар, себебі жұмбақтардың түпкі тамыры халықтық педагогикамен байланысып жатыр.
Халық ауыз әдебиетінде кеңінен дамыған ұсақ жанрдың бірі – жұмбақтар. Жұмбақ қазақ ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан жанр. Оның кейбір нұсқалары көне заманда шыққан ескерткіштерден орын алған. Мәселен, Венгр ғалымы Иосиф Бузенң «Хива диалектісі» атты еңбегінде Исхах молдадан жазып алып бірнеше жұмбақты берген. Мұның кейбіреуі қзіргі қазақ жұмбағына ұқсайды. Ал XIV ғасырдың кейбір ескерткіштерінде кездесетін куман жұмбақтарының көпшілігі қазір бізде бар. Мысалы, «Codeх Сumanicus» - те: «Отырғаны оба жер, басқаны бақыр шанақ» (үзеңгі) [1] - немесе, «Көк лағым көгенде жатып семіреді» (қарбыз), «Жол үстінде илі қайыс» (жылан), «Аузын ашсаң өкпесі көрінеді» (есік пен от) [2] сияқты куман жұмбақтары қазақ жұмбағына ұқсас келеді.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. Қазақ Жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі “Кодекс Куманикусте” көптеген Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті). Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің “Түрік тілінің сөздігінде” де қазіргі қазақ Жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз). Заттың сапасына (“Бауыздасаң, қан орнына су ағар” – қауын), қызмет-қимылына (“Жанды сағат айқай салад” – есек) қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген немене? Сағат деген немене?”), мақал-мәтелдермен де (“Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық”) жанасымды.
Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т.б.). Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады.
Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы, тірек сөздер алуан түрлі, олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.
Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Жұмбақтары жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын Жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыров, т.б. Жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев, К.Баянбаев, Қ.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта Жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.[1]
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. Қазақ Жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі “Кодекс Куманикусте” көптеген Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті). Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің “Түрік тілінің сөздігінде” де қазіргі қазақ Жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз). Заттың сапасына (“Бауыздасаң, қан орнына су ағар” – қауын), қызмет-қимылына (“Жанды сағат айқай салад” – есек) қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген немене? Сағат деген немене?”), мақал-мәтелдермен де (“Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық”) жанасымды.
Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т.б.). Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады.
Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы, тірек сөздер алуан түрлі, олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.
Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Жұмбақтары жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын Жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыров, т.б. Жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев, К.Баянбаев, Қ.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта Жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.
Қазақ жұмбақтарының үлгілері ел арасынан өткен ғасырда-ақ жинала бастаған. Бұл жөнінде орыстың тамаша ғалымдары В.В.Радлов, А.Лютин, П.М.Мелиоранский, Ә.А.Диваев т.б. көп еңбек сіңірді. Олар жұмбақтарды жинап, газет-журнал беттерінде жариялады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында (1842) М.Иванов «Татар хрестоматиясы» атты еңбек шығарады. Бұл кітаптың бірінші бөлімінде жұмбақтар беріледі. XIX ғасырдың екінші жартысында 1870-1871 жылдары «Туркестанские ведомости» атты газет бетінде қазақ жұмбақтары жарияланып отырады. Бұл жұмбақтарды әрі этнограф, әрі фольклорист М.Ибрагимов «Орта Азия этнографиясының материалы» деген тақырыппеп жариялайды. Бұл жарияланған жұмбақтардың жалпы саны 40-50-ден артпайды. Беріректе қазақ жұмбақтары газет беттерінен гөрі журналдарда көбірек жариялана бастайды.
Қазақ жұмбақтарын ғылыми түрде зерттеп, көп жинаған ғалымның бірі Л.Лютин еді. Ол өзінің «Қырғыз хрестоматиясы» атты 1883 жылы Ташкентте шыққан кітабынд 130 жұмбақ жариялаған. Мұны ол Ақмешіт қазақтарының жұмбағы деп атаған. Автордың көрсеткеніндей бұл жұмбақтардың Ақмешіт (қазіргі Қзылорда) тұрғындарына тәндігі жұмбақтың тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен байқалады.
XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген орыс ориенталистері П.М.Мелиоранский, Алекторов те халық творчествосының бір саласы жұмбақтарды үнемі жинап, сол кездегі газет-журнал беттерінде жариялап отырды.
Олар қолдарына түскен жұмбақтарды іріктемей сол қалпында басқан. Сондықтан да олардың ішінде ислам дінінің өкілдері, дін, шариғат туралы жұмбақтар кездесіп отырады.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін сүйіп зерттеген, көрнекті галым Ә.Диваев өзінің «Сырдария облысының этнографиялық материалдары» атты жинағында қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен қатар жұмбақтарды да көп жинап бастырды. Ол жинаған жұмбақтардың біразы жарық көрді. Ал 1898-1900 жылдары орыс тілінде шыққан «Тургайская газетада» едәуір жұмбақтар жарияланды. Бұлардың ішінде көлемділері М.Иванов пен А.В.Васильев жинап бастырған жұмбақтар. Бұл дәуірдегі жарық көрген жұмбақтардың ішіндегі көрнектілері Қожахмет пен Әубәкір айтысы, қыз бен жігіт айтыс жұмбақтары еді. Қожахмст пен Әубәкір айтысын, екінші рет, 1900 жылы А.В.Васильев бастырды. Васильев бастырған нұсқа бұрынғысынан өңделіп, орыс алфавитімен қазақ тілінде басылған. Мұқамет Садықұлы Садыржан мен келіншектің жұмбақ айтысы, Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтыстары 1902-1903 жылдары Қазан қаласында араб әрпімен қазақ тілінде басылды.
Сапарғали мен Нұржанның айтысы толық түрінде екінші рет 1908 жылы «Жұмбақ мақалдар» деген жинақта жарияланды.
Октябрь революциясынан соң халық ауыз әдебиетін зерттеу, оны жинау мәселесінс қатты назар аударылды. Осыған байланысты жұмбақтарды жинау, бастыру, зерттеу жұмыстары қолға алынды. Бұл ретте бірсыпыра жұмыстар жүргізілді.
Бұл тұрғыда алдымен Әбубәкір Диваевты ерекше атаған жөн. Сол сияқты С.Аманжолов та жұмбақтарды тақырыбына қарай жіктеп, оны ғылыми жүйелеп, 1940 жылы дербес кітап етіп бастырып шығарды [3]. Осы жинақ кейін толықтырылып, 1959 жылы қайта басылып шықты. Жинақтың алғы сөзінде академик жазушы М.О.Әуезов жұмбақтар жайлы ғылыми пікір айтып, дәйекті талдаулар жасады. Бұдан кейін жұмбақ жанры да өз алдына жеке ғылыми зерттеу обьектісіне айналды. Қазақ жұмбақтары туралы Ә.Марғұлан, Ш.Ахметовтер еңбектері «Қазақ әдебиеті тарихының» фольклорға арналған томдарына енген [4]. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған М.Ғабдуллиннің «Қазақ ауыз әдебиеті» (1974) [5], Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ фольклорының тарихы» (1991) [6], М.Тілеужановтың «Ел әдебиеті» (1991) [7] оқулықтарынан жұмбақтың жанрлық сипаты туралы ой-тұжырымдар табамыз. Қазақ жұмбағы туралы докторлық диссертация қорғаған Шәмшәдин Керімнің монографиялық еңбегі жарық көрді [8]. Бұның бәрі жұмбақтардың жиналуы, зерттелуі туралы ертелі-кеш істелініп жатқан елеулі еңбектер екендігі анық.
Достарыңызбен бөлісу: |