Егемендік - мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының толыққанды тәуелсіз әрі ерікті болуы. Егемендік қазіргі күні мемлекеттік биліктің үстемдігімен халықтың тәуелсіз өмір сүруінің негізінде анықталады. Көзді ашып жұмғандай қысқа ғана уақыттың ішінде Қазақстан мемлекеті егеменді ел ретінде қалыптасып, халық игілігіне, тәуелсіздігіміздің тұрақтылығына орай бірнеше өзгерістер жасап та үлгерді десек қателеспейміз. Осы жолда егеменді елдің ауыз толтырып айтарлықтай қандай жетісітігін айталар едік?
Халықаралық аренада Қазақстан республикасы сыртқы саясатта да өзінің бейбіт өмірді, достықты сүйетін ел екендігін жариялады: «... бейбітшілікті сақтау Қазақстан мемлекетінің саясатының басты мақсаты...»,-деп, Елбасы сыртқы және ішкі саясатта егемендікті сақтап, ел үшін маңызы бар барлық мемлекетпен егеменді достықты жоспарлау жолында негізгі мақсат қоя білді. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық нығайған да ғана халықтың көңілі өз орнында болмақ.
Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздігі жолында басты рөл атқарған елбасымыз қазақ халқының ғылым мен денсаулық және де басқа салаларда заманауй дамуына өз үлесін қосу мақсатында бірнеше төл еңбегін жариялағаны бәрімізге белгілі. «1992 жылдың өзінде
«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегін жариялаған болатын»,-деп, БАҚ жарыса жазғандығы бәрімізге аян. Бұл еңбек еліміздің егемендігін сақтап қалу мақсатында тиімді деп танылып, мемлекеттің халқы ешнәрсеге алаңдамай, ашық аспан астында өмір сүруде. Егеменді елдің қарқынды дамуына бірден-бір әсер ететін инновациялық стратегиялар екеніне көз жеткізе білді. Қазақстанның осы егемендікті сақтай отырып өзінің жаңа бір сатыға өрлеуін: «2010 жылы қаңтардың 29 күні елбасы халқына «жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын егеменді халқының ахуалын жақсарту мақсатында жария етті. Бұл егеменді Қазақстанның әлемдік өркениетте тәуелсіз мемлекет ретінде қолдана алатын жаңа бастамаларының бірі ретінде тарихта өз орны бар игілікті іс екендігі айқын көрініс тапты.
Қорытындылай келе, Қазақстанның түркі елдерінің ішінде егемендігін қысқа мерзімде қалыптастырып, өзінің бейбітсүйгіш мемлекет екенін ресми мәлімдеп, Елбасымыздың жасаған стратегисымен көптеген жетістіктерге қол жеткізген кең байтақ жері бар ұлы даланың тәуелсіз мемлекеті.