Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы


-сынып оқушысы Кадырбеков Кайсар



бет22/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Жинақ. Эссе жазудың тиімді әдістері 9 02.2022ж.

11-сынып оқушысы Кадырбеков Кайсар


14. Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі
Экономикалық реформалар барысында Қазақстанда қоғамдық және саяси процестер өте қарқынды дамып, өз жемісін халық игілігіне жұмсауда. Қазіргі қоғамда халық көз алдында болып жатқан саяси оқиғаларға белсенді қатыса отырып, өз үлестерін қосып жатқандығын мақтанышпен айтуға болады. Мемлекетіміздің өркениетінің қарыштап дамуына осы реформалардың өзіндік үлесінің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік және әлі де алға қойған мақсаттарымызды іске асырмақпыз.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы 16 желтоқсанда Астана қаласында өткен
«жүз жылдыққа тең он жыл» атты оқиғаға арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп айтты: «Қазақстандағы саяси демократияландырудың маңызды көрсеткіші, сол саяси партиялар жүйесінің дамуы болды...» -дей келе, он жыл ішінде Қазақстанның саяси өмірінің дамуы үлкен ауқымда жүріп жатқандығын мақтанышпен атап өтті. Бұл аяғын тәй-тәй басқан мемлекетіміз үшін өте жақсы көрсеткіш деп айта аламыз.
1997 жылдың ақпан айында әлеуметтік экономикалық және саяси проблемаларды еңсеру мақсатында республикада 55 саяси партияларын ашу, қоғамдық бірлестіктерімен ұлттық мәдени орталықтары, мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастықта жүруі туралы келісімге қол қойылды. Сөйтіп, 2004 жылы Қазақстанда 12 саяси партия жұмыс істеді. Олардың ішінде ең ірілері – Қазақстанның Коммунистік партиясының (ҚКП), Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, демократиялық партиясы «Азамат» және басқалар. Бұл партиялар республикамыздың қоғамдық саяси қарқынды дамуына өз үлесін қосты. Демек, осы бірлестіктің арқасында біздің саяси өміріміз халықтың игілігі жолында одан әрі жақсара берді.
Қазақстанның қоғамдық саяси өмірін дамытудың ең бастысы, олардың тұрақты және мықты экономикасы саяси дамуы ауыр және баяу өтіп, бүкілхалықтық наразылық пен елдің тұрақсыздануына алып келу мүмкін болды. Сонда 1995-2002 жылдар аралығында қыркүйекте республиканың негізгі мақсаты демократиялық институттарды құру және нығайту әрі 1995 жылғы конституция негізінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру болды. Сол себепті дәл осы жылдар ішінде, осы заңның көмегімен азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына кепілділік
берілетін нақты демократиялық институттар жұмыс істейтін елге Қазақстанды қайта құру үшін алғы шарттар жасалды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының элеуметтік экономикалық стратегиясын іске асыруда табыс ететіні сөзсіз.
Қорытындылай келе, біздің республикамыздың қоғамдық саяси өмірі өте жылдам және мықты дамып жатқанын біз анық көре аламыз. Егерде біз осы жолымыздан таймай, әрі қарай сенімділік пен аяғымызды нық басып, қажымай, талмай еңбек ете берсек, әлемдегі елу елдің қатарына кіруіміз әбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет