олқа атеросклерозы — атеросклероздың ең жиі нысаны. Ол қолқаның
құрсақтық бөлімінде өте айқын дамып, көбінесе атероматоз, ойық жаралар,
атерокальциноз туындатады. Бұлардың салдарынан қолқа атеросклерозы
тромбоз, тромбылы эмболия және атеромалық қойыртпақтың эмболиясы
сияқты үдерістермен жиі асқынады, сөйтіп инфарктіге (мысалы, бүйректе)
немесе гангренаға (мысалы, ішекте, қол немесе аяқта) ұшыратады. Бірсыпыра
жағдайларда қолқаның атеросклероз зақымдаған, әсіресе ойық жаралы жерлері
қалталанып,
қолқалық аневризма қалыптасады (149-сурет). Аневризманың
пішіні
цилиндр ,
қалташа , кейде
жарық тәрізді болады. Оның шынайы және
жалған түрлері бар.
Шынайы аневризма қолқаның өз қабырғасынан қалыптасса,
жалған аневризманы оның төңірегіндегі тіндер мен гематома шектейді.
Құйылған қанның қысымынан қолқаның ортаңғы қабаты мен интимасының
немесе адвентициясының арасы ажырап, жыртылып, кейін эндотелиймен
астарланады. Ондай
аневризма ажыратпалы аневризма деп аталады.
Аневризма жыртылғанда қан кету қаупі бар. Аневризманың ұзақ мерзімді
әсерінен онымен тұстас тіндер (мысалы, төссүйегі, омыртқа) жұқарады (
узура ).
149-сурет. Қолқаның құрсақ бөліміндегі аневризмада түзілген тромб. Атеросклероз қолқа доғасын зақымдаса, кейде қолқа доғасының синдромы
дамиды. Ал, атеросклероз қолқаның бифуркациясын зақымдап, ол жерде тромб
қалыптасса, кейде өзіндік бейнесі бар Лериш синдромы көрініс береді.
2.
Жүректің тәждік артериясының атеросклерозы — жүректің
ишемиялық ауруының негізі («
Жүректің ишемиялық ауруын »
қара
).
3.
Ми артерияларының атеросклерозы — ми тамырлары ауруларының
(
цереброваскулалық аурулар ) негізі. Атеросклероз ми артерияларын тарылтып,
мидың қыртыстық қабатын ұзақ мерзімді ишемияға ұшыратса, тінінде
дистрофия мен атрофия үдерістері өрістеп, адам
атеросклероздың салдарынан
алжиды .
4.