Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет36/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   832
Байланысты:
струков патан

Кардиомиоциттеріндегі алып 
митохондриялар. 
16 000.
 
Митохондриялардың саны
да әр алуан. 
Митохондриялар саны
тотығулық 
фосфорлану үдегенде 
көбейеді
(гиперплазия). Ондай өзгеріс көбіне зақымдалып 
ұлғайған, көбейген (пролиферация) немесе трансформацияға ұшыраған арнаулы 
әрекет атқаратын жасушаларға тән. Митохондриялар онкоциттерде, әсіресе 
онкоциттік ісіктерде тым көбейеді. Митохондриялар саны жасушалар тозғанда 
(қартайғанда), семгенде (атрофия) азаяды. 
Митохондриялар кристаларының өзгерістері
Митохондриялардың өздерінікі сияқты, митохондриялар кристаларының да 
құрылысы, көлемі, пішіні мен саны өзгереді.
Кристалар құрылысы
әртүрлі өзгеріп, митохондриялар әрекеті жанданғанда 
табақша кристалар пайда болады. Ал, митохондрияның әрекеті бәсеңдесе, кейде 
кристалардың 
пішіні өзгереді
(деформация) және 
жентектеледі
(агрегация). 
Кристалардың пішіні
митохондрия әрекетінің белсенділік дәрежесіне сәйкес 
өзгереді. 
Кристалардың көлемі
, әдетте митохондриялардың көлеміне сәйкес 
болады да, алып митохондриядағы кристалар алып болып, кішірейсе, олар да 
кішірейеді. 
Кристалардың 
саны
митохондриялардың 
белсенділігіне 
байланысты: жасушаның әрекетінің артуы қажет болса, кристалар саны көбейіп, 

кемісе, кристалар саны да азаяды (редукция).
Митохондрияның кальцийді тасмалдуы және жасушаның зақымдалуы
Митохондрияның маңызды функциясының бірі 

кальцийді тасымалдау. Кейде 
митохондриядағы кальцийдің мөлшері, әсіресе бейорганикалық фосформен 
бірге, едәуір көп болады. Кальцийдің митохондрияға жиналу жолы екеу: бірінде 
(жүрек, ми, қаңқа бұлшықеттері, экзокриндік және эндокриндік бездер 
жасушаларының 
митохондриясында) 
кальцийдің 
жиналуын 
натрий 
жандандырады, яғни ол жол Ca
2+
ионының
N
+
ионына алмасуы сияқты

екіншісінде, натрийдің әсері жоқ (бүйрек, бауыр, өкпе жасушаларының 
митохондриясында), бұл механизмінің мәні әлі түсінісіксіз. 
Митохондрияның кальцийді тасмалдауға қатынасатындығының белгісі 

митохондриялық матриксте диаметрі 20

50 нм-дей электрон-тығыз түйіршіктер 
болатыны; олар қосвалентті иондар қоры жиналатын орын болуы да мүмкін. 
Бұл түйіршіктердің көлемі, тығыздығы мен саны тіндерді Ca
2+
ионы мол 
ерітінділермен өңдегенде ғана емес, кальцийді тасмалдауға қатынасатын 
қалыпты жағдайдағы тіндердің (остеокласт, остеобласт, т.б.) жасушаларында да 
ұлғаяды. Тап сондай гормондық әсерден туындайтын гиперкальциемия, яғни 
кальциноздарда да байқалады. Кейбір аурулар (жүректің коронарлық ауруы), 
синдромдар (бүйрек қызметінің созымалы жеткіліксіздігі) мен патологиялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет