Нуржігіт Алтынбеков
45
Микротүтікшелер
Микротүтікшелер атқаратын әрекет алуан түрлі екені белгілі; олар
хромосомалар
мен митохондриялардың, рибосомалар мен цитоплазмалық
түйіршіктердің қозғалысы мен бағдарын реттейді және цитоплазмадағы
тасымалды жүзеге асырады. Сондықтан микротүтікшелердің
патологиясы
да
әр алуан. Микротүтікшелерге оның әрекетін жандандыратын заттармен
(винбластин, изофлуран, ж.б.) әсер еткенде микротүтікшелердің көлемі 2
3 есе
ұлғайған. Олар рибосомалармен жалғасқан шоғырлар мен гексогонольді құрам
бөліктерден қатталған паракристалдық қосындылар да түзеді. Микротүтікшелер
иондаушы сәуленің әсерінен ауыр зақымдалады да, жасушаның гендік аппараты
бүлініп, патологиялық митоз орын алады. Этанолдың әсерінен микротүтікшелер
күрт азайып (әсіресе гепатоциттерде), пішіні дөңгеленеді; оны аралық
филаменттер ығыстырады.
Кейде микротүтікшелер патологиясы бірқатар
клиника-морфологиялық
синдромдардың негізі. Оның мысалы
қозғалмайтын кірпікшелер синдромы
;
бұрын ол Картагенер синдромы деп аталатын.
Бұл тума синдромда тыныс жолдарының және ортаңғы құлақтың шырышты
қабатының
жамылғы
эпителийі
кірпікшесінің
негізі
ақаулы
микротүтікшелерден түзілсе, ол кірпікшелер қозғалмайды.
Сол себепті
мукоцеллюлалық тасымал күрт нашарлап немесе толық тоқтап, тыныс жолдары
мен ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуына түрткі болады. Құйрығы
кірпікшелерден түзілгендіктен, ондай науқастардың сперматозоидтары да
қозғалыс әрекетін жоғалтады.
Достарыңызбен бөлісу: