Нуржігіт Алтынбеков
44
бір жасушаларда аралық филаменттердің әртүрлі типі кездесуі мүмкін. Мысалы,
асқорыту, тынысалу және зәршығару мен жыныс жүйелерінің бірыңғай салалы
бұлшықетіндегі аралық филаменттердің
негізін скелетин, ал тамырлардың
бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларында және басқа да көптеген
мезенхималық
жасушаларда
виментин құрайды. Осыны ескерсек,
тамырлардағы бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары неге әр қилы
(фагоцитоз,
фибробластыға айналу, т.б.) әрекет атқара алатыны да әбден
түсінікті болады.
Бірқатар патологиялық үдерістерге аралық
филаменттердің патологиясы
,
әсіресе олардың тым көп мөлшерде жиналуы (аккумуляция) себеп болады.
Ондай үдерістерге алкогольдік гиалиннің (Маллори денешіктері), алжыған
қарттар
мен
Альцгеймер
ауруына
шалдыққандардың
жүйкелік
жасушаларындағы нейрофибриллалы өрімдердің және сенильдік түйнектердің
түзілуі
жатады.
Кардиомиопатияның
кейбір
түрлеріне
де
аралық
филаменттердің тым көп жиналуы себеп болады дейтін пікір бар.
Маллори денешігін түзетін алкогольдік гиалин
,
әдетте созылмалы
алкоголизммен,
балалардың
үнділік
циррозымен,
гепатоцеребралдық
дистрофиямен (Вильсон
Коновалов ауруы), біріншілік билиарлы циррозбен
сырқаттардың гепатоциттерінен, кейде ұйқы безінің эпителийінен және мидың
жүйкелік жасушаларынан табылады. Алкогольдік гиалиннің өзіне тән
ультрақұрылымы бар (22-сурет).
Дегенмен, алкогольдік гиалиннің аралық
филаменттерден түзілетініне кейбір зерттеушілер күмәнді. Олардың біразының
пікірінше,
алкоголизммен
сырқаттардың
жасушасындағы
(гепатоцит)
алкогольдік гиалин
этанол әсер еткенде заталмасулық үдеріс
бұрмаланғандықтан түзілетін өнім және бұл үдеріске цитоскелет қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: