Нуржігіт Алтынбеков
355
С
ОЗЫЛМАЛЫ ЭНТЕРИТ
Созылмалы энтерит
— аш ішектің созылмалы қабынуы. Ол дербес те, басқа
созылмалы аурулардың
гастрит, гепатит, бауыр циррозы, ревматизмдік
аурулар, т.б.) салдары да бола алады.
Этиологиясы
. Созылмалы энтеритті ұзақ уақыт әсер етіп, энтероциттерді
зақымдап, кілегейлі қабықшаның қалыпты жаңару үдерісін бұзатын әртүрлі
экзогендік және эндогендік факторлар дамытады.
Экзогендік факторларға
инфекциялар (стафилококк, сальмонеллалар, вирустар), кейбір улар мен дәрі-
дәрмектердің әсері (салицилаттар, антибиотиктер, цитостатиктер), ұзақ уақыт
дұрыс қоректенбеу (тым ащы, ыстық немесе дұрыс пісірілмеген тағам ішу), ірі
талшықты өсімдік тағамдарын, тым көмірсулы, майлы немесе құрамында белок
пен витамин тым аз тағамдарды үнемі ішу жатады. Ал
эндогендік факторлар
ретінде аутоинтоксикацияны (мысалы, уремия), заталмасулық үдерістің
бұзылуын (созылмалы панкреатит, бауыр циррозы), аш ішек ферменттерінің
тұқымқуалайтын сапасыздығын атауға болады.
Морфогенезі.
Созылмалы энтериттің барысында аш ішектің кілегейлі
қабықшасындағы регенерациялық үдеріс бұзылады. Крипталардағы эпителий
дұрыс көбейіп жетіле алмайтын, ішектің бүрлерін қуалай «жылжып», жаңарып
түлемейтін болады. Ішектің бүрлерінен түлеп түскен энтероциттердің орнын
толтыру үшін алдымен крипталардың эпителийі көбейеді, бірақ олар өз
қызметін сапалы орындай алмайды. Сондықтан ішектің бүрлерінде толық
толыспаған, қызметі сапасыз, зақымдалғыш энтероциттер көп болады.
Эпителийі азайған бүрлер семіп, қысқарады. Біраздан кейін крипталардың
камбийлік (өндіршін) аймағы энтероциттерді қажетті мөлшерде қалпына
келтіре алмай, кеңіп, кистаға айналып, шорланады. Сөйтіп,
регенерациялық
үдеріс
әбден бұзылып, аш ішектің кілегейлі қабықшасы
қалыпты құрылымынан
тайып
,
семеді
.
Достарыңызбен бөлісу: