Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет436/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   832
Байланысты:
струков патан

У
ИППЛ АУРУЫ
 
Уиппл ауруы
(ішектік липодистрофия) — сирек кездесетін созылмалы ауру; 
оған сіңірмеу синдромы, гипопротеинемия мен гиполипидемия тән. Науқас тез 
әлсіреп, қатты жүдейді. 
Этиологиясы
. Уиппл ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Кілегейлі 
қабықшадағы макрофагтардан бацилла тәрізді денешіктер табылатындықтан, 
зерттегендердің біразы бұл ауруды инфекциялық фактор дамытады деп 
есептейді. Науқасты антибиотиктермен емдегенде кілегейлі қабықшадағы 
бацилла тәрізді денешіктер жойылады, ал ауру өршісе, олар қайта пайда 
болады

бұл да осы пікірді растайды. 
Патологиялық анатомиясы
. Әдетте, липидтер мен май қышқылдары 
жиналып, лимфостаз дамиды, сондықтан аш ішектің іргесі мен шажырқайы 
қатайып, шажырқайдағы лимфалық түйіндер ұлғаяды. Микроскоппен 
зерттегенде ішектің кілегейлі қабықшасының табақшасынан цитоплазмасы 
ШИФ-реактивімен жақсы боялатын макрофагтар (ШИҚ-болымды макрофагтар) 
айқын көрінеді. Бұндай макрофагтар
 
шажырқайдағы түйіндерде, бауырда, 
буындағы сұйықтықта 
да болады. 
Бациллатәрізді денешіктер
(206-сурет) 
электрондық 
микроскопты 
қолданғанда 
макрофагтар 
мен 
кілегейлі 
қабықшаның эпителийінен де көрінеді. Ішектің лимфалық түйіндері мен 
шажырқайдың май шоғырланған жерлерінде липогранулемалар қалыптасады.
206-сурет. Уиппл ауруы 
(шажырқайдағы лимфалық түйіндер)
:
. а–ШИҚ-болымды макрофагтар; б — 
макрофагтағы бациллатәрізді денешіктер. 13 500.
 
КОЛИТ 
Колиттің
даму барысында қабыну үдерісі кейде бүйенде (
тифлит
), тоқ 
ішектің көлденең бөлімінде (
трансверзит
), қима ішекте (
сигмоидит
), көтен 
ішекте (
проктит
) басым болады немесе тоқ ішекті түгел қамтиды (
панколит
). 
Колит жедел және созылмалы ағымды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет