Нуржігіт Алтынбеков
385
Бүйрек аурулары
Протеинурия мен су сіңіп ісіну байқалатын және жүрек ұлғаятын бүйрек
ауруларын XIX ғасырдың бас кезінде ағылшын дәрігері Р. Брайт бір топқа
біріктірген-ді.
Кейін аурулардың бұл тобы
Брайт ауруы
деп аталатын болды.
Бұдан шамалы уақыт бұрын бүйректе дамыған патологиялық үдерістің
басымырақ нысаны (қабыну, дистрофия, склероз) мен дамыған жеріне (шумақ,
өзекше, интерстиций) қарай, Брайт аурулары нефрит, нефроз және
нефросклероз топтарына жіктелетін. Емгер Фольгард
пен патологанатом Фар
ұсынған бұл классификация нефрологияның бүгінгі талабына сай келмейді.
Клиникалық пен иммунологиялық, биохимиялық пен морфологиялық
тәсілдерді
кең қолданып, бүйрек биоптатын зерттеу арқылы бүйрек
ауруларының мәні мен патогенезі және морфологиясы жайлы көптеген соны
деректер жинақталды. Бұл деректер арқылы бүйрек шумақтары қабынатын ауру
— гломеруланефрит — дербес ауру емес, бір топ аурулардың жиынтығы екені
дәйектелді. Ал бүйрек өзекшелерінің эпителийінде өрбіген дистрофия мен
некробиоз үдерістеріне негізделетін ауру — нефроз —
көбіне гломерулалық
сүзгі, яғни шумақтардың зақымдалу салдарынан дамитыны да соңғы кезде
анықталды. Сондай-ақ, бүйрек интерстицийінің қабынуына да (интерстицийлік
немесе аралық деп аталатын нефритке) үлкен мән берілетін болды.
Құрылым-қызметтік тұрғыдан, бүйрек ауруларын, яғни нефропатияларды, —
гломерулапатиялар мен тубулапатиялар тобына жіктеуге болады, ал
олардың
әрқайсысы жүре пайда болуы немесе тұқым қуалауы мүмкін.
Гломерулапатиялардың
даму барысында бірден және негізінен шумақтар
зақымдалып, бүйректің сүзгілік қызметі бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: