Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет474/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   832
Байланысты:
струков патан

Жүре болатын 
гломерулапатиялар
тобына 
гломеруланефрит, 
идиопатиялық 
нефроз 
синдромы, бүйрек амилоидозы, диабеттік және бауырлық гломерулосклероз 
жатқызылса, 
тұқымқуалайтын гломерулапатияларға
тұқымқуалайтын 
кереңді нефрит (Альпорт синдромы), тұқымқуалайтын нефрозды синдром және 
нефропатиялық амилоидоздың отбасылық нысандары кіреді. 
Тубулапатиялар
дамығанда бірден және негізінен өзекшелер зақымдалып
бүйректің концентрациялау (зәрді қанықтыру), реабсорбциялау (қайта сору) 
және секрет түзуі бұзылады. 
Жүре болатын тубулапатиялар
тобына бүйрек 
қызметінің жедел жеткіліксіздігіне морфологиялық негіз болып табылатын 
некрозды нефроз ауруы мен «миеломды бүйрек» және «подагралық бүйрек» 
аурулары жатады, ал 
тұқымқуалайтын тубулапатиялар
тобы өзекшелік 
ферментпатияларды қамтиды. 
Бүйрек ауруларының үлкен бір тобын 
интерстицийлік (аралық) нефрит

пиелонефрит
пен 
бүйректің тасты ауруы
және 
нефросклероз
құрайды. 
Нефросклероз көптеген бүйрек ауруларының салдары ретінде дамып, бүйрек 
қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне морфологиялық негіз болады. Бүйрек 


Нуржігіт Алтынбеков 
386
ауруларының ерекше тобына 
поликистоз
сияқты бүйректің құрсақта 
қалыптасатын кемістіктері мен 
бүйректің ісіктері
жатады. 
Гломерулапатиялар 
ГЛОМЕРУЛАНЕФРИТ 
Гломеруланефрит
— инфекциялық-аллергиялық немесе белгісіз себептен 
дамып, екі бүйректің шумақтары да диффузды яки ошақты, іріңсіз қабынатын 
(
гломерулит
) ауру. Оның клиникалық бейнесі бүйректің өзінің және басқа 
мүшелердің қызметінің бұзылуына негізделеді. Бүйректік симптомдарға 
олигурия, протеинурия, гематурия, цилиндрурия жатса, басқа мүшелер 
зақымдалғандықтан артериялық гипертония дамып, жүректің сол жақ бөлімі 
ұлғаяды, диспротеинемия, су сіңіп ісіну, гиперазотемия мен уремия көрініс 
береді. Аталған симптомдардың айқындығы әртүрлі, сол себепті, клиникалық 
тұрғыдан гломеруланефрит 
гематуриялы

нефрозды (нефроздық синдром),
гипертониялы
және 
аралас
нысандарға жіктеледі. 
Классификациясы
. Гломеруланефритті жіктеу үшін мына нышандар негізге 
алынады: 1) нозологиялық тегі: біріншілік — дербес және салдарлық 
гломеруланефриттер; 2) даму себебі: этиологиясы белгілі (әдетте, бактериялар, 
вирустар, қарапайымдар) және белгісіз гломеруланефриттер; 3) патогенезі: 
иммундық және бейиммундық гломеруланефриттер; 4) ағымы: жедел, жеделдеу 
және созылмалы гломеруланефриттер; 5) морфологиясы (қабыну үдерісінің 
топографиясы, даму барысы мен шумақтарды қамту сипаты). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет