Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Өкпе артериясы мен аортаның толық транспозициясы



Pdf көрінісі
бет674/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өкпе артериясы мен аортаның толық транспозициясы
– артериялық 
бағанның пердесі дұрыс бағытта бұрылып өспей, жүректің дұрыс дамыған басқа 
бөлімдеріне кері бағытта өсіп, қалыптасатын кемістік. Аорта жүректің оң 
қарыншасының алдыңғы жағында орналасады, ал өкпенің артериясы қолқаның 
артында жайғасып, сол қарыншадан басталады. Артериялық қан тек жүрек 
перделері ақаулы болса немесе артериялық өзек (Боталл өзегі) пен сопақша 
тесік бітелмесе ғана үлкен қанайналымына өте алады. Айқын бейнелі гипоксия 
мен цианоз байқалады (көк кемістік). 
Ал тәждік артериялар арқылы қан жүрмегендіктен, миокард ауыр 
зақымдалып, бала өмір сүрмейді. 
Өкпе артериясының стенозы (тарылуы) мен атрезиясы (бітелуі)
артериялық баған оңға ығысқанда қалыптасады. Көбіне қарыншааралық 
ақаумен және басқа да кемістіктермен бірге дамиды. Егер өкпенің артериясы 
тым тар болса, өкпе қанды артериялық (Боталл) өзек пен кеңіген бронхылық 
артериялардан алады; гипоксия мен айқын бейнелі цианоз байқалады (көк 
кемістік). 
Аортаның стенозы мен атрезиясы
– артериялық бағанның сол жаққа 
ығысуының салдары. Артериялық перде оң жақтан гөрі солға сиректеу 
ығысады, жүректің сол жақ қарыншасы мен жүрекшесі тым ұлғайып, жалпы 
цианоз байқалады. Бала өмір сүрмейді. 
Аортаның қылтасы тарылып (коарктация)
немесе тіпті мүлде бітеліп 
қалса да, зардабы онша болмайды. Қанайналымы қабырғааралық артериялар 
мен кеуденің іргесіндегі артериялардан қалыптасқан айналма жолдар арқылы 
және жүректің сол қарыншасының ұлғаюының нәтижесінде қалпына келе 
алады. 
Артериялық өзектің (Боталл өзегі) бітелмеуін кемістіктер қатарына осы өзек 
бітелмесе немесе 3 айдан асқан балаларда тым кеңіп кетсе ғана жатқызуға 
болады. Қан солдан оңға қарай ағады (ақ кемістік). Оның дербес түрін 
хирургиялық тәсілмен жөндеуге (коррекция) әбден болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет