Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет698/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   694   695   696   697   698   699   700   701   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
554
іркілгенде (кіндіктік бау оралып, шынайы түйіндер қалыптасып, т.с.с.) орын 
алады. 
Қан кету
. Қан жатырдың мойын тұсына бекіген немесе ерте сыдырылған 
плацентаның аналық бөлімінен кетеді. Жүкті ана нефропатиямен, инфекциялық 
аурулармен сырқат болса, қан плацентаның шараналық бөлімінен хорионның 
түктеріне құйылып, шарананың қан тамырлары жыртылса, қағанақ суы ағады 
(
гемамнион
). 
Сулы ісінген плацента
. Бұл патология көбіне жүкті ана гемолиздік немесе 
инфекциялық ауруға, диабетке немесе нефропатияға шалдықса, ал нәресте 
нефроздық синдроммен сырқат болып туғанда байқалады. Плацентаның аналық 
беті бозарып, массасы өседі. Микроскоппен хорион бүрлерінің суы ісініп, 2–3 
есе ұлғайғанын көреміз. 
Тромбоз
жүкті әйел токсикозбен, инфекциялық аурумен сырқат болғанда 
байқалады.Тромбылар түкаралық кеңістікте түзіліп, жұмыр, үсті тегіс, қызыл 
түсті, қатпарлы келеді. Кейде плацентаға микробты немесе ісік жасушалы 
эмболдар түседі. 
Инфаркт
 
– плацентаның түктері некрозды ошақ. Ол қанмен дұрыс 
қамтамасыз етілмеген түктерде дамиды. Қалыпты ретпен «тозған» плацентада 
бірен-саран ғана инфаркт қалыптасса, жүкті әйел гипертония, токсикоз, диабет 
сияқты аурулармен сырқаттанып, оның қан тамырлары спазмға, тромбозға 
бейім тұрса, инфаркт ошағы әрі көп, әрі ірі болады. Плацентаның түктері 
ананың қаны арқылы ғана қоректенеді, сондықтан қанайналымның шаранада 
бұзылуы инфарктіге ұшырата қоймайды. Инфаркт ақшыл сары түсті, конус 
тәрізді немесе түрлі пішінді болып, кейбіреуі бірнеше котиледонды қамтиды. 
Микроскоппен зерттегенде бірнеше түктер тобын қамтыған некрозды 
аймақтарды көреміз, олар ұйыған қанмен қоршалады. Егер инфарктінің 
ошақтары плацентаның едәуір бөлігінде орын алса, шарана гипоксияға 
ұшырайды. Кіші көлемді инфарктінің нәрестеге айтарлықтай әсері болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   694   695   696   697   698   699   700   701   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет