Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет692/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   688   689   690   691   692   693   694   695   ...   832
Байланысты:
струков патан

түкаралық кеңістік
деп аталады. Ана мен шарана арасындағы қанайналымы 
осы кеңістікте жүзеге асады. Ана мен шарананың қанының арасын бірқатар 
биологиялық мембраналар бөліп тұрады: трофобластылық жасушалар, 
түктердің босаң стромасы, хориондағы қан тамырларының эндотелийі мен 
базал мембранасы. 
Жүктіліктің соңғы кезеңінде хорион табақшасына, трофобласт пен децидуа 
тінінің арасындағы түкаралық кеңістікті шектеп тұратын тінге және базал 
табақшаның терең қабатына біртекті, ацидофилді заттар – фибрин мен 
фибриноид тұнады. Базал табақшадағы фибрин мен фибриноидты қабат – 
Нитабух қабаты
деп аталса, хориондағы ондай қабат – 
Лангханс қабаты
деп 
аталады. Шараналық қабатты децидуалық қабықша мен тегіс хорион және 
амнион құрайды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
550
Бала жолдасының құрамдас бөлігі – 
шараналық қабық
– ақшылдау боз түсті, 
бұлыңғырлау, іркілдек жыртық қапшық; оның шараналық және аналық беті бар. 
Шараналық бетін амнион мен тамырсыз дәнекер тін құрайды. Амнион 
мембранада жайғасқан, текшетәрізді эпителиймен астарланып, тегіс хорионмен 
жанасып жатады. Тегіс хорион талшықты дәнекер тіннен құрылып, аналық беті 
трофобластылық жасушалардың біренеше қабатымен және децидуалық 
қабықшамен жабылған. 
Кіндіктік бау
– орташа ұзындығы 50 см, жуандығы 1–1,5 см, жіп тәрізді ирек 
құрылым. Ол миксоидты тіннен құрылып (Вартон іркілдегі), сыртқы амнионмен 
жабылған. Кіндіктік бау арқылы вена мен қос артерия өтеді. Кіндіктік баудың 
көлденең кесіндісінен үшбұрыш түзіп жайғасқан қан тамырлары мен олардың 
ортасындағы урахусты (аллантоистың қалдығын) көреміз. 
Мерзімдік өзгерістері 
Плацента жүктіліктің соңғы кезеңінде, әдетте түрлі өзгеріске ұшырап, 
жүктілік өз мерзімінен асып кетсе ғана ауыр зақымдалады. 
Макробейнесін зерттегенде плацентаның аналық бетінен ақшыл сары түсті 
некрозды ошақтар мен кальцинозды аймақтарды көреміз. Жүктілік өз 
мерзімінен асса, аталған үдерістер дамып қана қоймай, плацента ағарыңқырап, 
котиледондары біріге бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   688   689   690   691   692   693   694   695   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет