Нуржігіт Алтынбеков
552
Туу кезеңінде жатырдың мойны ашылып, плацента одан сыдырылып, қан
кетеді. Әсіресе, қан плацента жатыр мойнының ортасында жайғасқанда тым көп
кетеді, ананың өміріне қауіп төніп, шарана гипоксиядан өледі. Қатерлі
патологияның бұл нысаны көбіне операция жасауға мәжбүр етеді. Бластоциста
жатыр қуысынан басқа жерге бекісе, жатырдан тысқы жүктілік дамиды.
Плацентаның сыдырылуына байланысты кемістіктері
. Плацента кейде
терең бекіп өседі немесе ерте сыдырылады.
Терең бекіген плацента (pl. accreta)
. Бластоциста терең (бетінің жартысынан
артығына) бекісе, хорионның түктері эндометрийге, тіпті миометрийге дейін
жайылады. Көбіне децидуалық тін дұрыс жетілмей қалады. Бұған эндометрит,
жатыр қуысын жиі қыру, т.с.с. факторлар себеп болады. Терең бекіген плацента
шарана туылғаннан кейін дұрыс сыдырылмайды, сондықтан жатырдан қан
кетіп, операция жасауға, тіпті жатырды алып тастауға (ампутация) мәжбүр
етеді.
Ерте сыдырылған плацента
– баланың орнының шарана туылмай тұрып
жатырдан ажырауы. Бұл кемістіктің себебі де әлі белгісіз, көбіне уытты әсерлі
жүктілік кезінде байқалады. Плацентаның орталық бөлігі ерте сыдырылса,
аналық беті мен жатыр қабырғасының арасында гематома пайда болады, ал
оның жиегі ерте сыдырылса, жатырдан қан кетеді. Бала жолдасы ерте
сыдырылса, шарана құрсақта гипоксиядан өледі.
Кіндіктік баудың кемістіктері
. Кіндіктік бау тым ұзын немесе қысқа болып,
плацентадағы орнынан ауытқып, қан тамырлары шала жетіліп туады, кейде
оның құрамында сарыуыз өзекшесі немесе урахус ұзақ сақталады.
Ұзындығы 40 см-ден кем болып бітсе, кіндіктік бау
қысқа
болғаны. Кіндіктік
бауы ондай шарана құрсақта дұрыс қимылдай алмайды, көбіне көлденең
жатады немесе жамбасымен туады. Туу барысында кіндіктік бау тым керіліп,
плацентаны жыртып жібереді, ерте сыдырады. Кейде кіндіктік бау мүлдем
қалыптаспай, шарананың денесіне жабысып бітеді; бұл кемістік сирек
байқалады. Ұзындығы 70 см-ден асса, кіндіктік баудың
ұзын
болғаны. Тым
ұзын кіндіктік бау шарананың дене мүшелеріне оралып, түйін түзіп, буылтықты
болады, кейде шаранадан бұрын туады.
Достарыңызбен бөлісу: |