Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет697/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   693   694   695   696   697   698   699   700   ...   832
Байланысты:
струков патан

Сулы қағанақ (polihydroamnion
). Кейде қағанақта су 2 л, тіпті одан да көп 
болады. Бұл кемістік, көбіне, гемолиздік ауру, диабеттік фетопатия сияқты 
фетопатияларға, кейбір эмбриопатияларға да қосарланады. 
Суы аз қағанақ (oligohydroamnion)
– қағанақтағы судың мөлшері 500 мл, 
одан да аз болады; көбіне, шарана мен плацента шала жетіліп, эмбриопатиялар 
байқалады. Қағанақта судың азаюына бүйрек пен өкпе кемістіктерінің қатысы 
жоқ. Қағанақта судың аз немесе көп болу себебі мен патогенезі әлі 
анықталмаған. 
Амниондық бірікпелер (Симонар жолақтары)
– амнион мен шарана 
гиалинденген тығыз дәнекер тінді жолақтар мен жіпшелер арқылы жалғасады. 
Бұл жолақтардың қысымынан жетілген шарананың денесінде жүлгелер 
қалыптасады, кейде қолдың саусақтары, аяқтың башпайлары, білек, балтыр, 
қар, сан қиылып қалады (ампутация). Бірікпелердің кейбіреуі шарананың 
тұлғасына бекиді. Олар эмбрионға тератогенді әсер етіп, қол мен аяқ шала 
жетіледі, кеміс туады. Дәнекер тіндік жолақтар амнион зақымдалғанда, 
қабынғанда, ж.б. себептерден туындайды. Тұқымқуалайтын факторлардың әсері 
де жоқ емес. 
Сирек кездесетін кемістіктердің бірі – 
шала амнион
; эмбрионның бір бөлігі 
қағанақтан тыс жайғасып, хорионмен бірігіп, ауыр кемістікке ұшырайды. 
Қанайналымының бұзылуы 
Плацентаның диффузды ишемиясы
.
Бұл патология гемолиздік аурудан 
дамыса, су сіңіп ісіну қосарланады. Сондай-ақ, ол постгеморрагиялық жағдайда 
және шарана өлі туғанда байқалады. Плацентаның әсіресе аналық беті 
бозарыңқырайды. Микроскоппен түктердің соңғы тарамдарындағы капиллярлар 
қабысып, синцитийлік бүршіктер түзілгені байқалады. Ишемиялық ошақтар 
шарананың анемияға ұшырағанын дәлелдеп, кейде сол себепті өлгенін 
көрсетеді.
Плацентаның 
диффузды гиперемиясы
жүкті әйел жүрек-тамыр жүйесінің, 
басқа да мүшелердің ауруларымен сырқаттанса және кіндіктік венаға қан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   693   694   695   696   697   698   699   700   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет