Нуржігіт Алтынбеков
563
Эпидуралық
қан
кету
деп – бассүйектерінің ішкі беті мен мидың қатты
қабықшасының арасына қанның жиналуы аталады. Ол бассүйектерінің зақымды
жерінде қалыптасып, ауқымды болады, төбе сүйектерінің тұсында сирек байқалады.
Оны
ішкі
кефалогематома
деп те атайды.
Субдуралық кеңістікке құйылған қан
ми тінінің үстінде жайғасып, көлемді болады;
көбіне мишықтың жамылғысы, орақ тәрізді өскін, көлденең және тік синустар, мидың
үлкен венасы (
Гален
венасы
) жыртылғанда байқалады.
Лептоменгийлік кеңістікке құйылған қан
мидың өрмелі және қантамырлы
қабықшаларының арасына жиналып, сагиттал және көлденең синустарға құйылатын
ұсақ веналар жыртылғанда байқалады.
Мишықтың жамылғысы жыртылса, қан кейде
мидың бағанын түгел қоршайды. Дегенмен, ол әдетте мидың бір жағын ғана зақымдап,
асфиксиялық қанды ошақтан көлемдірек болады.
Мишықтың жамылғысы жыртылса
, көбіне өлімге ұшыратады; Ол туу
кезеңінің патологиясы. Бұл патология туу әрекеті қысымынан бастың пішіні
өзгеріп, мишықтың жамылғы қабаттары біркелкі керілмегендіктен дамиды;
қазір сирек байқалатын болды. Мишық жамылғысының кейде бір қабаты, енді
бірде, қос қабаты жыртылады, қан мидың шүйде және самай бөлімдеріндегі
қатты қабықшаның астына құйылып, ауқымды болады (308-сурет. Нәресте
көбіне сопақша миы қысылғандықтан өледі; өйткені, мидағы сұйықтықтың
ағысы тежеліп, мидың тіні су сіңіп тым ісінеді.)
Достарыңызбен бөлісу: