Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет707/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   703   704   705   706   707   708   709   710   ...   832
Байланысты:
струков патан

Туу жарақаты 
Туу жарақаты
деп – тіндер мен мүшелерде туу кезеңіндегі механикалық 
күштің әсерінен туындаған әртүрлі зақымдар аталады. Қазіргі 
акушерлік
(кіндік 
шешелік) көмек жақсы болғандықтан, туу жарақаттары едәуір азайды. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Туу жарақаттары шарананың жағдайымен, 
жүкті ананың жыныстық жолының қалпымен және туу әрекетінің барысымен 
тығыз байланысты. 
Шарананың жағдайымен байланысты
себептер 
мыналар:1) шарананың тіндеріндегі веналарға қан іркілтетін тума кемістіктер – 
эмбриопатиялар; 2) геморрагиялық синдром байқалатын фетопатиялар; 3) 
плацентаның жеткіліксіздігінен шарананың гепоксияға ұшырауы; 4) шала 
туғандық пен кешеуіл туғандық. Шала туғандардың тіндері де шала жетіледі, 
сондықтан құрамында эластикалық талшықтар өте аз болады да, жыртылуға 
бейім келеді. Сол себепті, қан тамырларының өткізгіштігі де өте жоғары. Жаңа 
туғандардың, әсіресе шала туғандардың бауыры толық жетілмейді, бұның 
салдарынан бауырда түзілетін протромбин мен қанды ұйытатын VII, IX және X 
факторлар кемиді. Бұл заттар витамин К және Р тапшылығынан да азаюы 
мүмкін. Шала туғандардың бассүйектері жұмсақтау, сондықтан туу әрекетінің 
әсерінен олар ішке қарай иіліп, мидың тіндеріне қысым туғызады. Кешеуіл 
туғандарда плацента кері дамып, тіндер гипоксияға ұшырап, бұл да тіндердің 
оңай жарақаттануына себеп болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
562
Жүкті ананың 
жыныстық жолының қалпымен
байланысты себептер: 1) туу 
арнасының ригидтілігі (тым тығыздылығы) шарана өткенде туу арнасының 
керіліп, кеңеюіне кедергі туғызады; 2) жамбас қисық бітіп, көлемінің өзгеруі 
(тар жамбас, рахиттік жамбас); 3) туу арнасының ісіктері; 4) қағанақ суының 
аздығы және қабықшаларының ерте жыртылуы; әдетте, қағанақ суы жыныстық 
жолдың тіндерін керіп, шарана басымен дұрыс қыстырылып, жылжып өтуіне 
сеп болады. 
Туу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   703   704   705   706   707   708   709   710   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет