Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Аддисон ауруы кезіндегі тері



Pdf көрінісі
бет91/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   832
39-сурет. Аддисон ауруы кезіндегі тері:
а — эпидермистің базал қабатына меланоциттер шоғырланған; 
дермада меланофагтар көп; б — терідегі меланоцит. Цитоплазмасында меланосома көп. Я — ядро. 
Электронграмма. 10 000.
 
Алмасуы бұзылған
кезде меланинің мөлшері тым көбейеді немесе ол мүлде 
түзілмей қалады. Меланин алмасуы бұзылуының жайылмалы және жергілікті, 
жүре болатын және тума түрлері бар.
Жүре болатын жайылмалы гипермеланоз (меланодермия)
, әсіресе 
Аддисон 
ауруында
айқын бейнелі (39-суретті қара). Ол көбінесе бүйрекүсті безін 
туберкулез немесе ісік зақымдағанда дамиды. Аддисон ауруына тән 
гиперпигментацияның дамуына бүйрекүсті безі зақымдалған кезде тирозин мен 
ДОФА-дан адреналиннің орнына меланиннің көп түзілуінен ғана емес, 
адреналиннің қандағы мөлшерінің азаюына қарсы жауап ретінде АКТГ 
түзілуінің жандануы да себеп болады. АКТГ-нің әсерінен меланоциттерде 
меланосома көбейіп, меланиннің түзілу қарқыны артады. Меланодермия 
эндокриндік өзгерістерден (гипогонадизм, гипопиуитризм), авитаминоздан 
(пеллагра, құрқұлақ), кахексиядан, көмірсутекті заттармен уланғанда да 
дамиды. 
Жайылмалы тума гипермеланоз (пигменттік ксеродерма)
терінің 
ультракүлгін сәуленің әсеріне сезімталдығынан дамиды. Тері пигменттене 
теңбілденіп, шамадан тыс қасаңданып (гиперкертоз), суланып ісінеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
87
Жүре болатын жергілікті меланоздар
тобына созылмалы қатпамен 
сырқаттанатындарда байқалатын ток ішектің меланозы және гипофиздың 
аденомасы, гипертиреоз, қантты диабет дамытатын терінің гиперпигментті 
ошақтары (
қара
акантоз
) жатады. Меланиннің ошақты көбеюі пигментті дақтар 
(беттің сепкілі, лентиго) мен пигментті невустарға да тән. Пигментті невустар 
қатерлі ісік – 
меланомаға
ұласуы мүмкін. 
Жайылмалы гипомеланоз, 
яғни
 
альбинизм
(латынша: 
albus
– ақ) 
тирозиназаның тұқымқуалайтын жеткіліксіздігінен дамиды. Альбинизмге тән 
бейне - шаш пен түк түбірінде, эпидемрис пен терінің өзіндік қабатында 
(дерма), көздің нұрлы және торлы қабықшаларында меланин болмайды. 
Ошақты гипомеланоз
(лейкодерма, яғни витилиго) меланогенездің 
нейроэндокриндік реттелуі бұзылғанда (алапес, гиперпаратиреоз, қантты 
диабет), меланинге қарсы антидене түзілгенде (Хасимото жемсауы), терінің 
қабынған немесе некрозды жерлерінде (мерез) пайда болады. 
Асқазан–ішек 
жолының 
түрлі 
бөлімдеріне 
шашырай 
жайғасқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет