Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет570/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   566   567   568   569   570   571   572   573   ...   832
Байланысты:
струков патан

басты буынның бірі
— Т-
лимфоциттердің (хелперлердің) зақымдалуы ЖИТС-пен ауыратындарда 
лейкопения өршітеді. Т-хелперлер азайып қана қоймай, Т
4

8
шамалық 
қатынасы да төмендеп, ЖИТС кезінде 1-ден аспайды. Т
4

8
шамалық 
қатынасының төмендеуі — 
ЖИТС-ке тән иммунитет тапшылығының басты
ерекшелігі
; ол аурудың барлық клиникалық варианттарында орын алады. 
Т-лимфоциттер цитопатогенді әсерден ғана жойылмайды. Көбінесе вирус 
жұққан жалғыз жасуша 500 қалыпты жасушамен әрекеттесіп, тіршілік қабілеті 
өте төмен көпядролы жасушалар симпластысын түзеді. Вирус жұққан 
жасушалардың беткейінде экспрессияланған вирустық антигендердің әсерінен 
иммундық жауап жанданып, анти-АИВ-антиденелер мен цитоуытты 


Нуржігіт Алтынбеков 
461
лимфоциттер пайда болып, зақымдалмаған және зақымдалған Т
4
-
лимфоциттерді ерітіп, жояды. Бұл жерде бір ескертетін жайт, зақымдалмаған 
Т
4
-лимфоциттер зақымдалған вирустан босап, қан арнасына шыққан 
гликопротеидтер молекуласымен қосылыс түзіп барып жойылады. ЖИТС-пен 
ауырғанда Т
4
-лимфоциттер 
азайып қана қоймай, ерітіндіде қалатын 
супрессиялық фактор да жойылатыны, сол себепті Т
4
-лимфоциттер 
антигендерді ажырата алмай қалатыны соңғы кезде белгілі болды. 
Иммунитеттің «дирижері» болып табылатын Т
4
-лимфоциттердің сапасы 
өзгеріп, саны кемігендіктен және вирус макрофгтарды да зақымдайтындықтан, 
ең алдымен жасушалық, кейін гуморальдық иммунитет те ауыр өзгеріске 
ұшырайды. 
Жасушалық 
иммунитет 
зақымдалғандықтан, 
ЖИТС-пен 
ауыратындардың гиперсезімталдықтың баяу нысанындағы (ГБТ) жауабы 
алғашқы кезде күрт нашарлап, аурудың соңғы кезеңінде толық тоқтайды, іn 
vitrо бластрансформациялық жауап тежеледі. Гуморальдық иммунитет 
зақымдалғандықтан, В-жасушалар бейспецификалық негізде поликлонды 
жанданып, қан сарысуындағы иммундық глобулиндердің мөлшері артады. Бірақ 
ауру меңдей
келе, спецификалық гуморальдық жауап біртіндеп нашарлай 
береді. 
АИВ жасушамен ерекше әрекеттесетіндіктен және иммундық жүйе ерте әрі 
тез зақымдалатындықтан, организм АИВ-ті сыртқа шығара алмайды, қосымша
инфекцияға да қарсы тұра алмай қалады. Ол басқа вирустар мен 
саңырауқұлақтарға 
да, 
кейбір 
бактерияларға 
(мысалы, 
туберкулез 
микобактериясына) да дәрменсіздік байқалтады. Сөйтіп, ЖИТС-тің басты 
клиникалық бейнесі — оппортунистік инфекциялар мен ісіктер қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   566   567   568   569   570   571   572   573   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет