Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет28/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
эритробласттар, 
мегакариобласттар, 
лимфобласттар,мегакариоциттер,промиелоцит 
тер, 
промоноциттер, пролимфоциттер және қанның толық дифференцияланған пішіндік элементтері 
жатады.
Тамырлық компонент: қабырғасы өте жұқа, ерекше посткапиллярлы синус тамырларының болуы, 
оның қабырғасын иммунды функция (анықтау, сұрыптау, антигенді қармап алу т.б) атқаратын 
эндотелиоцит жабады. Базалды мембрана көп жерінде болмайды. Синус қабырғасы саңылауы 
арқылы толық дамыған қан жасушалары ғана өте алады. 
Сүйектің сары кемігі (желтый костный мозг) ересек адамда түтікшелі сүйектің диафизінде 
орналасқан. Ол май (3) жасушаларынан (адипоцит) тұрады. Қанөндіру функциясын атқармайды. 
Қанды көп мөлшерде жоғалтқан жағдайда, оған гемопоэтикалық жасушалар өтіп қызыл кемігіне 
айналып, қанөндіру аралшықтары пайда болады. Қызыл және сары сүйек кемігінің аралықтарында 
анықталған шекара жоқ. 12-жасқа дейін сүйектің эпифиз және диафизінде сүйектің қызыл кемігі , 
ал ол 18 жастан кейін диафиздегі сүйектің сары кемігіне ауысады. Егде жаста екеуі де сілемейлі 
консистенцияға ауысып желатинозды сүйек кемігі деп аталады. 
СҚК физиологиялық және репаративті регенерациялық қабілеті жоғары. Гемопоэз 
жасушаларының даму көзі, бағана жасушалары болып саналады. СҚК регенерациясының 
қарқындылығы арнайы өсуді демеуші факторлар мен микроортасына байланысты жүреді. СҚК 
шеткі қанөндіру ағзаларының гемопоэз дифферондарының дамуына қажет стромалық бағана 
жасушалардың даму көзі болып табылады. Практикалық медицинада қатерлі ісік химиотерапиясы 
кезінде, қанның туа біткен сырқаттарын және т.б емдеу үшін, трансплантациялау мақсатында 
гемопоэздік бағана жасушаларды кіндік бау қанынан, плацентадан, сүйектің қызыл кемігінен алу 
әдістері кеңінен қолданылады. 
27.Тимус. Құрылысы мен қызметі. Оның Т- лимфоцитопоэздегі маңызы. Қыртысты және милық 
заттарының тіндік құрамы. Гематотимустық тосқауыл.Тимустың адам жасына байланысты және 
акцидентальды инволюциясы. 
Тимус - лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі . Сүйек кемігінен келген Т - 
лимфоциттердің антигенге тәуелсіз ізашары тимуста әрі қарай дамып , жасушалық иммунитет 
реакцияларын жүзеге асырып , гуморальді иммунитетті реттейді . Жаңа туған жануарлардың 
тимусын алып тастаса , ( тимэктомия ) барлық қан жасайтын мүшелерде лимфоциттер саны 
азайып , кіші лимфоциттер жойылады да , жалпы лейкоциттердің санының күрт төмендеуі ( 
мүшелердің атрофиясынан , мүшелер қанданады ) және тағы басқа белгілер байқалады . Мұндай 
кезде ағза көптеген инфекциялы - жұқпалы ауруларға өте сезімтал келеді . 
Дамуы . Тимустың бастамасы ұрықтық дамудың алғашқы айында жұтқыншақтың эпителиінің Ш - 
IV желбезек қалталарының құрамындағы көп қабаты эпителий тізбегінен пайда болады . Ұрықтың 
дамуының 7 - аптасында адам тимусының эпителиі құрамында алғашқы лимфоциттер дамиды . Ал 
, 11-12 апталық ұрықта ( эмбрионда ) лимфоциттердің бөлінуі жүзеге асады да , Т - антиген пайда 
болады ( арнайы рецепторлар ) . 3 - айлык нарестеле тимустың паренхимасында кыртысты және 
боз затынын бөліктері байқалады . Боз затының стромасында қабатталған эпителиальды 
денешіктер пайда бола бастайды ( Гассаль денешігі ) . 
Құрылысы . Тимустың сырты дәнекер тінді капсуламен қапталған . Капсула астында бездің 
негізін түзетін өсінділі жасушалардан тұратын эпителий тіні . Без капсуласынан көптеген перделер 
тарап , безді бірнеше бөліктерге бөледі . Тимустың әрбір бөліктері оның кыртысты және боз 
затынан тұрады .
Қыртысты заты . Тимус бөліктерінің бұл затында көптеген T лимфоциттері болады . Қартысты 
затында немесе аймағында ірі лимфоидты жасушалар , лимфобластар , Т - лимфоциттерінің сүйек 
кемігінен келген ізашарлары орналасады . Тимустың негізін түзетін эпителиальды ретикулоциттер 
бөлетін гормон тимозиннің әсерінен аталған лимфоциттер , көбейеді де лимфоциттердің жаңа 
түрлер әрбір 6-9 сағат сайын пайда болып отырады . Қыртысты заттағы Т - лимфоциттері қан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет