Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет31/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
ІІІ- фолликулада күнгірт түсті шеткі аймағының анық білінуі , бұл жерде өте ұсақ лимфоциттердің 
жиынтығы пайда болады . 
ІҮ - ашық түсті реактивті немесе көбею орталықтың кіші лимфоциттермен қоршалуы немесе 
тыныштық кезеңі деп аталады . Мұндағы кіші лимфоциттердің құрамында көбінесе В - еске сақтау 
жасушасы басымырақ болады . Әрбір 2-3 сағатта реактивті орталық өзгеріп отырады , кейде ашық 
білінбейтін кездері де байқалады . Лимфа сұйығымен келген антигендерді макрофагтар 
рецепторлары аркылы В - лимфоциттерге информация береді . Осының нәтижесінде В - 
лимфоциттер иммунобластарға айналады да , көбейіп біразы плазмоциттерге , қалғаны еске 
сақтау жасушаларына айналады.
Қос қыртысты аймағы - бұл қыртысты затпен милы заттың арасында орналасқан паракортикальді 
немесе тимусқа тәуелді бөлігі . Мұнда көптеген Т - лимфоциттер бар . Бүларға микроқоршау 
болып макрофагтар мен фагоцитоз қызметін жойған интердегитацияланған жасушалар топтары 
орналасқан бөлігі жатады . Бұл жасушалар бір - бірімен саусақ тәрізді өсінділер мен байланысады . 
Интердегитацияланған жасушалардың негізгі қызметі гликопротеидтерді синтездеп , гуморальді 
лимфоцитогенезге қатысады . Интердегитацияланған жасушалар лимфа сұйығымен теріден келген 
деген болжам бар . Бұлар эпидермистің құрамындағы макрофагтар - Лангерганс жасушаларының 
бір түрі . Түйіннің бұл аймағында Т лимфоциттер , оның ішінде Т - хелперлер басымырақ . Бұл 
зона тимусқа тәуелді . Сонымен , бұл аймақта Т - жасушалардың түрленуі мен көбеюі өтеді .
Түйіннің боз заты - жұмсақ баулар түрінде түйіннің ортасында орналасқан бөлігі . Негізі 
ретикулярлы тін , құрамында В - лимфоциттер , плазмоциттер мен макрофагтары бар . Лимфа 
түйінінің бұл бөлігінде плазмоциттердің пісіп жетілуі жүреді . Плазмоциттер синтездейтін 
иммуноглобулиндерінің ең көбі - " G - иммуноглобулин ” болып табылады . Боз заттың құрамында 
көптеген қан тамырлары мен синустар болады . Синустар бірнеше топқа бөлінеді . Синустарды 
түйінге келген лимфа тамырларының жалғасы деп қарауға болады . Синустар : капсула асты - 
немесе шеткі және аралық , милы заттағы орталық синустар болып бөлінеді . Бұл синустардың 
құрамында макрофагтар мен лимфа тамырларының қабырғасын коршайтын эндотелиоциттер , 
олар бекінген базальді мембрана . Синустардың негізін ретикулярлы тінде түзеді . Синустардың 
құрылысы лимфа түйінінің аймақтарына ұқсас . Тек синустардан өткен лимфа сұйығы 
лимфоциттердің жаңа түрімен байытылып , толықтырылып отырылады . Осыған байланысты 
түйіндегі синустар корғаныс есебіндегі сүзгі қызметін атқарады . Синустардан өткен 
антигендердің біразы фагоцитоз әдісімен жойылады . Лимфа түйіндері сыртқы және ішкі 
факторларға өте сезімтал келетіндіктен , көптеген ионизациялық радиациялардың әсерінен 
лимфоциттер жойылып , түйіннің иммунды қызметі төмендейді . Біраз гормондардың әсерінен 
түйінде керісінше лимфоциттердің көбеюі , жалпы мүшелердегі лимфоидты тіндердің ісінуіне 
әкеліп соғады. Васкуляризациясы . Қақпадан лимфа түйіндеріне келген қан тамырлары оның 
ішінде артериялар көптеген тармақтарға бөлініп кетсе , ал біразы транзитті түрде тармақталмай - 
ақ түйіннен тік өтіп отырады . Түйіндегі гемакапилляр торы венозды жүйеге , одан 
посткапиллярлы венулаларға айналады . Қабыну процестері кезінде түйіндегі синустарда кейде 
эритроциттердің пайда болуы байқалады . 
Иннервациясы . Афферентті және эфферентті нерв талшықтары аркылы жүзеге асады . Түйін 
капсуласында интрамуральді нерв түйіндер болады . Капсулалы және капсуласыз да нерв ұштары 
кездеседі .
Жасқа байланысты ерекшеліктері . Балаларда 3 жасқа дейін лимфа түйіндері дамып жетіледі . 1 
жастағы баланың лимфа түйінінде көбею орталығы пайда болып , онда В - лимфоциттер мен 
плазмоциттердің саны өседі . 4 жас пен 6 жас арасындағы балада көптеген фолликулалары мен боз 
заты , ондағы перделері дамиды . 6 жастан 12 жас аралығында лимфа түйіндерінің барлық 
құрылымдары ең жоғарғы даму деңгейіне жетеді . Егде тартқан адамдарда түйіннің кобею 
орталығы жойылып , түйінін перделерi калындап , көбейеді . Макрофагтардың қызметі бәсендеп , 
көптеген түйіндерде кері даму процестері байқалып , тіпті атрофияға да үшырап , түйінде май 
тіндері пайда болады . 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет