Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет30/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
. Егер жас төлдің ( малдың ) тимусын алып тастаса , шеткі қан түзілетін мүшелерінің дамуы 
бұзылып , денесі өспейді. 
28. Лимфа түйіндері. Құрылысы мен тіндік құрамы. Қыртысты заты, милы заты және 
паракортикальді аймағы. Синустар жүйесі. Васкуляризациясы. Лифа түйіндердің дамуының 
гистофизиологиясындағы қантамырлардың рөлі. Жасқа байланысты ерекшеліктері. 
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ ( NODULI LIMPHАTІСІ ) - лимфа тамырларының бойында орналасып , 
лимфопоэтикалық , иммунды қорғаныс кызметтерін атқарып , қанның құрамындағы 
лимфоциттерді үнемі жаңалап отырады . Лимфа түйіндерінде “ Т ” және “ В ” - лимфоциттерінің 
дифференцировкасы өтіп , еске сақтау жасушасы пайда болады . Түйіндер дөңгелек немесе 
сопақша келген , мөлшері 0,5-1 см . Пішіні бұршақ тәрізді , дөңес беткейінен лимфа тамырлары 
кіріп , ойыс бөлігінен лимфа мен вена тамырлары шығады , ал артерия мен нервтер кіреді . Міне , 
осы бөлігін қақпасы деп атайды . Осы ерекшелігіне байланысты да лимфа түйіні сүзгі қызметін де 
атқарады . Түйінге келген лимфа сұйығы сүзіліп , тазаланып 95-99 % бөтен текті заттардан , 
антигендерден , сонымен бірге көп мөлшерде судан белоктардан , майлардан арылып , оның 
есесіне антиденелермен лимфоциттердің жаңа түрлерімен байытылып отырады .
Дамуы . Адам ұрығының 2-3 айында пайда бола бастайды . Түйін қан тамырлары мен лимфа 
тамырларының бойында орналасқан мезенхимадан бастау алады . Ұрықтың 16 - атасында түйіннің 
стромасында макрофагтар көбейіп , 5 - айдың соңында дефинитивті қан түзу мүшесіне айналады . 
Эмбриогенездің аяғында лимфа түйінінің барлық құрылымдары пайда болып , қыртысты затында 
фолликулалары , ал милы затында баулары мен синустары , ондағы Т және В - зоналары дамиды . 
Құрылысы . Сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалған . Стромасы ретикулярлы тінінен тұратын 
түйіндер . Капсуласында көптеген коллаген , ғана эластин талшықтары болады . Капсуладан 
түйіннің ішіне қарай өте жіңішке дәнекер тінді перделер немесе трабекулалар тарайды . Мұндай 
трабекулалар түйінді бөліктерге бөледі . Түйіннің шеткі бөлігі - қою түске боялған қыртысты 
аймағы , құрамында көптеген лимфатикалық фолликулалары бар , ал ортаңғы бөлігі қос қыртысты 
аймағы , түйіннің ортаңғы бөлігі милы заты болып табылады . Милы заты жұмсақ баулар мен 
синустардан түзілген . Қыртысты зат пен милы затының көп бөлігі В лимфоциттерден 
тұрғандықтан , В - аймағы болса , ал қос қыртысты -аймағы , тимусқа тәуелді зона немесе Т - 
аймағы деп аталады , мұнда көбінесе Т лимфоциттер болады .
Қыртысты заты . Мұнда көптеген лимфатикалық фолликулалар болады d = 0,5-1 мм . 
Фолликулалардың негізін ретикулярлы талшықтар түзеді . Осы талшықтардың арасында : 
лимфоциттер , лимфобластар , макрофагтар орналасады . Ал түйіннің шеткі жағында кіші 
лимфоциттер бар . Түйіннің құрамындағы ретикулоэндотелиальді жасушалар арасында “ жиектік 
макрофагтар ” көрінеді . Түйін ортасы ашық түсті , боялған лимфоциттері аз , мұнда лимфобластар 
, дендритті жасушалар болады , бұларға макрофагтардың бір түрі жатады . Мұндағы лимфобластар 
әртүрлі бөліну сатысында болатындықтан , түйіннің бұл ішкі бөлігі герминативті орталық немесе 
көбею орталығы деп те аталады . Кейде ағзаға көптеген инфекциялардың келіп түсуінен бұл 
орталық үлкейіп те кетеді , мұндай жағдайда реактивті орталық деп те атайды . Реактивті 
орталықтағы өсінділі " дендритті " жасушалары макрофагтардың бір түрі болып саналады . " 
Дендритті " мұндай макрофагтар цитоплазмалық рецепторлы өсінділерімен иммуноглобулинді 
бөліп антигендерге қарсы иммунды қорғаныс қызмет атқарады . Морфологиялық құрылысы 
жағынан бұлардың цитоплазмасында рибосомалары мен лизосомалардың аздығымен сипатталады 
. Лимфа түйіндерінің қыртысты аймағындағы лимфатикалық фолликулалардың пішіні мен 
құрылысы үнемі өзгеріп отырады , бұл жалпы ағзаның физиологиялық жай - күйіне байланысты 
өзгеріс болып табылады . Осыған байланысты , фолликулалардың төрт түрі ажыратылады . 
І - түрі бастапқы кезеңдегі - көбею орталығының біліне бастауы .
ІІ - көбею орталығының толық дамуы .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет