Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет26/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126

5

другие вопросы, возникающие в педагогических ситуациях или раздумьях, создают повод для 

того, чтобы овладеть наиболее трудоемкой управленческой компетенцией – уметь осуществлять 

педагогический анализ. Педагогический анализ предполагает организацию образовательного 

процесса максимально комфортного и одновременно развивающего для каждого ученика при 

реализации элементов технологии. Технология успеха ученика может пониматься не только 

как  увеличение  учебной  информации,  но,  прежде  всего,  как  постоянный  рост  его  учебных 

возможностей. В своем проекте постарались систематизировать учебные приемы и задания 

по основным критериям учебного успеха ученика. В условиях существующей конкуренции 

на  рынке  образовательных  услуг  каждый  потенциальный  ученик  –  это  не  только  будущее 

школы, но и ее престиж, своеобразная аттестация школы на востребованность. На основании 

изученного  теоретического  материала,  а  также  из  собственного  опыта,  была  разработана 

схема  определения  понятия  «структуры  учебного  успеха  ученика»  и  определены  основные 

параметры  индивидуального  стиля  учебной  деятельности.  Индивидуальный  стиль  ученика 

отражает  структуру  учебного  успеха  ученика  и  состоит  из  десяти  параметров.  Учителю 

необходимо знать психофизиологическую характеристику своего ученика. В данном случае 

речь  идет  о  мотивационной  и  волевой  составляющей  в  структуре  учебного  успеха.  Таким 

образом, в мозгу человека есть центры, нарушения которых приводят к снижению волевой 

активности (апатия). В педагогической практике это озвучивается так - «он ничего не хочет». 

Но в мозгу нет специальных центров, отвечающих за «волю к изучению географии, математики, 

информатики». И если ученик работает хорошо на хотя бы на одном из предметов, то нельзя 

давать оценку его низкой воли. Это будет низкий уровень его мотивации к одному из предметов. 

Ни  одного  человека  нельзя  заставить  «захотеть».  Материал  должен  быть  понятен, 

доступен,  интересен  и  тогда  интересы,  желания  ученика  только  будут  увеличиваться.  На 

первом этапе учителя-предметники, участвующие в эксперименте, осваивают диагностические 

процедуры  для  определения  параметров  учебного  успеха  ученика.  Для  определения  всех 

параметров  ученика  используются  процедуры  с  приёмами  диагностики,  рекомендованные 

Галеевой  Н.Л.  [6,  с.39].  Диагностика  уровня  развития  параметров  индивидуального  стиля 

учебной деятельности ученика проводится учителями-предметниками по годовой циклограмме 

деятельности учителя. Можно реально «увидеть», как растут все параметры успеха – и уровень 

мотивации,  и  память,  и  внимание,  и  все  общеучебные  навыки.  Проводится самостоятельная 

работа, результаты ко торой позволят ученикам актуализировать знания, полученные на прошлом 

занятии,  и  помогут  более  объективно  оценить  собственный  достигнутый  уровень  развития. 

Учащихся  анализируют  предоставленный им  спи сок учебных приемов и разных форм учебной 

работы  и  выписывают  их  но мера  в  порядке  личного  предпочтения.  На  основе  проведенных 

диагностик разрабатывается матрица индивидуального стиля учебной деятельности ученика. 

На  втором  этапе  проекта  систематизируется  картотека  учебных  приемов  и  заданий  по 

матрице  учебного  успеха  ученика.  Используя  технологию  индивидуального  стиля  учебной 

деятельности, мы впервые характеризуем и ученика, и формы, и приёмы его деятельности по 

одним и тем же основаниям, по одной и той же матрице. Это дает возможность сопоставить 

параметры  индивидуального  стиля  учебной  деятельности  ученика  с  набором  заданий, 

охарактеризованных  по  тем  же  основаниям,  что  и  сам  ученик;  подобрать  формы  учебной 

работы для каждого ученика как для осуществления ситуаций учебного успеха («как удобно 

ученику»), так и для целенаправленного создания ситуаций учебных затруднений (для развития 

«западающих» параметров его индивидуального стиля учебной деятельности). Заполненная 

матрица ученика является основой для выбора комфортных для ученика заданий (для этапов 

уяснения и окончательной диагностики предметных знаний) и развивающих форм заданий. 

На третьем этапе проекта проектируются индивидуальные программы развития обучающихся 

средствами  школьных  учебных  курсов.  Если  учитель  умеет  диагностировать  уровень 

параметров учебного успеха ученика и «сворачивать» эту информацию в матрицу учебного 



169

успеха ученика, имеет картотеку учебных приёмов и заданий, систематизированных по матрице 

учебного успеха ученика, то остается совсем немного – сопоставить матрицу учебного успеха 

ученика с таблицами картотеки и выбрать необходимые для каждого ученика формы работы на 

разных этапах учебно-познавательной деятельности. На основании вышеизложенного можно 

сделать вывод о том, что внедрение технологии индивидуального стиля учебной деятельности 

позитивно влияет на учебный процесс, так как повышается мотивация к изучению предмета. 

Наблюдается рост качества знаний по географии на 11%, информатики на 12%, математике 

на  5%.  Уверены,  что  программа  «Формирование  успешности  ученика»  облегчит  учебный 

труд наших учеников, сохранит их психическое здоровье, повысит его учебную мотивацию и, 

следовательно, уровень обученности и обучаемости.

Список использованной литературы

1.  Бершадский  М.Е.,  Петерсон  Л.Г.,  Рафаева  А.В.  Консультации:  индивидуальное 

развитие учащихся в обучении // Педагогические технологии. 2008. – №2. С. 3. 

2.  Бершадский М.Е., Гузеев В.В., Левитас Г.Г. Консультации: место и роль технологии в 

образовательном процессе // Педагогические технологии. – 2008. – №2. С. 8-12. 

3.  Галеева  Н.Л.  Сто  приемов  для  учебного  успеха  ученика  на  уроках  биологии: 

Методическое пособие для учителя. – М.: 5 за знания, 2006. 

4.  Галеева  Н.Л.  Сам  себе  учитель:  Курс  практических  занятий  по  формированию 

успешности ученика. – М.: 5 за знания, 2006. 

5.  Галеева  Н.Л.,  Спасская  Н.П.  Система  мониторинга  эффективности  образовательного 

процесса на основе определения зоны ближайшего развития каждого ученика в условиях 

коррекционно-развивающего обучения в школе № 196. Завуч. № 1, 1999. С. 30–37.

6.  Галеева  Н.Л.  Технология  ИСУД  как  средство  управления  качеством  обучения  в 

системе «учитель-ученик». Формирование методологической культуры учителя как 

средство повышения качества образования. Серия «Библиотечка руководителя» / под 

ред. Минько Н.Г. – 2005. М., ЮОУО.



МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА-СТУДЕНТТЕРДІҢ 

КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Бураханова А.Т.

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Бұл  мақалада  студенттердің    кәсіби  іскерліктерінің  негізі  ретіндегі  педагогикалық 

практиканың  зертттелуіне ғылыми-теориялық шолу жасалып отыр.

Аннотация

В  статье  рассматривается  вопрос  об  эффективной  организации  практики  студентов  в 

целях улучшения подготовки будущих специалистов.

        

   Abstract

The  question  of  the  organization  of  students  pedagogical  practice  in  higher  educational 

institutions is considered in the article.


170

5

Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы 

ғылыми,  психологиялық-педагогикалық  бiлiмдер  жүйесiн  игермей,  сондай-ақ  теориялық 

бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз 

жүзеге  асыра  алмайды.  Педагогикалық  практика  болашақ  мамандарды  педагогикалық  iс-

әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық 

iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның 

бәрi  студенттердiң  педагогикалық  практикасын  жетiлдiру  проблемасының  теориялық  және 

практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.

Педагогикалық  практиканы  табысты  өткiзу  үшiн,  бiздiңше,  студенттердiң  кәсiби 

бiлiмдердi,  iскерлiктер  мен  дағдыларды  саналы  игеруге  шығармашылықпен  және  үлкен 

жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен 

орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.

Теориялық  талдау  материалистiк  iлiмдегi  адам  iс-әрекетiнiң  өзгертушiлiк  сипаты 

жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi 

iлiмдерге  сүйенедi;  практика  таным  шынайылығының,  практикалық  iс-әрекетке  жетекшiлiк 

жасау  қызметiн  атқаратын  теория  ақиқаттығының  шешушi  және  жалғыз  критерийi  болып 

табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi. 

Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз 

практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, 

П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, 

А.Н.Леонтьев,  С.Л.Рубинштейн  және  т.б.)  еңбектерiнде  практика  адамзат  iс-әрекетiнiң 

маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады. 

Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында 

Н.К.Крупская,  А.В.Луначарский,  П.П.Блонский,  С.Т.Шацкий,  А.С.Макаренко  ұсынған 

және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; 

педагогикалық  практиканың  болашақ  кәсіптік  оқыту  педагогын  даярлау  жүйесiндегi  орны; 

педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар 

жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн 

талдадық. 

Педагогикалық  практика  проблемасының  қазiргi  педагогикадағы  жай-күйiн  талдау 

зерттеулердiң  басым  көпшiлiгiнiң  болашақ  педагогтардың  кәсiптiк  даярлығын  жетiлдiруге 

арналғандығын  көрсетедi,  атап  айтқанда,  педагогтар  шеберлiгiнiң  негiзiне  психологиялық-

педагогикалық  талдау  жүргiзiлдi  (А.П.Акимова,  О.А.Абдуллина,  В.К.Елманова, 

З.Ф.Есарева); педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу одан әрi жалғасуда 

(Н.А.Половникова,  Н.А.Рыков,  В.А.Сластенин,  А.И.Щербаков    және  т.б.);    педагогикалық 

практиканы  ұйымдастыру  зерделенуде  (О.А.Абдуллина,  Е.В.Бондаревская,  З.И.Васильева, 

Э.А.Гришин,  В.К.Розов,  А.П.Сейтешев,  В.А.Сластенин  және  т.б.);  болашақ  педагогтардың 

практика  процесiнде  кәсiби-педагогикалық  iскерлiктерi  мен  дағдыларын  қалыптастырудың 

ерекшелiктерi  анықталуда  (Е.И.Антипова,  В.В.Воровьева,  Н.З.Еловая,  Б.Д.Красовский, 

Г.А.Засовина, Е.Б.Орлова, В.Н.Овчинникова және т.б.). 

Ал  болашақ  педагог  даярлығы  жүйесiндегi  педагогикалық  тапсырмалар  проблемасы 

әлдеқайда  аз  дәрежеде  зерттелген.  Бұл  мәселе  (Н.А.Смирнова)  жасөспiрiмдермен 

жүргiзiлетiн  жұмыс  бойынша  берiлетiн  педагогикалық  тапсырмалар  түрiнде  әртүрлi 

аспектiлерде  қарастырылған;  студенттердiң  танымдық  белсендiлiгiн  және  шығармашылық 

қабiлеттерiн дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық 

iс-әрекетiне  зерттеушiлiк  көзқарасын  қалыптастыруға  арналған  тапсырмалардан  тұратын 

ғылыми-педагогикалық  нұсқау  (В.М.Духовная,  С.А.Зимичева).  Сондай-ақ  Н.В.Кузьмина 

педагогикалық  мәселелер  жүйесi  ретiнде  қарастырған  репродуктивтiк  және  модельдеу 


171

жүйесi  және  О.А.Абдуллина  зерттеп,  әзiрлеген  оқу-зерттеу  тапсырмалары  теориялық  және 

практикалық жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты 

тапсырмалар  студенттердiң  өзiндiк  танымдық  iс-әрекетiнiң  мәндi  дәлелдерiн  қалыптастыру 

үшiн,  тапсырманы  орындау  процесiн  өз  бетiмен  бiлiм  алу  iс-әрекетiмен  жақындастыру 

үшiн жағдайлар туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және 

адамгершiлiк тұрғыдан танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-

мәндiк себеп-салдарын қалыптастыру үшiн жағдай жасайды  дей келе, «іс-әрекет мақсатымен 

және оны жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық 

тапсырма  болып  табылады»  -  деп    анықтама  береді.  Г.М.Коджаспирова  «Педагогикалық 

тапсырма туындаған педагогикалық жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті 

әрекеттер жоспары» деп қарастырады. 

Біз авторлардың осы аталған тапсырма ұғымдарына берген анықтамаларына тоқталамыз, 

оларды қолдай отырып, зерттеу пәнімізге қарай: «Тапсырма дегенiмiз мақсат қоюдан бастап 



нәтиже  алғанға  дейiнгi  педагогикалық  үрдісті  жүзеге  асыратын  логикалық  байланысты 

әрекеттердiң  жиынтығы»,  деп  өз  анықтамамызды  береміз.  Тапсырмалар  құрастыруда 

мынадай талаптарды қанағаттандыруын қарастырдық: тапсырманың педагогикалық үрдістің 

барлық маңызды белгілерін қамтуы; кез-келген педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда жалпы 

мәнге  ие  болуы;  педагогикалық    үрдісте  кез-келген  жағдайда  бақылау  жасау  мүмкіндігінің 

болуы.

Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет 



студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, бізге 

студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды 

анықтауға мүмкіндік берді:

•  практика барысындағы сабақтастық және студенттердің курстан курсқа өткендегі іс-

әрекетінің көлемі мен мүмкіндігінің артуы;

•  студенттердің практика барысындағы нақты рөлі мен функцияларын анықтау;

•  студенттердің  практиканың  алғашқы  күндерінен-ақ  оқу-тәрбие  жұмысына 

белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру;

•  практика  бағдарламасына  студент-практиканттардың  оқушылармен  өз  бетінше 

тәрбие жұмысына жетекшілік етуге арналған тапсырмалар жиынтығын қосуы;

•  студенттердің  кәсіби  өзін-өзі  тәрбиелеуін  ұйымдастыру  деңгейіне  байланысты 

дифференциалдық келіс;

•  практика  бағдарламасына  педагогикалық  практика  тиімділігін  арттыру  шарттарын 

енгізу.  Студенттердің  педагогикалық  практикасының  тиімділігін  арттыру  тек 

шарттарды анықтауды ғана емес, сондай-ақ осы үрдіске педагогикалық жетекшіліктің 

ғылыми  негізделген  жолдарын  да  талап  етеді.  Осыған  орай  бiздiң  жұмысымызда 

студенттердi  оқу-тәрбие  практикасы  кезеңiнде  оқытудың  әдiстерi  мен  тәсiлдерiнiң 

жүйесi зерттелiп, әзiрлендi.

Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес педагогикалық практиканы жетілдіру, теория мен 

практика арасындағы алшақтықты жою үшін кешенді тапсырмалар құрастырылды. 



Кешен (латынша complex, байланыс, үйлесiм) - нәрселермен құбылыстардың бiртұтас 

жиынтығы, жекелеген психологиялық және педагогикалық процестердi бiртұтас етiп, бiрiктiру.

Кешенді тапсырмалар:

•  педагогикалық  үрдіс  мақсатының,  мазмұнының,  құралдары  мен  нәтижелерінiң 

бiрлiгiн;

•  студенттердiң  репродуктивтi  әрекеттерін  шығармашылық  iс-әрекетке  бағыттайтын 

пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін;

•  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  жоғары  деңгейлі  тұлғааралық  қарым-



172

5

қатынасын қалыптастырады;

•  жүйелі  күрделенген  педагогикалық  жағдаяттарды  жасап,  оларды  шешу  тәсілдерін 

моделдей  отырып  педагогикалық  практика  барысында  теория  мен  практиканы 

интеграциялаудың  тұтас  жүйесін  ұйымдастырады.  Сол  арқылы  студенттер  тәрбие 

әрекеттерінің мәні мен мазмұнының механизмдерін меңгереді. Бұл болашақ кәсіптік 

оқыту  педагогтарын  кәсіптік  мектептегі  тәрбие  жұмысына  даярлығына  қажет 

алғышартты қалыптастырады.

Қарастарылған  кешендi  тапсырма  ұғымына  өз  тарапымыздан  анықтама  береміз: 

«Кешенді  тапсырма  -    мақсат  қоюдан  (мәселелер  қоюдан)  нәтиже  алғанға  дейiнгi  тұтас 

педагогикалық  үрдісті  қамтамасыз  ететiн,  педагогикалық  мәселелер  жүйесiн  шешуге 

бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы».

Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар келесi басты қағидалар негiзiнде құрылды:

•  кешендi  тапсырмаларды  орындау  үшiн  пәнаралық  бiлiмдер  мен  iскерлiктер  қажет 

болды;


•  педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы негiзiнде 

мақсаттың, құралдардың және орындалған нәтижелердiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн 

жүйелiк-iс-әрекеттiк  амал-әдiс таңдалынып алынды;

3)  кешендi  тапсырмаларды  репродуктивтiктен  шығармашылыққа  дейiнгi  өзгермелi 

тәсiлдермен орындауға мүмкiндiк берiлдi

Кешендi    тапсырмаларды  аталған    қағидалардың  негiзiнде  құрастырудың  әдiстемесi 

оларды практика мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың құралы ретiнде пайдалануға 

мүмкiндiк бердi.



I - диагностикалық-болжамдық кезең. Мақсат қою – әдіс-тәсілді таңдап алу;

II  –  ұйымдастырушылық-практикалық  кезең.  Оқу-тәрбиелiк  жағдайларды  құрастыру. 

Таңдап алған әдіс-тәсілді жүзеге асыру;



III – бақылаушылық – нәтижелiк кезең. Жасалған жұмысты талдау, қорытындыларын 

шығару.


Әрбiр  кезеңде  болашақ  кәсіптік  оқыту  педагогының  кәсiби  мәндi  және  аса  маңызды 

педагогикалық  iс-әрекеттерiнiң,  сондай-ақ  студенттер  кешендi  тапсырмаларды  орындау 

барысында игеруi тиiс бiлiмдер мен iскерлiктер жиынтығы анықталды. Iс-әрекет құрылымын 

зерттеп, әзiрлегенде А.П.Сейтешевтiң педагог-тәрбиешiнiң жалпы педагогикалық iскерлiктерi 

кешенiнiң  тұжырымдық  моделi  және  В.А.Сластениннің  педагогикалық  мәселердi  шешудiң 

кезеңдерi жөнiндегi еңбектерiн басшылыққа алдық. 

Зерттеу  барысында  біз  практиканттардың  төмендегідей  оқу-тәрбиелік  іскерліктерді 

игеруі керектігін ұсындық:  тәрбие жұмысын жалпы адами және ұлттық тәрбие принциптері 

тұрғысынан жоспарлау, талдау және жүзеге асыру;  тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды 

оның тұлғасына деген терең құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң мінезді 

табу  және  жеке  келістерді  жүзеге  асыру  кезінде  оған  арқа  сүйеу;  келешекті  сызықтар  мен 

параллель іс-әрекет әдістемесін қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу мақсатында 

әдістемелер кешенін қолдану;  оқушыларды психологиялық зерттеудің оқу-тәрбие процесін 

талдау кезіндегі нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның жекелеген жақтарын) талдау 

негізінде университет оқытушысы көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселеін қою және оны шешу 

жолдарын жоспарлау;  қойылған мәселелерді шешу мақсатында тәрбиеленудің формаларын, 

әдістерін және құралдарын таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын таңдау кезінде оқушылардың 

жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; - оқушылық топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша 

жұмыс ұйымдастыру; сабақтың және сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін 

бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау; 

өзін кәсіби дайындаудың бағдарламасын құру және орындау; педагогикалық күнделік жүргізу.


173

Педагогикалық  практиканы  табысты  өткiзу  үшiн,  бiздiңше,  студенттердiң  кәсiби 

бiлiмдердi,  iскерлiктер  мен  дағдыларды  саналы  игеруге  шығармашылықпен  және  үлкен 

жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен 

орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.

Кешендi    тапсырмаларды  аталған    қағидалардың  негiзiнде  құрастырудың  әдiстемесi 

оларды практика мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың құралы ретiнде пайдалануға 

мүмкiндiк бердi.



Әдебиеттер тізімі

1.  Реализация  психолого-педагогических  условий  формирования  педагогической 

деятельности  студента  в  образовательной  системе  университета.  //  сб.Материалы 

научно-практической  конференции  «Интеграция  науки  и  практики  в  условиях 

мирового …». – Алматы, АГУ, 2003, с.40-45

2.  Жоғары мектеп педагогикасының тарихында педагогикалық практиканы ұйымдастыру 

және  жетiлдiру  проблемасы  /  Материалы  международной  научо-практической 

конференции. – Алматы: КазНАУ, 2003, 45-50 б.

3.  Педагогикалық  практиканы  жетiлдiрудiң  жолдарын  теориялық  негiздеу  //  Вестник 

КазНУ им.аль-Фараби, Алматы. 2003, № 3

4.  Педагогикалық  практиканы  кешендi  тапсырмалар  қолдану  негiзiнде  жетiлдiру  //

Iзденiстер, нәтижелер,Алматы. ҚазҰАУ, 2003, № 1

5.  Кешендiк тапсырмаларды және оларды бiтiруші курс студенттерiнiң педпрактикасында 

жүзеге асырудың жолдарын күрделендіру  // Ұлт тағылымы, Алматы. 2003, № 4



ОЦЕНИВАНИЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ УЧИТЕЛЕЙ: ФОРМЫ И МЕТОДЫ 

ПРОВЕДЕНИЯ ГРУППОВОЙ КОНСУЛЬТАЦИИ ТРЕНЕРОВ

Вильданова С. А.

Филиал «Центр педагогических измерений»

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

г. Астана

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

Аңдатпа

Мақалада  бағалау  бойынша  эксперттің  тренерлермен    өткізілетін  топтық  кеңестердің 

өзектілігі және оларды өткізу тәсілдеріне назар аударылған.  Тәуелсіз тренерлердің деңгейлік 

курс  мұғалімдерінің  таныстырылымын  бағалау  тәжірибесін  бақылау  негізінде,  топтық 

кеңестерде  тренерлердің  топтық  қарым-қатынастарын  ұйымдастыру  бойынша  ұсыныстар 

берілген.  Кеңестің  негізгі  мазмұны  жеке,  көбінесе  қиын  және  тәжірибелік  маңызы  бар 

сұрақтарды  талқылау  болып  табылады.  Топтық  кеңес  жүргізу  ,  әр  тренердің  тәжірибесін 

ескере отырып, олардың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 

Ұсынылып  отырған  формалар  мен  әдістердің  тәжірибелік  маңызы  бар  таныстырылымды 

бағалау критерийлерінің бірігей түсінігін қалыптастыру және тренерлердің таныстырылымды 

бағалау тәжірибесін жетілдіру мақсатында эксперттер пайдалана алады. 

Түйінді сөздер: мұғалімнің таныстырылымы, топтық кеңес, бірлесе әрекет ету ұйымы


174

5

Аннотация

В статье акцентируется внимание на актуальности проведения групповых консультаций 

экспертов  по  оцениванию  с  тренерами  и  подходах  к  их  проведению.  На  основе  опыта 

наблюдения  за  оцениванием  презентаций  учителей  уровневых  курсов  независимыми 

тренерами предлагаются рекомендации экспертам по организации группового взаимодействия 

тренеров  на  консультациях.  Основным  содержанием  консультаций  при  этом  является 

обсуждение отдельных, часто наиболее сложных и практически значимых, вопросов оценки 

презентации. Проведение групповых консультаций позволяет отвечать интересам и запросам 

каждого тренера с учетом имеющегося у него опыта. Предлагаемые формы и методы имеют 

практическую  значимость  и  могут  быть  использованы  экспертами  при  необходимости 

выработки  однозначного  понимания  критериев  оценивания  презентаций,  с  целью  оказания 

помощи  тренерам  в  дальнейшем  совершенствовании  их  практики  оценивания  презентации 

учителя. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет