Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет56/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126

5

және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға 

және талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Жалпы алғанда топтардағы бірлескен 

жұмыс төмендегі мақсаттарды жүзеге асырады [1, 39-б.].    

                                                                                                                                                                       

Әлеуметтік

Танымдық

Эмоционалдық

- Тәжірибемен және идялармен 

алмасу;           - Мәселені бірлесіп 

шешудің амалын табу;       - 

Барынша жоғары ұжымдық 

нәтижелерге қол жеткізу;

- Жұмыстың баламалы амалдары 

туралы идеяларды ұсыну және 

пікір алмасу;                                 - 

Маңызды дағдыларды және 

түсініктерді дамыту

- Топтың жекелеген мүшелерінің 

білімі мен тәжірибесіне сүйену;              

- Күрделі тапсырмаларды орындау 

үшін қолайлы ортаны қамтамасыз 

ету;


[2, 2-б.]

Тренерлік тәжірибе барысында  мен жоғарыда атап көрсетілген кестенің мазмұнындағы 

бірлескен  жұмыстың  көздеген  мақсаттары  қаншалықты  курс  барысында  ұйымдастырылып 

отырған топтық, жұптық жұмыстарда толығымен қамтылды? –деген сұрақты үнемі өз-өзіме 

қоя  отырып,  рефлексия  жасаумен  болдым.  Курс  барысындағы  кейбір  жағдайда    бірлескен 

топтық жұмыстарда бірлескен оқудың  сапасының өз деңгейінен түсіп кетуі мені толғандырды. 

Табысты топтық жұмыс тек қана мұқият дайындық пен қолдау көрсетуді ғана емес сонымен 

қатар рефлексия жасау мен қайта бағалауды талап етеді. Шағын топтарда жасалған тапсырмадан 

кейін, топтық жұмыстың жүргізілу барысына рефлексия жасап және сабаққа дейінгі жазған 

жазбаға қайта оралу, жазбаға біраз не жақсы іске асқанын, келесі жолы жақсы өткізу үшін 

нені өзгерту қажеттігіне түсініктемелерді толықтыру арқылы, тренинг барысында дерек жинау 

әдістерін пайдаланып, топта жұмыс жасап жатқан мұғалімдерді бақылау, топ ішінде белсенді 

емес тыңдаушылармен әңгімелесу барысында, тренинг соңындағы мұғалімдердің ұсынған кері 

байланыстарын  саралау,  тақырып  аясында  мұғалімдердің  түсінгендіктерін  білу  мақсатында 

сұрақ қою арқылы мен өз жұмысымдағы  мынадай кедергілерді анықтауға мүмкіндік болды: 

-  мұғалімдердің    топта  өзара  әрекеттесу  кезіндегі  бір-екі  мұғалімнің  белсенділігінің 

жоғары, қалғандарының жұмысқа  шынайы қамтылмай, басқалардың көлеңкесінде отыруы;

- топтық жұмыстың соңында топ мүшелерінің ортақ шешімге келе алмай, келіспеушілік 

жағдайлардың орын алуы; 

-  жиі  кездесетін  кедергінің  бірі  -  топқа  тапсырманы  орындауға  уақыт  беріліп  қойған 

соң,  топтың  нені  жасау  керектігін  әлі  түсінбей  жатқаны  немесе  мақсатқа  сай  емес  өнімнің 

дайындауы; 

Сонымен  қатар  тренерлер  үшін  өте  жауапты,  яғни  мұғалімдерде  туындайтын 

кедергілерді    де  атап  өткен  жөн.  Деңгейлік  курс  Бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында 

мұғалімдерге  түйінді  идеяларды  меңгертіп  қана  қоймай,  оларды  өз  тәжірибесіне  неге  және 

қалай  енгізу  қажеттігі  үнемі  назарда  тұрады.  Әсіресе    мұғалімдер  қысқа  мерзімді  сабақ 

жоспарын,  коучинг  және  тәлімгерлік  үдерістерінің  сессиясын  жоспарлау  кезінде  бірлескен 

оқу  ортасын  ұйымдастыру  үшін,  топтық,  жұптық  жұмыстарды  жоспарлайды.  Жоспарлау 

барысында    мұғалімдер  тарапынан  кездесетін    кедергілері:  топтық  жұмысқа  ұсынылатын 

тапсырмалар    мазмұнының  мақсатқа  сай  болмауы;      топқа  бөлудің  тамаша  әдістерін 

үйренгендерімен,    дәл  осы  тақырып  бойынша  қандай  топқа  топтастыру  тәсілі  осы  сабақ 

үшін  тиімді  болады  деген  сұрақты  ескермеулері;    жоспарлаудағы  топтық  немесе  жұптық 

тапсырмалардың танымдық мақсатқа емес, әлеуметтік немесе эмоционалдық мақсатты көбірек 

қамтитыны;                                                                                                                                                     

Өз  тренерлік  тәжірибемде  мен  осындай  кедергілерді  қалай  еңсерудемін?    Деңгейлік 

курсқа келген  мұғалімдерімен жұмыс жасауда, бірлескен оқу ортасын құру  үдерісін жақсарту 

мақсатында,  мен  тренерлік  тәжірибемде  бірнеше  тиімді  тәсілдерді  пайдаландым.  Топтық 


379

жұмысты жоспарлау үшін алдымен мұғалімдерді қалай топтастыратыныңызды мұқия ойлану 

ұсынылады.  Соның  бірі  ретінде  мұғалімдердің  топтық  жұмысқа  деген  қарым-қатынасына 

қарап  топты құруға болады. Ол үшін курстың бастапқы кезінде бір сұрақтан тұратын сауалнама 

ұсынып,  жинақталған  жауаптарды  зерделеу  арқылы    топтастыру    өз  тиімділігін  көрсетті. 

Төменде берілген жауаптың қайсысы сіздің  топтық жұмыс туралы тәжірибеңе жақын келеді? 

–деген сұраққа ұсынылған жауаптарды таңдау [3].  

                                                                                                       

Аты –

жөні 


А. Мен топтық 

жұмысты жақсы 

көремін, себебі 

топ менің оқуыма 

көмектеседі                                     

Ә.  Мен топтық 

жұмыстың 

маңыздылығына, 

тиімділігіне  сенімді 

емеспін                                          

Б.  Менің топтық 

жұмыс туралы 

тәжірибем аз                           

В.  Менің топтық жұмыс 

туралы, жоғарыда аталғаннан 

басқа  әртүрлі тәжірибем бар 

(түсіндіріңіз)                                                                                                                        

                                                                                                                                                                                                          

Сонымен бірге топтастыру тиімді болу үшін әрбір мұғалімнен олардың қызығушылығы, 

білімі, өзі туралы мәліметтерді, деректерді жинап алып топ құру барысында негізге алу да 

өз  пайдасын  көрсетті.  Әсіресе  бұл  тәсілді  курс  бағдарламасының  тізбектелген  сабақтар 

топтамасын жоспарлау кезінде қолдану өз нәтижесін бере алды. Өз тәжірибемде тиімді болған 

тәсілдің  бірі  мұғалімдердің  қалаулары  туралы  да  сұрап,  топпен,    немесе  жұппен  жұмыс 

жасау.  Мысалы: Сен өзің қалаған үш әріптесіңізбен жұмыс жасау үшін кімді таңдар едіңіз?  

Немесе  осы  екі  тақырып  бойынша  кімдермен  бірге  жұмыс  жасар  едіңіз?-деген  сұрақтар 

арқылы  мұғалімдердің  де  қалауларын  есепке  алған  дұрыс.    Бірақ,  барлығымызға  белгілі 

мұқият  жоспарланбаған  топтық  жұмыс  текке  кеткен  уақыт  болып  табылады.    Сондықтан 

да  бірнеше  лек  мұғалімдермен  жұмыс  жасау  арқылы  мен  бірлескен  жұмыстың  мақсатын 

дайындауда тренерлік тәжірибемді жетілдіре алдым. Топтық тапсырманы әзірлеу барысында  

тақырып бойынша топтық тапсырма арқылы неге қол жеткізу қажеттігін анықтау қажеттігін, 

ол академиялық және әлеуметтік мақсатты көздеуі шарт екеніне көз жеткіздім. Ең алдымен 

ұсынылатын  тапсырма  оқу  мақсатына,  аудиторияның    мазмұнына  сай  ,  яғни  мұғалімдердің 

білім алуына көмектесетіндей , текке топта уақыт өткізбейтіндей  әзірленуі қажет. Қандай да 

бір топқа тапсырма әзірлеу үшін мына сұрақтарды назардан тыс қалдырмаған жөн:                                                 

1. Оқу бағдарламасы топтың тәжірибесіне және осы тақырып бойынша алдыңғы біліміне 

сай ма? 2. Осы тапсырманың мақсаты не ? Тапсырма оқу мақсатына сай ма? 3. Тапсырманың 

мақсаты  айқын, шынайы және қолжетімді ме?                                          4.   Мұғалімдердің оқу 

қажеттіліктері, күшті жақтары және қызығушылықтары неде?  5. Осы сессияға қандай қосымша 

ресурстар қажет?  6. Мұғалімдер осы мақсатты іске асыру үшін топтарда қалай жұмыс жасау 

қажет? 7. Сіздің ұсынған тапсырмаңыз топтық жұмыс жасауға лайықты жеткілікті дәрежеде 

күрделі ме?  8. Шынымен осы тапсырма бірлескен жұмысты талап ете ме?  9. Мұғалімдер қалай 

бағаланады? [4]                                                                                                                                                       

Осы сұрақтарды терең ойлану арқылы жоспарланған топтық бірлескен жұмыс арқылы 

мен өз сабағымдағы да  кедергілерімнің азаюына қол жеткізсем, екіншіден алдымда отырған 

мұғалімдерге осыны ұсыну арқылы олардың тәжірибелеріне де ықпал ете алдым. Тәжірибе 

барысында нақты көз жеткізген бір мәселе ол -тапсырманы орындау туралы нұсқау бермес 

бұрын, мұғалімдерді  топтарға топтастырып алу, тіпті оларды ересектер деп қараған күнде де, 

егер сіз нұсқауды бірінші беретін болсаңыз, олар топтасумен жүріп, сізді тыңдай алмауы немесе 

өз  топтарын  анықтап  болғанша,  өздерінің  нені  іске  асыру  керектігін  ұмытып  кетуі  кездері 

кездесіп отырды. Осыған орай мен өз тәжірибемдегі жақсарту үшін, алдымен тыңдаушыларға  

топтық  жұмысты  неліктен    ұйымдастырып  отырғаныма    негіздеме  беріп  отыру  қажеттігін 

түсіндім, себебі мұғалімдер бірлескен оқудың мәнін, пайдасын түсінуі тиіс. Егер тыңдаушылар  



380

5

топтық тапсырманың мәнін, құндылығын сезіне алмаса, олар сіз сабақты  немесе уақытты жай 

ғана топтық жұмыс арқылы өткізгіңіз келгені деп тұжырымдайды. Ең бастысы тапсырманы 

анық түсіндіру маңызды. Ол дегеніміз –тыңдаушыларға  нені жасау керектігін айту және топтың 

жұмысының нәтижесінде соңғы өнім қандай болу керектігін сипаттау қажеттігі, яғни соңғы 

мақсаттың маңызды екенін түсіндіру қажет. Бірлескен оқу жоғары деңгейде болу үшін барлық 

топтың мүшелері жұмыс жасайтындай, барлығы топтық жұмысқа тартылатындай  тапсырманы 

ұсыну, себебі топтың барлық мүшелері топтың жетістігі өзінің жеке жетістігіне тәуелді екенін 

сезініп, өзіне жауапкершілік алуы керек. Барлық топ мүшелері ақпаратпен бөлісе алатындай 

негізгі ресурстарды топтарға бөліп немесе топтың барлық мүшелері үдеріске тартылу үшін 

рөлдерді  белгілеу  қажет.  Бірлескен  топтық  жұмысқа  тартатын  ынталандырушысы    күш    -  

серіктестер сенің көмегіне үміт арта алатынын білуі. 

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын 

көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты 

түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс- 

қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды 

сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. 

Көптеген  мұғалімдер  бірлескен  жұмыстың  пайдасын  білсе  де  оны  қолдануда  көп 

ойланады.  Оларда  сабақта  қамтылатын  материал  дұрыс  ашылмай  қалады  деген  қорқыныш 

болады. Зерттеу көрсеткендей жеке жұмыс жасағанға қарағанда бірлескен топтық жұмыста 

оқушылар ресурстарды және әртүрлі идеяларды біріктіре отырып, күрделі өнім ала алады.

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым  © «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014.

2.  Апталық ресурс L1W1D1_Топтық жұмыс туралы нұсқаулық 

3.  http://gsi.berkeley.edu/gsi-guide-contents/discussion-intro/group-guidelines/ (21.09.2015)

4.  https://uwaterloo.ca/centre-for-teaching-excellence/teaching-resources/teaching-tips/

alternatives-lecturing/group-work/implementing-group-work-classroom (21.09.2015)

5.  http://digitalcommons.unl.edu/cgi/viewcontent.cgi?article=1384&context (21.09.2015)



ҰСТАЗДАРДЫҢ  WEB   БЕЛСЕНДІЛІГІ – КӘСІБИ  ҚЫЗМЕТТІ  

ДАМЫТУ   ҚҰРАЛЫ

Каримгалиева А.Н., Кайдарова Г. М.

Ақсай қаласындағы №4 және №6 орта мектебі,

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Мақалада ұстаздардың кәсіби қызметін дамыту үшін желілік қауымдастықтың алатын 

орны  жайында  айтылған.  Педагогтардың  интернет  желілік  қауымдастығы  –  бұл  желідегі 

кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ 

проблемалармен  айналысатын  кәсіби  қызмет  аясында  жұмыс  жасайтын  мамандар  тобы. 

Қазақстандағы  педагогтарға  арналған  интернет  қауымдастықтың  жұмысы,  проблемалары, 

шешу жолдары жайында зерттеу жұмысы жүргізілген [1, 54-б].


381

Аннотация

В  целях  повышения  педагогического  мастерства  учителя  особое  внимание  уделяется 

работе сетевого сообщества. Сообщество учителей через интернет- это новая форма организации 

педагогической деятельности педагогов одного цикла,  возможность эффективного решения 

общих  проблем.  Автор  проводит  исследование  работы  казахстанских  учителей  в  своей 

практике через зарегистрированных в интернет сообществе. 



Abstract

For increasing pedagogical shills of teacher the main attention focuses on work of network 

community.  Network  community  is  a  new  form  of  organization  of  teachers  work. The  ability  of 

effective decisions of common problems. The author studies works of Kazakhstan teachers in his 

practice through registered in online community.

“Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады” – деп қытайдың 

дана  ойшылы  Конфуций  айтқандай,  ақпараттар  ағыны  ағылған,  түрлі  хабарлар  тасқыны 

тасыған  жаңа  ғасырда  мұғалім  -  өз  пәнін  жетік  меңгерген,  озық  техникалық,  электрондық 

құралдарды  еркін  қолдана  алуы  қажет.    Заманауи  соңғы  үлгідегі  байланыс  құрылғылары: 

интернет,  әлеуметтік  желілер,  онлайн-дәрістер  жаһандану  заманында  өмір  сүріп  отырған 

адамзат  ұрпағына  пайдасы  зор.  Әрине,  интернетті  қажет  мақсатқа  қолдана  білген  адам 

осы  арқылы  өзінің  танымдық  көкжиегін  кеңейтеді,  білімін  одан  сайын  арттырады,  жаңа 

мүмкіндіктерді  иеленеді. Интернет – әлемдік сауда орталығы, интернет – ғаламдық кітапхана, 

интернет – адамдардың дініне, діліне, тіліне қарамай, Жер шарының кез келген нүктесінен бір-

біріне жылдам ақпарат жеткізетін байланыс құрылғысы [2, 21-б.].

Web сайттары арқылы әpтүpлi  желілік қayымдacтықтapғa мүшe бoлып, oның нәтижeciндe 

жaңa пiкipлecтepi мeн дocтapды тaбaды, бiлiмiн мoлaйтaды, өзiн қызықтыpғaн жaңaлықтapғa 

жoл aшылaды. Strategy Analytics aнaлитикaлық кoмпaнияcының мәлiмeттepi бoйыншa жyық 

бec жыл iшiндe 1 млpд aдaм әpтүpлi әлeyмeттiк caйттapды пaйдaлaнaтын бoлaды екен.

Қазіргі кезде ақпараттық, технологиялық өркениеттің әсері Қазақстанға да келіп жатыр. 

Оның дәлелі, заманауи соңғы үлгідегі байланыс құрылғылары, интернет, әлеуметтік желілер, 

онлайн-дәрістер.

Мұғалімдердің Web беттері арқылы тәжірибе алмасуы - кәсіби ортаны қалыптастырудың 

негізгі көзі.Ұстаздар маңызды міндеттерді арнайы кездеспей-ақ интернет желісі арқылы шешетін 

болады, яғни,  педагогтардың интернет желілік қоғамдастығы құрылады. Педагогтердің желілік 

қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір 

пән саласы немесе ортақ проблемамен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын 

мамандар  тобы.  Кәсіби  желілік  қоғамдастық  жұмысына  қатысу  бір  елдің  түкпір-түкпірінде 

және шет елде тұратын мұғалімдерге өзара қарым-қатынас жасауға, кәсіби мәселелерді шешуге, 

өзін іске асыруға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Желілік қоғамдастықтың 

мақсаттары  әртүрлі:  бірыңғай  ақпараттық  кеңістікті  қалыптастыру;  тәжірибемен  алмасу, 

қолдау көрсету және ынтымақтастық; кәсіби тақырыптарда формальды және формальды емес 

қарым-қатынасты ұйымдастыру; кәсіби деңгейін арттыру [3, 21-б.].

Интернет  желілік  қоғамдастықтың  мүмкіндіктері  өте  жоғары.  Олар  файлдарды 

орналастыру,  кітапханадағы  файлдарды  қарау,жеке  электрондық  парақтарын  жасау, 

байқауларға, жобаларға, талқылауларға қатысу; қарым-қатынас жасау мүмкіндігі (форум, чат, 

комментарий) болып табылады.

Қазақстанда педагогтерге арналған интернет қоғамдастықтың бірқатары жұмыс жасап 

отыр.  Соның  ішінде,  Батыс  Қазақстан  өңірінде:  cpm.kz,    zkoipk.kz  ,  trener.  orleuzko.kz  , 

Lideruralska.ucoz. ru , karatobeustazy.ucoz.ru, aksay3.ucoz.ru , 6school.kz және т.б. электронды 

сайттары белсенділік танытып отыр.


382

5

Солардың  ішінде  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  деңгейлік 

біліктілікті  арттыру  курстарынан  өткен  сертификатталған  мұғалімдерге  арналған    cpm.

kz  сайтының  алатын  орны  ерекше.  Бұл  сайт  көп  мұғалімдер  үшін  кәсіби  дамудың  қуатты 

құралына айналды.  Сайттың мүмкіндігі өте жоғары. Мысалы, әрбір ұстаз  сайт ішінде жеке 

парақшасын құрып, әдістемелік жинақ, желілік қоғамдастықтарға қосылып, форум мен блог, 

вебинарларларға қатыса алады. Сонымен қатар ПШО-ның күнделікті жаңалықтарымен таныса 

алады [5, 1-б.].

Еліміздегі  көшбасшы  мұғалімдер  осы  сайт  арқылы  тәжірибе  алмасып,  желілік 

қоғамдастықтар  құрып,  өздерінің  көшбасшылығын  дәлелдеп  келеді.  Осылайша,  желілік 

қоғамдастық бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде орнығуда. Дамыту жұмыстары 

жүргізіліп  жатырғанымен  әлі  де  проблемалар  бар.  Атап  айтсақ,  енжарлық,  ақпарат  алуға 

дайын,  бірақ  өз  тәжірибесімен  бөлісуге  дайын  емес  мұғалімдердің  болуы,  мұғалімдердің 

жұмыс жасауды біле бермейді, белсенділіктері мен біліктіліктерінің төмендігі, педагогтерде 

уақыттың  жетіспеуі  мен  тапшылығы,  техникалық  кедергі  (сайтқа  тіркеле  алмау)  және  т.б. 

Осыларды  негізге  ала  отырып  зерттеу  жұмысын  жүргіздік.  Сертификатталған  мұғалімдер 

арасында  жүргізілген  сауалнама  нәтижесі  көрсеткендей,  кейбір  педагогтер  қоғамдастықта 

жұмыс  жасауды  біле  бермейді,  олардың  АКТ  құзыреттілігін  әлі  де  дамытуды  қажет  етеді. 

Мысалы, 1 кестеде облыстық көшбасшы мұғалімдердің интернет белсенділіктерін зерттелді.

Сауалнама нәтижесі бойынша сайтқа тіркелген -73% , сайтқа тіркеле алмаған -20%, сайтқа 

кірмейтіндер-6% -ды құрап отыр. Бөрлі ауданы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының 

қорытындысы  төмендегі  диаграммаларда  көрсетілген.  сpm.kz  сайтын  зерттей  отырып 

төмендегі 2 және 3 кестедегі  нәтижені алдық.

2-кесте


383

3-кесте


Бұл көрсеткіштердің себебі мұғалімдер сайтқа кіру үшін өздерінің логин мен құпия сөздерін 

дұрыс білмей жатады. Бұл проблеманы шешу үшін ПШО модераторларымен бірігіп, әкімшілік 

міндет алу арқылы мұғалімдерді сайтқа тіркедік. Зерттеу жұмысынан кейін қорытындылай келе 

мынадай  жолдарын  ұсынамыз.  Мысалы:  интернет  жүйесімен  жұмыстанатын  мұғалімдерге 

көмек беру; сайтқа кіру,  материалдарды беру, алу , жұмыстану  жолдарын көрсету; әкімшілік 

міндет алу арқылы аудан мұғалімдерін толығымен сайтқа тіркеу; желілік қоғамдастық аясында  

сайттармен жұмыстану қажет; барлық мұғалімдердің ақпараттармен жүйелі алмасуын жағдай 

жасау; Қазақстандық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық орнату; Қазақстандық және 

шетелдік жаңашыл мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибесін қорыту және тарату.

Сpm.kz сайтынан  басқа  облыстық педагогтардың web белсенділігін дамыту мақсатында 

құрылған «Lideruralska.ucoz. ru» сайты белсенділік танытып отыр. Сайттың мұғалімдер үшін 

мүмкіншілігі  жоғары.  Атап  айтсақ,  мақала  жариялау.  іс  тәжірибе  алмасу,  сертификат  алу, 

форум, блог, байқауға қатысу (“Үздік сабақ”, т.б. ) [6,1-б.].

Қандай  да  мұғалім  кәсіби  әрекетінің  қандай  кезеңінде  болмасын  өз  білімін  оқып 

тауыстым деп айта алмайды, ал кәсіби тұжырымдамасын қалыптастырдым деп айта алмайды. 

Желілік қоғамдастық жұмысына қатысу – бұл тек уақыт талабы ғана емес, оқу процесіне жаңа 

стандартты  енгізетін  кез-келген  пән  мұғалімінің  өнімді  еңбек  етуі  үшін  қажеттілік  болып 

табылады. «Дүниеде  адам мен адамның танысып, түсініскеннен артық байлық жоқ», - деп Сент-

Экзюпери  айтқандай,  интернет  желілік  қоғамдастығының  жұмысын  бірге  жандандырайық, 

әріптестер!



Әдебиеттер тізімі

1.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы,  І 

деңгей Нұсқаулық, 2014. 

2.  Қазакстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

3.  Энциклопедия информациологии. /Под ред. Прохорева А.М. – М. 2000.  21-б.

4.  Педагогические технологии информатизации образования. /Под ред. Беркимбаевой 

Ш.К.  А. 2002

5.  Сpm.kz, Желілік қауымдастық, http://www.cpm.kz/ru/portal/my-groups/?user_id=39635 

6.  Исмагулова Г.С., Положение о публикации материала http://lideruralska.ucoz.ru/index/

polozhenie_o_publikacii_na_sajte/0-19 (15.08.2015)

 

                                                                                                                                                                                                  



                                                                                                                                              

384

5

THE IMPLEMENTATION OF “THE FLIPPED CLASSROOM” 

pEdAgOgICAL mETHOd IN mATHEmATICS LESSONS AT NIS SEmEy

Kaiyrzhanov B.T, Zhumabayev R. N.

 NIS Semey, Kazakhstan



Keywords: Flipped classroom; Teaching; Mathematics, NIS, Video materials

Abstract

In this work authors present their summary conclusions after implementing a new pedagogical 

approach “The Flipped classroom” in mathematics lessons. The Flipped classroom is a pedagogical 

approach which is based on shooting video lessons and use of internet. This method is considered as 

a new pedagogy in Kazakhstani education system.  Implementation was in 2014-2015 study year at 

the Nazarbayev Intellectual School in Semey, Kazakhstan. The purpose of this implementation of this 

pedagogical approach was to find out the advantages of this approach and for what teachers need to 

pay attention while making mathematics video lessons. Through oral questioning of upper secondary 

school students researchers obtain students opinions about the advantages of this new method and 

also through their experience they gathered some advises for teachers who want to implement this 

pedagogical method. 

Абстракт

В этой работе авторы представляют свои выводы после внедрения нового педагогического 

подхода  “The  Flipped  classroom”  на  уроках  математики.  “The  Flipped  classroom”  является 

педагогическим  подходом,  который  основан  на  просмотре  видео  уроков  и  использование 

интернета.  Этот  метод  считается  новой  в  педагогикой  в  системе  образования  Казахстана. 

Реализация была в 2014-2015 учебном году в Назарбаев Интеллектуальной школы г. Семей, 

Казахстан. Цель применения этого педагогического подхода было выявить его преимущества и 

узнать в ходе применения на что учителя должны обратить внимание, снимая математические 

видео уроки. Через устный опрос учащихся 11-12 классов исследователи узнали их мнения о 

преимуществах этого нового метода, а также в ходе его применения выявили несколько советов 

для учителей планирующих применить в своей практике этого педагогического метода.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет