Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет55/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126

Түйінді  сөздер:  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  әдістемесі,  ақын-

жазушылар шығармашылығы, тіл ұстарту, мектепке дейінгі педагогика.



Ключевые  слова:  методика  развтитий  речи  у  дошкольников,  творчество  поэтов  и 

писателей, дошкольная педагогика.



Аңдатпа

Мақалада қазақ поэзиясындағы көрнекті тұлға – Мағжан Жұмабаевтың мектеп жасына 

дейінгі балаларға арналған поэзиялық туындыларының  сипаты, ұлттық болмысы дараланып, 

көрсетілген. Педагог, лирик ақын М.Жұмабаевтың педагогикалық еңбектеріндегі күні бүгінге 

дейін маңызын жоймаған пікірлеріне шолу жасалған. Сондай-ақ, еңбекте аса талантты ақын 

М.Жұмабаевтың  қазақ  балалар  поэзиясына  қосқан  үлесі,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға 

арналған  жырларының  өзіндік  ерекшелігі,  көркемдік  қуаты  жайында  талдаулар  жасалған. 

Ақын М.Жұмабаевтың («Сылдырмақ», «Сал-сал білек», «Ата», «Жұбату», «Бөбектің тілегі», 

«Ата-бата», «Сұр құлын»)  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған поэзиясын қарастырудың 

ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан маңызы зор. Зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі мекемелерде 

қолдануға болады.

Аннотация

В  статье  рассматриваются  особенности  детской  поэзии  видного  представителя 

казахской литературы М.Жумабаева. Рассматриваются отзывы педагога, которые не потеряли 


371

важность  до  сегодняшнего  дня.  А  также,  особый  вклад    талантливого  поэта  М.Жумабаева 

в казахскую детскую поэзию, оригинальность его песен для детей дошкольного возраста, о 

художественности лирики поэта.

Рассмотрение  творчества    поэта    М.Жумабаева  (  «Погремушки»,  «Сал-  сал  билек», 

«Желание ребенка», «Родительское благословение»,) имеет научно-практическую значимость. 

В дошкольных учереждениях можно применять результаты исследования.

Abstract

The article discusses the features of children’s poetry, the prominent representative of Kazakh 

literature M. Zhumabayev. Discusses reviews of a teacher who has not lost the importance till today. 

And also, the special contribution of the talented poet M. Zhumabayev in Kazakh children’s poetry, 

the originality of his songs for children of preschool age, the artistry of lyrical poetry. 

Consideration  of  the  poet  M.  Zhumabayev  (“Rattle”,  “Sal  -  Sal  Bilek”,  “the  Wish  child”, 

“parents ‘ blessing”) has scientific and practical significance. At pre-school institutions can apply the 

results of the study.

  

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  дүниетанымын  қалыптастырып,  ой  өрісін  кеңей-



тіп,  эстетикалық  талғамын  арттырып,  адамгершілікке  баулуда  көркем  әдебиеттің  алатын 

орны  ерекше.  Әрине,  мектеп  жасына  дейінгі  әдеби  шығармаларды  тәрбиешінің  мәнерлеп 

оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады. Балаларға лайықты көркем сөздің 

тәрбиелеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орны 

бар, лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың балаларға арналған туындылары әлі де болса тереңірек 

қарастыруды қажет етеді. Белгілі әдебиет зерттеушісі, академик-ғалым Р.Бердібайдың пікіріне 

назар аударсақ: «...Мағжанның жүздеген татымды, әсем туындылары көңіл күйі лирикасының 

классикалық  туындылары  болып  есептеледі.  Бір  ғажабы  сол  –  ұзақ  жылдар  бойына  ақын 

мұрасы  аталмай,  бір  ғана  қара  бояу  жағылып  келсе  де,  оның  лирикадағы  өнегесінен  қазақ 

кеңес әдебиетінің бірнеше буын суреткерлері тағылым алғаны сезіледі. Мағжан поэзиясы көп 

адамдардың  жадында  жатталып  қалған.  Осының  өзі  ақын  шығармаларының  өміршеңдігін 

көрсетеді». Мағжан ақын жырлары ұрпақтар жадында жаңғырып тұратыны ақиқат. 

Қазақ халық поэзиясының дәстүрлі жалғасы болып табылатын М.Жұмабаев туындыларын 

екшеп балаларға ұсынудың маңызы зор. ХІХ ғасырдағы орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский 

«Балалар әдебиеті үшін қалыптасу қиын, балалар жазушысы болып туу керек» дейді. Мағжан 

Жұмабаевтың көркемдік-эстетикалық талап тұрғысынан бүлдіршін психологиясына лайықты 

туындыларын екшеуді мақсат тұттық. Жасынан әңгіме, жырды көп тыңдаған бала тоқыған-

білгенін қиыстырып, тұжырымдап айтып бере алса, тіл шеберлігі артары даусыз. Мұндай жақсы 

қасиеттер баланың парасатты, көргенді болып өсуіне әсер етеді. Сондықтан да балдырғандарды 

баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиет – сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын  өмір оқулығы. 

«Адам  тағдырын  тәрбие  шешеді,  тәрбие  құралы  –  сөз»  деп  заманымыздың  белгілі  ақыны 

Олжас Сүлейменов айтқанындай, сөздің құдіретті күшінің маңызы зор. 

 Мектеп жасына дейінгі баланы өзіне лайықты әдеби мұрамен сусындатып тәрбиелеу 

–  педагогтардың  алдында  зор  міндет.  Шын  мәнінде,  Мағжан  ақынның  қазақтың  сайын 

даласындай сыр шерткен асқақ поэзиясының бір саласы – балаларды рухани байытатын әдеби 

мұра.


Балалар  поэзиясын  зерттеуші,  белгілі  айтыскер  ақын  Аманжол  Әлтайдың  пікірінше, 

бала  бойында  эстетикалық  талғамды  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  −  түрлі  жағдайларда 

шығармашылық әрекет жасауға қабілетті, жан-жақты жетілген жеке тұлғаның қалыптасуына 

қызмет ету. Балалар поэзиясындағы әрбір көркем бейненің  балдырғандарға тәрбиелік ықпалы 



372

5

зор  екені  ақиқат.  Мағжан  Жұмабаев  «Балалық  шақ»  өлеңінде  балалық  шақты  патшаның 

тағына балағаны да халықтық таным-түсінігімізге лайықты.

Балалық шағы – патшаның тағы, 

Ала алмас оны бағалап. 

Көп өтпей жыл, Тек жүрмей, біл, 

Ілгергі күнді сағалап… 

Балалық – алтын, 

Құрып қал салтын

Салты оның – үйрену, 

Өнер қуып, 

Бел бекем буып, 

Надандықтан жирену!..  [1,26-б.].

 М.Жұмабаев балалар фольклорын  тұңғыш рет жинақтап 1926 жылы «Балаларға тарту» 

деген  атпен  жариялады.  Балалар  фольклоры  жинақталған  бұл  жинақта  бесік  жырының, 

жаңылтпаш, саусақ санау ойыны, арнау-тілек өлеңдері, жұмбақтардың үлгілері жинақталған. 

Сонымен қатар, Мағжанның өз өлеңдері («Сылдырмақ», «Сал-сал білек», «Ата», «Жұбату», 

«Бөбектің тілегі», «Ата-бата», «Сұр құлын») де осы жинаққа енген. Халықтың асыл мұралары 

ұрпақ  тәрбиелеудің  үлгілі  құралы.  Ұрпақ  тәрбиелеу  дәстүрлі  бесік  жырынан  бастау  алады. 

Өмірге  сәбидің  келуін  қуаныш  санаған  ата-ана  ең  алғашқы  тәтті  сөзінде,  тәрбиелік  мәні 

бар  жақұт  жырларын  да  баласына  арнаған.  Баланы  жұбату  да,  ойнату  да,  тәрбиелеу,  оның 

алдына  неше  алуан  тілек,  мақсаттар  қою  өлеңмен,  жырмен,  көркем  сөзбен  айтылған. 

Балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі бала қабылдауына бейімделе ұсынылған поэзия өзінің 

дүниетанытушылық  мақсатына  қол  жеткізе  алады.  Балалар  поэзиясына  тән  тәрбиелеушілік 

мақсаттың нәтижелілігіне қол жеткізуде көркемдік-шығармашылық шеберліктің болуы ғана 

жеткіліксіз, сонымен бірге белгілі деңгейде педагогикалық-психологиялық білім негіздерінің 

маңызы  зор.  М.Жұмабаев  өткен  ғасырдың  20-жылдарында  жарық  көрген  тұңғыш  ұлттық 

педагогикалық еңбегінің өзінде-ақ маңызды мәселелерге тоқталған: «Бастапқы кезде жөпшенді 

білінбейтін баланың жан тұрмысы бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан 

баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала 

өскен сайын тәрбиеші күшінің көбі баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде 

берік ұғу керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін 

де сол жан. Жанды дұрыс тәрбие қылу үшін жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу 

керек» деп, жан тәрбиесімен айналысушыларға талап қояды [12,5-6]. 

Әлемдегі  бар  жақсылық  ананың  әлдиімен  басталады.  М.Жұмабаевтың  «Бесік  жыры» 

өлеңі алғаш рет 1923 жылы өзінің «Педагогика» еңбегінде жарық көрді. Осы еңбектің «Есту 

сезіміне тәрбие қылу» деген бөлімінде: «Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік 

жыры.  Баланы  қолына  алған,  баланың  бесігінің  жанына  келген  ана  аузына  тас  салғандай 

үндемей  отырмасын.  Жырлай  берсін.  Бала  сөзіне  ұқпаса  да,  күйіне  әсерленеді.  Жас  балаға 

қазақтың  «Әлди,  әлди,  ақ  бөпем»  деп  басталатын  ескі  бесік  жырын  жырлау  керек.  Бұл 

жырдың күйі де, сөзі де тәтті. Біраз есейген балаға жырлау үшін қазақ әйелі төмендегі бесік 

жырымен таныс болса игі болар еді» деп бесік жырының мәтінін ұсынады. Мектеп жасына 

дейінгі балаларды М.Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің 

маңызы зор. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеудің 

өзіндік ерекшелігі бар. Қазақ үшін бесік қасиетті, киелі құтты сәбидің тазалыққа тәрбиелейтін 

алтын  ұясы.  Мағжан  Жұмабаев  «Бесік  жыры»  арқылы  баланы  тыныштыққа,  адалдыққа, 

батылдыққа баулып, баланы ай-жұлдызға, қозыға теңейді. Мектеп жасына дейінгі балаларды 

М.Жұмабаевтың  «Бесік  жыры»  өлеңі  арқылы  адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызы  зор. 

М.Жұмабаевтың  «Бесік жыры» өлеңіне келсек: 


373

  Күнім, айым, 

 

Еркетайым, 



 

Бөлейін енді. 

 

Жұмсақ бесік, 



 

Жылы төсек, 

 

Жата ғой, қозым… 



 

Қуанып, қалқам, 

 

Ерке марқам, 



 

Қысып сүйермін. 

 

Мініп тұлпар, 



 

Алып сұңқар, 

 

Тауға кетерсің. 



 

Арыстаным, 

 

Жауды қуарсың. 



 

Туған жерден, 

 

Өскен елден, 



 

Ерге не қымбат! [1,205-б.].

  Мағжан Жұмабаевтың туған жер табиғатына арнаған «Алатауда» өлеңіне тоқатала 

кетсек.


  Иір-иір Алатау 

  Бұйра-бұйра жал ма екен? 

  Қарасам көзім талады-ау 

  Қияңа, асқар Алатау. 

  Бөлек-бөлек бала тау 

  Етекте шөккен нар ма екен? 

  Желкендегі, ару Алатау, 

  Жауһардан тізген жал ма екен? [1,180-б.].

   Ал, «Жұбату» өлеңінде ақын халықтық нақышта ана махаббатын былайша 

өрнектейді. 

  Әлди-әлди, ақ бөпем, 

 

Ақ бесікке жат, бөпем. 



 

Құнан қойды, сой бөпем, 

 

Құйрығына той, бөпем. 



 

Әлди-әлди, ақ бөпем, 

 

Ақ бесікке жат, бөпем. 



 

Буырыл тайға мін, бөпем. 

 

Ақ қызы бар ауылға 



 

Балпаң байдың үйіне [1,204-б.].

  М.Жұмабаевтың «Бөбектің  тілегі» өлеңінде ауыз әдебиетінің әдемі үлгілерін, сөз 

тіркестерін пайдаланады. Балалардың айтуына оңай, жаттауына жеңіл:

   Тоқтышағым,тоғыз тап

   Саулық қойым,сегіз тап,

  Сегізін де семіз тап.

   Құла бием,құлын тап,

  Құлын таппа құнан тап

  Құнан тапсаң өзің тап [1,203-б.].

  Мағжан Жұмабаевтың  «Бөбектің тілегі» өлеңінің де ұлттық нақышы айқын көрінеді.  

  Бөкен жүнді бөрте ешкім, 



374

5

Төрт айда бол төрт ешкім, 

Төртеуің де бөрте бол. 

Өлмей, жітпей, есен боп, 

Қой алдында көсем боп, 

Төртеуің де серке бол. 

Әукем, бұзауды алты тап

Әукелері салпылдап, 

Өгіз болсын атандай. 

Бақайлары майысып, 

Елемесін қайысып, 

Адам мінсе де атамдай.

Балалар әдебиетін зерттеуші Құлбек Ергөбектің балалар поэзиясының табиғатын тануда 

айтқан пікірі маңызды деп білеміз: «Поэзия – қазақ халқы үшін бесіктегі баласынан данасына 

дейін  эстетикалық  ләззат,  тәрбие  берген,  тіршілігіне  араласқан,  әлденеше  міндетті  бір  өзі 

атқарған жанр. Кішкентай бөбек қабылдауы сезім арқылы өтеді екен. Ал, поэзия оқушысына 

сезім  арқылы  әсер  етеді.  Демек,  бұл  арада  өлең  мен  бүлдіршін  қабылдауы  аралығында 

сәйкестік бар. Бала өлеңге әуес, өлең бала қабылдауына оңтайлы. Бірақ, өлеңнің де өлеңі бар. 

Әр алуан табиғатты поэзия бар. Үлкендер поэзиясын кішкентайларға таңа алмайсың. Бөбектер 

поэзиясының, оқушысына орай, өз сатылары, сатыларына сай сан алуан талабы бар». Баланың 

жан дүниесін, рухани әлемін байытатын балалар поэзиясының тәрбиелеушілік сипаты зор. 

      Ұлттық  дәстүр  –  адамгершілік  тәрбиесінің  бастауы.  Ұлттық  салт-дәстүрлеріне 

байланысты  сөздерді  айтып    бата  беру,  өнеге  көрсету,    өсиет  айту  әдебімен  таныстырудың 

да орны ерекше.  Бата – адам баласына жақсылық тілеу, тілек айту. Елге тыныштық тілеп, 

халқының болашағы кемел болуын армандаған атаның берері – бата. Осындай  ұлттық дәстүрді 

Мағжан Жұмабаев «Ата, бата»  өлеңінен көреміз.

 …Шақырады оны атасы: 

«Кел, құлыным, кел мұнда». 

Марияш: «Ата, ата!»- дегенде, 

Атасы: «Кұлыным ата дейді ғой!» 

Марияш: «Бата, бата!»- дегенде, 

Атасы: «Құлыным бата дейді ғой! 

Бата десең, қарт атаң 

Айналсын сендей ботасын! 

Оқы, құлыным, әлім бол, 

Атаң берді батасын!» [1, 201-б.].

 Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлау мәселелерінде әдеби шығармалармен 

таныстыру  ерекше  орынға  ие  екенін  ескеру  қажет.  Мағжан  Жұмабаев  «Қазақтың  қымызы» 

өлеңінде ұлттық сусынды, маңызын дәріптеп, қазақтың рухын асырғанына куә боламыз.  

«Ал ішіңдер, бұл – қымыз»

Ал ішіңдер, бұл – қымыз. 

Бұл қымыздың арғы атасын сұрасаң, 

Құлаша қулық бие сүті еді, 

Томсарған ер қазақтың асы еді. 

Бұл қымызды кім ішсін? 

Бұл қымызды Айлы күні айналған

Бұлтты күні толғанған, 

Құрығын қу найзадай таянған, 

Томсарған ер қазақтың өзі ішсін! [1,205-б.].


375

Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бір жолы − жас бала бойына ұлтжандылық рухын 

орнықтыру.  Балдырғандардың  ұлтгық  санасы  балабақшадан  бастап  оқу  бағдарламалары 

арқылы    калыптасатыны    белгілі.  Ел  тарихын,  бабалар  дәстүрін  санасына  токып,  бойына 

сіңіріп өскен ұрпақтан ұлтжанды азамат өсіп шығады. Мағжан ақынның бала тәрбиесіндегі 

ұстанымына  назар  аударсақ:  «Балаға  тәрбиені  өзінің  шамасына,  жаратылысына  қарай  беру 

керек... Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қайратпен 

кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі 

бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші 

бар күшін, білімін жұмсап жалықпай, шаршамай үйрете білу керек». 

Ғажап ақын Мағжан Жұмабаев  шығармашылығын насихаттау жалғасын таба береді деп 

ойлаймыз. Ақынның балаларға арналған өлеңдерінің ішінен мына шумақтарды айта кетпеске 

болмайды: 

Сал-сал білек, сал білек, 

Балдан тәтті бал білек. 

Әженің тілін ал білек. 

Сал-сал білек, сал білек, 

Қыдыра берме қалтиып, 

Етегіңмен қар күреп. 

Сал-сал білек, сал білек, 

Сұлу талдай тал білек.

Оқып-оқып бір асқан, 

 Ғалым болып қал білек! 

Қорыта келгенде, Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясы көгіндегі жарқын жұлдызды тұлға. 

Академик Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтсақ: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан-

ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық 

стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып 

туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі 

жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп-жұмыр жауһар дүние». 

Әдебиеттер тізімі

Жұмабаев М. Шығармалар. Алматы: Жазушы, 1989. 448-б.

1.  Бес арыс. Естеліктер, эсселер, зерттеулер. Алматы: Жалын, 1992. 544-б.

2.  Қанарбаева  Б.  Мағжан  шығармашылығындағы  фольклорлық  дәстүр.  Алматы:  Ана 

тілі. 1995.

3.  Қанарбаева Б. Жырымен жұртын оятқан. Алматы: Ана тілі, 1998, 232-б.

4.  Қанарбаева Б. Мағжан – символист. Алматы: Экономика, 2007.  288-б.

5.  Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы, әдеби зерттеулер. Петропавл, 2006. 428-б. 

6.  Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Алматы: Жалын.1997. 368-б.

7.  Әлтай А. Қазақ балалар поэзиясы: генеалогия, типология, поэтикалық даму. Фил.ғыл.

док. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. Астана, 2009.

8.  Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар.1-кітап. Алматы: Өркениет, 2003. 368-б.



376

5

БІРЛЕСКЕН ОҚУ - ОҚУ МАҚСАТЫНА  ЖӘНЕ  НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУГЕ   

БАҒЫТТАЛҒАН ТӘСІЛ

Казыгулова Г. Я.

Педагогикалық шеберлік орталығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Түйінді сөздер: Бірлескен оқу - Коллаборативное обучение - Collaborative learning;  өзара 

әрекеттестік  - взаимодействия – interaction; танымдық, әлеуметтік және эмоционалдық аспект 

- познавательный, социальный и эмоциональный аспект  – cognitive,  social and affective aspects

Андатпа

Бірлескен  оқу  -  бұл  жоспарланған  оқу  мақсатына  қол  жеткізудегі    өзара  әрекеттесуге 

негізделген  оқыту мен оқу тәсілі.   Бұл мақала оқу және оқыту үдерісіндегі  бірлескен оқуды 

ұйымдастыру барысында оның тиімділігімен қатар, тәжірибе кезінде кездескен кедергілерді 

анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырады. Зерттеуде бірлескен оқудың негізгі идеясына  

және бірлескен топтық жұмыс жүргізу мақсаттарына  терең талдау жасалып,  мұғалімдерге, 

тренерлерге   оны тәжірибеде неге және қалай енгізудің тиімділігін, маңыздылығын түсінуіне 

мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында курс Бағдарламасының түйінді идеяларын  меңгеруге 

бағытталған бірлескен оқу ортасын құру және топтық жұмыста ұсынылатын тапсырмаларды 

әзірлеудің    әдістері    ұсынылған.    Мақала  білім  алушылардың  өзара  әрекеттесуін, 

ынтымақтастығын қалыптастырудағы танымдық, әлеуметтік және эмоционалдық аспектілердің  

белсенді ықпалдары қарастырылған. 



Аннотация

Коллаборативное  обучение  –  способ  преподавания  и  обучения,  предназначенный  для 

достижения  целей  взаимосотрудничества.  В  данной  статье  рассматривается  эффективность 

коллаборативного обучения, барьеры при организации данной работы в процессе преподавания 

и обучения, а также рассмотрены способы их решения. Определена важность эффективной 

реализации идеи совместного обучения и исследования, проведен углубленный анализ целей 

групповой работы, рассмотрены пути и причины применения их на практике. Рекомендованы 

методы, направленные на развитие ключевых идей Программы по организации коллаборативной 

среды  обучения  и  работы  в  группах.    В  статье  рассматриваются  факторы  формирования 

взаимодействия  активного  сотрудничества    в  когнитивном,  социальном  и  эмоциональном 

аспектах.

Abstract

Collaborative learning  is the way of teaching and learning, designed to achieve the objectives 

of mutual cooperation. The  article discusses the effectiveness of collaborative learning, barriers to 

the organization of this work in the process of teaching and learning and the  ways to address them. 

It determines the importance of the effective implementation of the idea of collaborative learning and 

research carried out in-depth analysis purposes of collaboration, the ways and reasons of applying 

them into practice. This article recommends methods to develop the key ideas of of the Programme 

on organization of collaborative learning environment and group works. The article deals with factors 

of forming the interaction of active cooperation in the cognitive, social and emotional aspects.


377

Аралас жастағы топтар оқушыларға  анағұрлым жақсы дамыған  

және нашарлау дамыған құрдастарымен өзара әрекет жасау  

үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік 

 дағдыларын дамытуға  көмектеседі.

                                                                                                                Жан Пиаже

Зерттеушілер  атап  көрсеткендей,  оқыту  мен  оқу  үдерісі    бірлескен  оқуға  бағытталған 

жағдайда, оқушының оқу мақсатына қол жеткізуі мен білімі мен дағдысының қатар  дамитыны 

айқындалған.                                                  

Бірлескен оқу –өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге 

немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылым болып табылады. 

Адамдар топтарға бірлескен жағдайдаларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске 

қосқан үлесі құрметтеліп, ескерілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады.  

Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. 

Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасу арқылы білімге, келісімге қол 

жеткізуіне негізделген. 

Бірлескен  оқу-бұл  оқыту    мен  оқу  тәсілі,  аталған  тәсіл  проблемаларды  шешу

тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс 

істеуін білдіреді.  Бірлескен оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, 

оған  қатысушылар  бір-бірімен  әңгімелеседі  және  осы  әңгімелесу  арқылы  білім  алады. 

Педагогикада бірлескен оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, ал ұжымдық оқу үдерісінің негізгі 

сипаттамалары мынандай:                                                                                                                                      -    

Оқу  оқушылар  ақпаратты  игеретін  және  өздері  игерген  мәліметті  бұған  дейін  меңгерген 

білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 

-  Оқу  тапсырмаларды  орындау  үшін  механикалық  есте  сақтау  мен    қайталауды  емес, 

құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және  қорытуын талап етеді. 

-  Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.

- Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы 

зиякерлік жаттығу кезінде оқушылар ой- пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады [1, 39-б.].                                                                                     

Қазіргі білім беру саласында бірлескен оқу кеңінен орын алуда. Бірлескен оқудың оңтайлы 

жақтарын Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру мақсатында 

жүргізіліп жатқан деңгейлік курс барысында терең түсінуге тырысып, оны тәжірибеге енгізу 

қарқынды  жүргізілуде.    Тренерлік  қызмет  барысында  жинақталған  тәжірибе  кезінде  мен,  

бірлескен  оқуға  бағытталған  топтық,  жұптық  және  ұжымдық    жұмыстардың  оқушылар/ 

мұғалімдер үшін тиімділігіне, маңыздылығына  көз жеткізе алдым. Бірлескен топтық жұмыс 

оқушыларды  ынталандыру,  белсенді  оқуға  тарту,  өзара  қарым-қатынас  жасау,  сыни  ойлау 

және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс. Мұғалімдердің курс 

бағдарламасының негізгі идеяларын түсінуіне, оларды метатанымынан өткізіп қабылдауына, 

алған  ақпаратты  өңдеуге,  пайымдауларына  тікелей  ықпал  еткен  ең  ықпалды  қарудың  бірі  - 

бірлескен  оқу  ортасының  тиімді  ұйымдастырылуы.  Курсқа  келген  мұғалімдердің  бірінші 

аптадан  кейін-ақ  бірлескен  жұмысқа  (топтық,  жұптық,  үштік,  ұжымдық  жұмысқа)  деген 

оң  көзқарастарының  қалыптасуы  осының  айғағы.  Сонымен  қатар  бірлескен  оқудың    білім 

алушылар үшін тиімділігін төмендегі Бағдарламаның идеясы айқындай түседі.

Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами 

түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр 

болады.  Мұндайда  оқушылар  сарапшылардың  немесе  мәтін  аясында  шектеліп  қалмай, 

өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша бірлескен оқу 

жағдайында  оқушылар  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға,  идеяларды  ұсынуға 


378



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет