Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет58/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126

5

өзгеріс  енгізуді  үйрету  үдерісін  бейнелейтін  маңызды  стратегия  деп  саналады.  [2,51-б.]. 

Осыған орай, аудандағы 13 мектепті қамтитын желілік қоғамдастығын құрдық, біздің мектеп 

координаттық  орталық  болып  табылады.  Бұл  желілік  қоғамдастыққа    мүше  мектептердің 

зерттеуге  алған  мәселелері  әр  түрлі  болғанымен,  оқу  мен  оқыту  үдерісін  жаңашаландыру 

–  бәрімізге  ортақ  мақсат  болатындығына    көз  жеткіздік.  Желілік  қоғам  мүшелері  порталға 

шығып, онлайн арқылы әр ұстаз өз мектебіндегі өзекті мәселе, оны шешу жолдары, жүргізіліп 

жатқан жұмыстары туралы ой бөлісіп отыруы бәріміз үшін тиімді екенін білдім. Мектебімде  

өзгеріс  үдерісін  басқару  үшін  және  қаншалықты  деңгейде  жұмыс  нәтижелі  болғанын  білу 

үшін  аралық  зерттеу  ұйымдастыруды  жоспарладық.  Мұны  іске  асыру  жолы  мұғалімдермен  

«Озық  тәжірибе.  Ортақ  әдіс»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  ұйымдастырдық,  атқарылған 

іс-шаралардың    қорытындысы  ретінде  «Галереяны  аралау»  әдістемелік  көрмесі  өткізілді. 

Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналардан «Оқушы үні», «Ата-ана үні» деген атпен пікірлер 

жиналды. Бұл мен үшін несімен құнды? Жоспарланған жұмыстардың сәтті кезеңдерін анықтап, 

сәтсіз шыққан  жерлерін біліп, түзету енгізу мақсатында тиімді екенін білдім.

Осы өзгерістерді енгізуде менің ұстанымым қандай, мен не істеу керекпін? Бұл сұраққа 

жауап  ретінде  «Өзгеріс  енгізу  үдерісін  басқару  оңай  емес  әрине,  өйткені  оның  барысында 

жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім ретінде, 

біз  өзімізге  әрекет  етуге,  басқаруға,  шешім  қабылдауға  жеткілікті  билік  пен  өкілеттіктер 

берілгендігін түсінеміз,... және оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз» 

[2,  73-б.].  Өйткені  мұғалім  көшбасшылығының  сәтсіз  болатын  тұстары  адами  факторлар 

мен мектептің басқа қызметкерлерімен, басшылармен қарым-қатынас деңгейіне байланысты 

болады [5, 39-б.]. Мектептің даму жоспарын іске асыруда кәсіби қоғамдастық мүшелері бір-

бірімен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс атқаруда. Осы бірлесе атқарған мақсатты жұмыс 

нәтижесінде соңғы 3 жылда мектептің білім сапасы 85% көрсеткішті ұстап отыр.

Әдебиеттер тізімі

1.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан  халқына «Болашақтың  іргесін бірге  қалаймыз!» Жолдауы  

//Егемен Қазақстан, 2011.

2.  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық / І (ілгері) деңгей/

3.  Коллинз Д. Жақсыдан ұлылыққа, 2001.

4.  Mercer N.Сөздер мен ойлар: Біз тіл мен ойды бірге қалай қолданамыз, 2000.

5.  Рахымжанова  Б.  Қазақстан  Республикасындағы  педагогтердің  деңгейлі 

бағдарламсындағы коучинг пен менторинг //Педагогикалық диалог. 2013.

                                                                                                                                      

 

 ӘЛЕМДІК БІЛІМГЕ БЕТБҰРЫС

Каменова А. Т.

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді  сөздер:  ғаламдық  тәжірибе,  халықаралық  білім  жүйесі,  кіріктірілген  білім 

бағдарламасы,  ресурстар  табу  қиындығы,  ресурстар  қоры,  инновациялық  әдістер,  белсенді 

әдістер, белсенді әрекет,  тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым.

Ключевые  слова:  глобальный  эксперимент,  международная  система  образования, 

интегрированная система программирования, сложность найти ресурсов, источники ресурсов, 

инновационные  методы,  активные  методы,  активные  действия,  слушание,  чтение,  письмо, 


393

говорение.



Keywords: global experiment, international system of education, integrated system of education 

program, difficulties of finding resources, power resources,   innovative methods, active methods, 

active actions, listening, reading,  writing, speaking.

Аңдатпа

Ұсынылған  мақала  «Мектеп  білімінің  мазмұнын  жаңарту»  бағытына  қарай  негізделіп 

жазылды. Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы елімізде 30 мектепке 

енгізілді. Оқушылардың білім сапасының күрт төмендеуінен әлемдік озық елдердің білім беру 

кеңістігіне өту қажеттілігі туындады. Бұл жұмыста оның себептері айтылды және Назарбаев 

Зияткерлік мектептеріндегі кейбір тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілі пәніне қатысты 

бірер мәселелер  айтылды. Мысалы күнделікті сабақ дайындауда ресурстардың  тапшылығы, 

мәтіндерді, аудиожазба, бейнежазбаларды тауып, іріктеудің көп уақыт алатындығы баяндалды.   

Қолданылып жүрген белсенді әдістер көп болғанмен, олардың қазақша жинақ боп шықпай 

жатқандығы, соларды жинақтап шығаратын уақыттың келгендігі туралы жазылды. Оқушыларға 

біліммен қатар ұлттық, физиологиялық, этномәдени тәрбие беруге бағыттау қажеттілігі туралы 

да жазылды.



Аннотация

Данная  статья  посвящена  такому  важному  вопросу,  как  обновление  содержания 

школьного образования. В ней рассматриваются некоторые проблемы преподавания казахского 

языка. Например, недостаток необходимых учебных ресурсов на казахском языке. Также автор 

заметил, что поиск и отбор текстов, аудиоматериалов, видеоматериалов занимает достаточно 

много времени. Автор статьи акцентирует внимание на том, что на сегодняшний день в учебном 

процессе широко используются активные формы и методы обучения.  Исходя из этого, автор 

предлагает разработать сборник материалов на казахском языке. 



        Abstract

The presented article focuses on “Improving the contents of teaching”. In order to solve the 

problems of finding texts, audio and video materials according to the learning objectives, NIS teachers 

will form a group where each tutor has own responsibilities like finding texts, form digests and  visit 

each others lessons. If the teachers work cohesively and share experience with each other, the group 

work will bring a great benefit.

Бүгінде  біздің  қоғамымыз  дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  өту  жолында  үлкен 

дайындық үстінде. Өзгерістерге толы отандық білім беру жүйесін құру білім беру саласындағы 

озық  елдердің  ғаламдық  тәжірибесін  сүзгіден  өткізе  отырып,  өз  құндылықтарымызбен 

үйлестіре қолдануды қажет етуде. Осы орайда, халықаралық талаптарға ғана емес баланың 

физиологиялық ерекшеліктеріне де бағытталған 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық 

жобасы елімізде 30 мектепке енгізілді. Назарбаев Зияткерлік мектептері аталмыш мектептерге 

қолдау көрсете отырып, өз тәжірибелерін таратуда [4].

Халықаралық білім жүйесіне көшуге негіз болған басты себеп еліміздегі оқушылардың 

білім сапасының төмендеуі болатын. Оны PISA-2009 нәтижесі және жыл сайынғы ҰБТ- ның 

тұрақсыз көрсеткіштері дәлелдеп келген [1, 99-б.]. 

Осыған  дейін  білім  саласында  көп  жағдайда  жекелеген  оқушылардың  қабілетінің 

дамуына көңіл бөлінді де жаппай оқушылардың сабақ үрдісінде қозғалысқа келуі, ойларын 

ашық айтуы қалыс қалып қойды. Жетекші рөлді мұғалім алғандықтан, мұғалімнің білімділігі 


394

5

басты орында тұрды.

Жаңа білім мазмұнында мұғалімнің рөлі ешқашан төмендемейді. Керісінше, мұғалімдік 

мамандық сапалы мамандарды қажет етеді. Соңғы жылдары мектепті жақсы аяқтаған оқушылар 

мұғалімдік  мамандыққа  бармай,  оның  орнына  қызығушылығы  жоқ  кейбір  түлектер  басқа 

таңдауы  болмағандықтан,  мұғалімдікте  оқыды.  Өзіндік  қызығушылығы  жоқтықтан,  оларда 

нәтижелі жұмыс та көрініс таба қоймады. Қазіргі мұғалімге қойылатын талап та, сұраныс та 

жоғары.


«Сингапурде білім беру адамды үйлесімді тәрбиелеуді – оның адамгершілік, зияткерлік, 

дене бітімі, әлеуметтік және эстетикалық дамуының жиынтығын білдіреді» -дейді академик А. 

Құсайынов [1, 256-б.].

Жаhандық білім беруге ұмтылысымыздың өзі де адам тәрбиелеуде осындай қасиеттерді 

қалыптастыруды көздейді. Бұндай қасиеттердің бәрін қалыптастыру үшін еңбектенетін, әрине, 

мұғалім. 

Назарбаев  зияткерлік  мектептерінде  білім  беру  тікелей  «үйлесімді  адам»  тәрбиелеуге 

бағытталған.  Пәндік  оқыту  кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасына  негізделген. 

Бағдарламаның ерекшелігі бір тақырып бірнеше сабақта қатар оқытылады. Мысалы «Саяхат 

және көрікті жерлер» деген тақырып география пәнінің тақырыбы сияқты боп көрінуі мүмкін, 

бірақ та ол тек география пәнінде емес сонымен қатар басқа  пәндерде де осы тақырып бөлім 

ретінде оқылады. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде  оқушылардың тілдік дағдыларын 

қалыптастыру көзделсе, геграфия пәнінде олардың пәндік-теориялық дағдылары артады. Ал әр 

пәнде оқушыларға беріліп отырған тапсырмалар олардың өзіндік ойлау қабілетін, зияткерлік 

қабілетін дамытуға бағытталады. Әрбір сабақта оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға 

бағытталған  педагогикалық  шеберлік  орталығы  ұсынған  оқу  мақсаттары  болады.  Ол  оқу 

мақсаттары  бір  сыныптан  екінші  сыныпқа  өткенде    күрделене  береді.  Бағдарламаның 

кіріктірілген білім беру бағдарламасы деп аталуының екінші бір себебі де осында. Мұғалім 

күнделікті  сабағын  сол  сабақта  өтілетін  оқу  мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшін  оқушыларға 

тапсырма дайындайды. Тапсырма оқушының жас ерекшелігіне сай, олардың қызығушылығын 

тудыратындай  немесе  олардың  танымдық  көкжиегіне  әсер  ететіндей,  ойландыратындай 

деңгейде құрылуы тиіс. Тапсырма барлық оқушыларды қамтумен қатар дарынды оқушылардың 

мүмкіндігін ескеретіндей деңгейде болуы тиіс. Тапсырмада міндетті түрде дифференциация 

көрініс тапқаны жөн. 

Тапсырма құруда қазақ тілі сабақтарында қиындық тудыратын бір мәселе бар: ол  берілген 

бөлім тақырыбына сай келетін ресурстар табу, яғни белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін 

бөлім тақырыбын ашатын мәтін іздеу немесе аудиожазба, бейнежазбалар іздеу көп уақыт алып 

келеді. Тапқан мәтіндерді редакциялауға тура келеді, оның бәрі уақыт алады. Қазақша сапалы 

аудиожазбаларды табу қиын болғандықтан, кейбір мұғалімдер мәтіндерді өздері жазып алып 

қолдануда. Сондықтан бөлім тақырыбына сай келетін  сапалы ресурстарды жинақтау қазіргі 

күннің басты талаптарының бірі боп табылады. Білікті ұстаздарды топтастырып, жекелеген 

бөлімдерді  бөліп  беріп  мәтін,  аудиожазба,  бейнежазба  дайындату  керек  сияқты.  Назарбаев 

Зияткерлік  мектептерінде  өздері  сол  тәжірибеде  жүргендіктен,  олар  қандай  ресурстар 

қажеттігін біледі. Оларға тапсырманы топтастырып бөліп берген дұрыс, әр топқа жекелеген 

бөлімге  мәтін  дайындау  жауапкершілігі  жүктелсе,  ізденіс  нәтижесіз  болмас  еді,  ресурстар 

қоры толыға түскен болар еді. Әйтпесе, ұсынылып отырған ресурстардың сапасы жақсы деп 

айтуға келе бермейді.

Мақсатқа сәйкес ресурс табылғаннан кейін, тапсырма оқушылардың белсенді әрекетін 

тудыратындай  әдіске  негізделіп  құрылғаны  жөн,  яғни  енді  тапсырманы  жүзеге  асыру  үшін 

әдіс таңдалады. Сабақта қолданылатын инновациялық әдістер баршылық, бірақ соларды әрбір 

тапсырмаға лайықтап орынды қолданудың өзі де шеберлік екені рас. Қолданылып келе жатқан 


395

белсенді әдістер көп болғанмен, олардың қазақша жазылған жинағын көрген емеспін, сондықтан 

оқытудың белсенді әдістерін қазақша жинақ етіп құрастыру да біздің міндеттеріміздің бірі деп 

айта аламын. 

Академик  Асқарбек  Құсайынов  монографиялық  кітабында  Премьер-министр    Ербол  

Орынбаевтың сөзін келтіреді: «2009 жылы қазақстандық 15 жасар оқушылар ЭЫДҰ елдерін 

жүйелі зерттеу шегінде функциялық сауаттылық деңгейі бойынша 65 елдің ішінен 59-орын 

алды, бұл біз үшін өте қатал сабақ»  [1, 99-б.] делінген екен. Шындығында, қазақ балаларының 

ақпаратты қабылдауы, білімді меңгеруі өте жақсы. Бірақ біздер осы кезеңге дейін олардың 

алған білімдерін өмірде қолдануға қарай бағыттай алмадық, бар күшімізді тек білімді беруге 

ғана жұмсадық. Мысалы оқушы кезімізде қазақ тілі сабақтарында өзіміз үтір-нүктесіз ереже 

жаттадық, кейін оқушыларымыздан да соны талап еттік. Ол ереженің астарына үңіліп, өмірмен 

байланыстыру жағы аз болды. Жаңа білім беру мазмұнында мұның бәрі реттелетін сияқты. 

Өйткені  қазақ  тілі  сабақтары  ереже  жаттауға  емес,  белгілі  бір  тілдік  дағдыларды  оқушы 

бойына  қалыптастыруға  бағытталуда.  Оқушының  кез  келген    ақпаратты  тыңдау  арқылы 

тыңдалым  дағдысы  қалыптасады.  Тыңдалым  дағдысы  тек  ақпаратты  тыңдап  қоюды  мақсат 

етпейді, тыңдаған мәтінін түсінуге, қолдануға, талдауға, өзіндік ой қорытындысын шығаруға 

негізделеді. Мысалы телеарнадан, радиодан тыңдағанын немесе айналасындағы адамдардан 

тыңдаған  тыңдалымдарын  өмірде  қажетті  жағдайда  қолдануға  дағдыланады.  Ал  оқылым 

дағдысын  қалыптастыруда тек қана мәтіндер емес, суреттер, жарнамалар да үлес қоса алады. 

Оқығанын  немесе  көргенін  ой  елегінен  өткізе  отырып,  талдауға,  ой  бөлісуге,  өзіндік  түйін 

жасауға үйренеді. Қарапайым мысал: жолда тұрған жарнамаларды оқыған кезде, суреттерді 

көрген  кезде,  оның  мағынасын  ұғу,  астарына  үңілу,  ойлана  білу    қажет.  Ал  «Қазақ  тілінің 

грамматикалық  жағы  қайда  кетіп  қалды?»  деген  сауал  туындауы  мүмкін.  Грамматикалық 

тақырыптар  оқушыда  жазылым  дағдысын  қалыптастыруда  бірге  қаралады.  Әдеби-тілдік 

нормалар, пунктуация, орфография тәрізді салалар бөлім мазмұнымен байланыста жазылым 

дағдысына баулуда қамтылады. Бұрын оқушыларды «есепті жақсы шығарады, бірақ сөйлеу 

жағы  аз  намесе  ол  математикалық  бағыттағы  оқушы  боп  тұр  ғой,  сондықтаан  ойын  ашық 

айтпайды» деген сөйлемдер қолданылып келді. Енді  оқушылар тіл сабақтарында дағдыны 

қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының тапсырмаларын орындай келе ондай сөздерді 

естімейтін болады. Өйткені тіл сабақтары тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын 

қалыптастыру үшін өтеді. Оқушы біржақты аяда қалып қоймай осы дағдыларды бойына жия 

береді.Нәтижесінде, олар кез келген орталарда сөйлей алатын, өз ойын ашық ұсынатын, пікірін 

қорғайтын,  өзіндік  идеясын  ұсына  отырып,  өз  ұстанымдарын  қорғай  алатын,  алған  білімін 

өмірде қолдана білетін  адам болып қалыптасады.

Жаңа  білім  мазмұны  ұстаздардан  үнемі  тәжірибе  алмасуды  талап  етеді.  Сабақ  оқушы 

білім  алатындай  және  берген  тапсырмаларды  қызығушылықпен  орындайтындай  болу  үшін 

тапсырмалардың  нақты  таңдалуы  мен  оны  өткізетін  әдістің  тиімді    алынуы  басты  орында 

тұруы  қажет.  Сондықтан  мұғалімдердің  күнделікті  бір-бірінің  сабағына  қатысуы  мектеп 

өміріндегі  қалыпты  үрдіс  болғаны  жөн.  Әсіресе,  сабақ  өткізуде  мол  әдісі  бар  ұстаздардың 

сабағына  жас  мұғалімдердің  үзбей  қатысқаны  дұрыс.  Өйткені  оның  әр  сабағынан  өзіне 

қажетті бір нәрсе болса да ала алады. Ол тек инновациялық әдістер деген сөз емес, сабақты 

ұйымдастыру,  оқу  мақсатымен  таныстыру,  оқушымен  арадағы  байланыс,  тапсырмаларды 

беру  сәтіндегі  оқушыларды  ұйымдастыру,  тапсырмалардың  құрылымы,  тиімділігі,  өлшемі, 

жетістік  критерийлерінің  ұсынылуы,  кейде  оларды  оқушылардың  өздеріне  құрғызуы, 

оқушылардан сабақ сұрауы, олардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы, жұпты бағалауы, 

топты бағалауы, рефлексия жасауы, ең бастысы оқу мақсатына сәйкес сабақ ұйымдастыруы 

мұғалімнен зор шеберлікті талап етеді. Әдіскер мұғалімнің өзінде күнделікті сабағында бір 

нәрсе жетпей жатады, қалыс қалып жатады, бірақ оның сабақтарына дағдылы қатысқанда, ол 


396

5

мұғалімнен тұтас әрекетті көруге болады. Өйткені бір сабақтың өн бойында көрінбей қалатын 

кей бөліктер бар, бірақ олар келесі сабақта анық көрініп отырады. Оқушының жас ерекшелігі 

барлық  сабақта  ескерілгенмен,  дарынды  оқушыларға  жеке  тапсырмалардың  берілуі,  АКТ 

мүмкіндігін  пайдалану  кей  сабақтарда  алдыңғы  орыннан  көрінбей  қалуы  мүмкін,  ал  кей 

сабақтарда олар жетекші рөлді алады. Осыған орай, «Өте жақсы америкалық мұғалім зейнетке 

шыққанда онымен бірге оның барлық сабақ жоспарлары мен ол жасаған әдістемелер де кетеді. 

Ал  жапондық  мұғалім  кеткенде,  ол  өзінің  бар  мұрасын  артына  қалдырып  кетеді»  [1,  49-б.] 

деген сөзді келтірген жөн тәрізді.

Сабақ жоспарын құрауда мұғалімдердің топ болып жұмыс жасағаны тиімді. Бір сабақ 

жоспарын  құрауда  бір-біріне  идея  айта  отырып  бірлесе  құрса,  ол  өте  жақсы  әрекет  боп 

есептеледі.  Бірақ  үнемі  біріге  отырып,  сабақ  жоспарын  құрауға,  шынын  айту  керек,  уақыт 

сәйкес келмейді. Сондықтан бір-біріне өтілетін оқу мақсатына байланысты идеяларын айтып, 

кезектесіп  құраған  сабақ  та  тиімді  болып  есептеледі.  Бірақ  сабақ  жоспарын  сабақ  болатын 

күні алуға болмайды, өйткені ол сабақта үлкен шикілік болады. Сабақ жоспарын құрағаннан 

соң,  сабақ  өткізетін  мұғалімдер  бірігіп,  қайтадан  қарап,  өзгертетін  тұстары  болса,  өзгеріс 

енгізілгені жөн. Бұлайша бірлесіп сабақ жоспарын құрау, бір жағынан идеялардың тоғысуынан 

жасалады,  екіншіден  келесі  мұғалімдермен  жоспар  бірлесіп  қаралатын  болғандықтан,  сол 

сабақтың  жоспарын  құратын  адамда  жауапкершілік  болады.  Егер  кезекті  сабақ  жоспарын 

құратын адамда жауапкершілік төмен болса, онда ол адаммен топта жұмыс жасау қиындық 

туғызады, бірте-бірте топтан шығуына мәжбүр болады.

Ж. Аллак «Көптеген елдердің тәжірибелері білім беру үдерісі күрделілігінің басты себебі 

қаржыға ғана емес, қаржы арқылы шешуге болмайтын құндылықтарға байланысты» [1, 194-

б.] - деген екен. Қаржы арқылы емес ұлттық эномәдени тәрбие арқылы да шешуге бағытталған 

мәселелер жаңа білім мазмұнын жаңартудың еншісінде бар. Оқушыларға өздерін кез келген 

ортада еркін ұстауға, ойларын еркін айтуға мүмкіндік беру қажет. Алайда оқушыларға еркіндік 

деген ұғымның да өз аясының, шеңберінің бар екенін, олардың ұлттық рухты ұлығылап, өздерін 

төмендетпей, қазақы намыс пен ар-ұятты сақтап жүрулерінің қажеттігіне де бағыт берілген 

жөн. Күні бүгін оқушылардың ғаламторға тәуелділіктің салдарынан жүйке ауруларына, көз 

ауруларына  шалдығып  отырғаны  баршаға  аян.  Сондықтан  ұялы  телефонның  салдарынан 

пайда  болған  жағымсыз  әрекеттерді  бастауыш  сыныптың  балаларынан  бастап  түсіндірген 

дұрыс. Тәрбиелік мақсатта әртүрлі таныстырылымдар жасап, оқушылардың өздерін шаралар 

ұйымдастыртуға тартқан абзал. Өйткені, тәуелсіз елдің оқуы мен біліміне, тәрбиесіне қатысты 

рухани мәдениет қалыптастыру қоғамның  алдындағы басты міндет [2, 6-б.].

Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік жылдарындағы біздің басты жетістіктеріміздің бірі – ғылыми 

әлеуетімізді сақтап қалуымыз болды» [3] деген болатын. Елдің ғылыми әлеуетін сақтайтын, 

оны одан әрі дамытатын ұрпақ қазіргі мектеп партасында отыр. Оларға заман талабына сай 

сұраныстарға сәйкес білім беру – әрбір ұстаздың міндеті. 



Әдебиеттер тізімі

1.  Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы, Алматы. 2013.

2.  Тайжанов А. Т. Тағылымды танымдар.

3.  Әбжанов Х. Тәуелсіздік. Президент. Ғылым.

4.  http://www.iie.kz/?p=700&lang=ru   (01.10.2015)

5.  Шамшидинова К. Н. 

2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы 

30 мектепке енгізіледі

6.  https://www.kt.kz/rus/president/2015_zhili_12_zhildik_bilim_beru_zhujesinin_pilottik_

zhobasi_30_mektepke_engiziledi_k_shamshidinova_1153587936. html  (27.09.2015)



397

НАНОХИМИЯ. КОНЦЕПЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ

Капасова Р. К.

Назарбаев Интеллектуальная школа

 г.Усть-Каменогорск

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН



Аңдатпа

Біздің  мектептің  нанотехнология  зертханасы  жоғары  дәлдіктегі  қондырғы 

«Наноэдъюкатормен»  жабдықталғандықтан,  оқушылардың   дағдыларын қалыптастыру үшін 

зерттеу  әдістері  мен  заманауий  технологиялармен  таныстыру  «Нанохимия.  Концепциялар 

мен  перспективалар»  элективті  курсы    арқылы  жүзеге  асады.    Жаратылыстану  пәндеріне 

қызығушылығы бар,  іргелі және қолданбалы мәселелерді шешудің стандартты емес әдістерін 

меңгергісі келетін ХББ НЗМ оқушыларының қабілеттерін ашу үшін авторлық  методиканың 

қолданылуы  туралы.      Методика  нәтижесі  кіріктірілген  жобалар:  ИТ,  математика,  физика, 

биология,  химия  аймағында  қалыптасқан  пәнаралық  қазіргі  заманғы  мәселелерді  шеше 

алатын,  білім  сапасын,  көшбасшылық  дағдысын,  ғылымның  практикалық  маңызын  көре 

алатын оқушылардың санын көбейту үшін бағытталған.

Түйінді  сөздер: нанохимия, нанотехнологиялар,  наноэдъюкатор,  сканирлеуші, зондтық, 

микроскопия



Аннотация

Об  элективном  курсе  «Нанохимия.  Концепции  и  перспективы»,  посвященного  новой 

области  человеческих  знаний  для  мотивации  учащихся  к  обучению  через  знакомство  с 

современными  технологиями,  задачами  и  методиками  исследования  на    высокоточном  

приборе  «Наноэдъюкатор»,  которым  оснащена  лаборатория  нанотехнологий  нашей    школы. 

О применении авторской методики  выполнения проектных заданий, направленных на оптимизацию 

личностно-ориентированного  обучения  и  раскрытия  способностей  учащимися    НИШ  ХБН

увлекающихся  естественно - научными дисциплинами и желающими освоить нестандартные 

методы  решения  фундаментальных  и  прикладных  задач,  сформулированных  в  виде 

междисциплинарных проблем современного естествознания в области химии, биологии, физики, 

математики и  ИТ для повышения качества образования и лидерства.   

Ключевые  слова:  нанохимия,  нанотехнологии,  наноэдъюкатор,    сканирующая                               

зондовая микроскопия



Abstract 

About the “Nanochemistry.  Concepts and prospects” elective course dedicated to the new sphere 

of human knowledge to motivate students for study by the introduction with modern technologies, 

problems and methods of research on the highly precise equipment which is in the nanotechnology 

laboratory  of  our  school. About  the  application  of  the  author’s  method  of  the  implementation  of 

project  tasks  directed  to  the  optimizing  of  personal  oriented  study  and  disclosure  of  the  abilities 

of students who are involved in science and want to master the non-standard methods of basic and 

applied problems solution; the problems formulated in the form of interdisciplinary cases of modern 

science in the sphere of chemistry, biology, physics, mathematics and information technologies to 

enhance of quality education and of leadership development.



Keywords: 

nanochemistry,  nanotechologies,  nanoeducator,    methods    of    scanning  probe 

microscopy   


398



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет