5
Іс-әрекеттегі зерттеу және Lesson Study кезінде сабақтарға өзгерістер енгізу көзделді.
Сабаққа оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру үшін әртүрлі әдіс-
тәсілдер қолданылды. Сабақ дәстүрлі емес, яғни, топтық оқыту арқылы ұйымдастырылды.
Себебі дәстүрлі сабаққа қарағанда сабақты топтық жұмыс арқыл ұйымдастырса, оқушылардың
бір-бірімен әңгімелесе отырып, өзара оқытуы жүзеге асырылады да, білім алуы да нәтижелі
болады. Сонымен қатар, оқушыларды өз бетімен білім алуға және оны өмірде қолдана алуға
дағдыландыруымыз керек. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтарда оқушылар өз білімдері
мен ұстанымдары туралы ойланады, бір-бірін оқытады, топпен бірігіп жұмыстанады, белгілі
бір тақырыпты оқу үстінде қөзқарастарын өзгертеді, өз болжамдарына сыни көзқараспен
қарауға үйренеді. Сол арқылы өз түсініктерін тереңдетіп, кеңейтеді. Құзырлы оқытудың
маңызды факторы мұғалімнің оқушыға тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін қамтамасыз
ету болып табылады. Осылайша оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болады.
Әдебиеттер тізімі
1. ҚР педaгог қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн aрттыру курcының I деңгей мұғaлiмдерiне
aрнaлғaн нұcқaулық. ДББҰ, 2012.
2. Мектептегi тәжiрибе кезеңiнде орындaуғa aрнaлғaн тaпcырмaлaр. ДББҰ, 2012. 4-5 б.
3. «Қазақстан мектебі» журналы. 2015, №4.
ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ АНДРАГОГИКА
ҚАҒИДАТТАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЕРЕСЕКТЕРДІ ОҚЫТУДЫ
ЖОСПАРЛАУ
Мәрсәлі Р. Ө.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
Қызылорда қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Т
үйінді сөздер: андрогогика, ересектерді оқыту тұжырымдамалары, Колб циклы,
Мелландердің эмпирикалық оқытуы.
Ключевые слова: андрогогика, концепции обучения взрослых, цикл Колба, эмпирическое
обучение Мелландера.
Keywords: andragogy, conceptions of educating of adults, a cycle is Kolb, empiric educating
of Меllander.
Аңдатпа
Мақала әлемдік білім беру жүйесіне кірігудегі қазақстандық педагогтердің біліктілігін
арттырудың түйінді мәселесін қозғайды. Қазіргі ақпараттық кеңістіктің өзгергіштігі соншалық,
біздің 5-10 жыл бұрын, одан арғысын айтпағанда, алған білімдеріміз ескірген білімге жатады
десек, оларды жаңарту – тек тұлғалық өсу ғана емес, өзіңіз еңбек ететін ұжымның табысты
қызметінің дәрежесін білдіреді. Андрагогиканың мәні мен қағидаттарын талдай келе, автор
өз тәжірибесінде ересектерді оқытудағы жоспарлауда жүргізіп жатқан зерттеуінің бастапқы
нәтижелерін көрсетеді. Соның ішінде ересектерді оқытудағы тиімді әдістер – Д.Колб циклы
мен Қ.Мелландердің оқыту тұжырымдамаларын деңгейлік курстарда педагогтердің біліктілігін
арттыру үдерісін жоспарлаудағы тәжірибесімен бөліседі.
533
Өйткені білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білікті мұғалімдер, кәсіби
тұрғыдан жан-жақты дамыған кемел ұстаздар ғана тәрбиелей алады.
Аннотация
Статья рассматривает ключевые вопросы повышения квалификации казахстанских
педагогов в интеграции к мировой системе образования. Современное информационное
пространство настолько изменчиво, что образование полученное 5 – 10 лет назад, не говоря
еще позднее, на сегодняшний день могут быть устаревшими, и их обновление – это не только
вопрос вашего личностного роста, а и степень успешной деятельности организации, в которой
вы работаете. Автор анализируя сущность и принципы андрогогики, показывает первичные
выводы исследования, проводимые в обучении взрослых. В том числе, делится опытом
планирования процесса повышения квалификации педагогов на уровневых курсах на основе
наиболее продуктивных способов обучения взрослых – цикла Д.Колба и концепции обучения
К.Мелландера. Потому что, воспитать функционально грамотного, конкурентноспособного
специалиста может только всесторонне профессионально развитый учитель.
Abstract
The article examines the key of in-plant training questions of the Kazakhstan teachers in
integration to the world system of Education. Modern informative space is so changeable, that
education is got 5 - 10 back, is not speaking yet later, to date can be out-of-date, and their updating -
it to the question of your personality height not only, and degree of successful activity of organization
in that you work. Author analysing essence and principles of Adrogogig, shows Primary conclusions
the researches conducted in educating of adults. Including, divided by experience of planning of
process of in-plant training of teachers on level courses on the basis of the most productive methods
of educating of adults - cycle of D.Kolb and conceptions of educating of К. Меllander. Because, to
bring up functionally of a literate, Competetive specialist the professionally developed teacher can
only all-round.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп [1], білім беру жүйесін одан
әрі дамыту міндеттерін көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында
стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін
атап көрсетті [2]. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.
«Өздігінен білім алу табысқа жеткізеді» -деп Джим Рон атап кеткендей, оқыту туралы
әңгіме қозғалғанда, ең алдымен ойға педагогика келеді. Алайда, мұғалімдердің деңгейлік
курстары ересектерді оқыту саласына жататыны анық. Ал, Новелс (Knowles) жүргізген
зерттеулер «оқушылардың» осы санатын оқытқан кезде педагогикалық әдістердің тиімділігі
жайлы ойлану керектігіне назар аударады. Сондықтан ересектерді оқыту жайлы айтқанда жаңа
«андрагогика» ұғымын жиі естуге болады.
«Андрагогика» ұғымы жаңа әрі аса танымал болмаса да, тәжірибеге енгеніне 100
жылдан асты. Андрогогика (грек тілінде андрос – ересек адам; агогейн – жетектеу, «ересек
адамды жетектеу») – бұл ересек адамды өмір бойы оқытудың теориялық және практикалық
534
5
аспектілерін ашады [3].
Алғаш бұл терминді 1833 жылы неміс ғалымы, тарихшы А.Капп қолданған. Андрагогика
кең мағынада – тұлғаның өмір бойы өзін-өзі жүзеге асыру тәсілдері жайлы ғылым. Кей адамдар
өздерін «жастай» ашады, ал көпшілігіне өздерін толық ашу үшін тәжірибе, білім, практикалық
дағды жинақтауы қажет. Міне, ересек адамның тұлғалық өсуіне, оның жасырын әлеуетін ашу
үшін көмекке осы андрагогика келеді. Сенеканың «Non scholae sed vitae discimus» - «Мектеп
үшін емес, біз өмір үшін оқимыз» - дегені, қазіргі өміршең ұстанымы екендігіне көзің
жеткендей.
Қазіргі ақпараттық кеңістіктің өзгергіштігі соншалық, біздің 5-10 жыл бұрын, одан
арғысын айтпағанда, алған білімдеріміз ескірген білімге жатады десек, оларды жаңарту – тек
тұлғалық өсу ғана емес, өзіңіз еңбек ететін ұжымның табысты қызметінің дәрежесін білдіреді.
Қазіргі заманда адамның бір саладағы білімімен шектеліп қалуы орынсыз. Яғни, білім беру
үдерісінің жалпы келешегі андрогогиканың еншісінде болмақ.
Дегенмен, белгілі оқыту технологиясын қарастыру барысында білім беру ұйымының
білім беру үдерісінде немесе мұғалімнің кәсіби қызметінде алға қойған мақсаттарына, соларға
сай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге ықпал ететін тәсілдер, формалар мен әдістерін
анықтау қажет.
Андрагогика қағидаттары білім берудің педагогикалық қағидаттарынан ерекшеленеді.
Сондықтан, ересек адамдарды оқыту ортасына түскен мектеп жүйесінде 20-30 жыл жұмыс
істеген мұғалім өзінің орныққан тәжірибесін, оқыту әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта
қарауы керек. Сондықтан дайын мамандарды табысты оқыту үшін оқыту материалын жетік
меңгеру аздық етеді, ол үшін ішкі харизма қажет, аудиторияның назарын өзіне тартатын
және аударатын жаңа, тың идеялар керек. Сондықтан ересек аудиторияны оқытудың бірнеше
қағидаттарын білген жөн, оның ішінде:
• жетекші әрекет – өз бетінше оқу.
• бастапқысы – топтастырының өзара және оқытумен бірлескен әрекеті – бұл қағидат
білімді алудағы басым бағыттарды оқуға дейін немесе оқу барысында алуға мүмкіндік
береді.
• оқыту білім алушылардың өмірлік тәжірибе, практикалық біліктері мен дағдыларына
сүйенеді, яғни бұл қағидат қолда бар ақпараттық қорды жаңа білімдерге арналған
қондырма ретінде белсенді қолдануға мүмкіндік береді және білім алушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізін қалаушы болып табылады.
• жаңа білімдерді меңгеру жолында тұрған ескірген тұлғалық тәжірибені және
консервативті тәсілді түзету қағидаты. Бұл қағида тәрбиелік-ағартушылық сипатқа ие
және заман ағымына кереғар қалыптасқан стереотиптері бар адамдарға оқуға деген
мотивациясы мен қажеттілігін арттыруға көмектеседі.
• оқу мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, мерзімдері мен орнын таңдау еркіндігі
қағидаты. Осы қағидатты басшылыққа алғанда ғана ересек «оқушылардың
шығармашыл әлеуетін дамытуға жағдай жасауға болады.
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы
мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып
отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі, ол да маңыздылығы жағынан
біріншіден еш кем емес. Ол: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».
Осы мақсатта «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы
бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу
жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл
мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған
жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады.
535
Кембридждің тәсілге негізделген біліктілік арттыру курсының сабақ жоспары мұғалімдерді
даярлауда іске асырылатын бір жұмыс күніне арналған жұмыстарды қамтиды. Сабақ жоспары
оған енгізілген әдістермен шектеліп қалмауға тиіс, ол мұғалімдер өздерінің күнделікті
педагогикалық қызметіне енгізгісі келетін әртүрлі әдістер туралы оларға тәжірибелік кеңес
беру үшін құрылған. Бұл жоспарлау барысында мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы,
байытушы, батыл және шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы әдіс-тәсілдерді таңдадым
деп ойлаймын [4].
Сабақты жоспарлау - бұл басқалар сияқты алынған ерекше дағды. Мұғалім өз сабақ
жопарын құра білу, бұл оның беретін сабақ мазмұнын мен қолданатын әдісті «дербес
және бірегей қылу» үшін үлкен қадам жасағанын білдіреді. Алынған дағдылар өзгелердің
дайындаған сабақ жоспарларын қолдануға қарағанда, өте құнды болып табылады. Сабақ
жоспарына қатысты «не туралы» білімі сияқты «қалай істеу керек» білімі де маңызды, бұл
кәсіби мұғалім мәртебесін арттыру жолындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Әрине, сабақ жоспарын құрудың бір ғана «өте жақсы әдісі» жоқ. Ертеден қалған мынадай
мақал бар: «Тәжірибе емес, үздік тәжірибе озық қылады» - осы аталған дағдыны алуда негізін
салушы болып табылады. Тренерлік тәжірибемде мен, әр лекке сабақ жоспарларын, өткен
топта сәтсіздеу болған стратегияларды жаңарту арқылы жаңалап отырдым.
Соның бір тетігі ересектерді оқытудың өнімді тәсілдерінің бірі Д.Колбтың әдісін мен
өткен жылғы оқу топтарындағы оқытуды жоспарлауда қолдандым. Мысалы, «Диалогтік оқыту
дегеніміз не?» және «Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану
әдістемесі» деген тақырыптағы төрт сессияның жоспарын Колб циклына салып жоспарладым.
Неліктен?
Колб циклы (үлгісі) – білімді қалай тиімді меңгеруге болатындығы жайлы қызғылықты
теория. Ол көбінде тренингтер жоспарын әзірлеуде қолданылады. Неге? Әдістің негізі
танымның мынадай стильдерінен шығады: нақты тәжірибе; рефлексивті бақылау; абстрактілі
тұжырымдама; белсенді сынама.
Яғни, Колб қағидаты бойынша құрылған оқыту, шынымен ересектерге дағдылар мен
білімдерді игертуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Колб циклы тренингтің құрылымын
ұтымды құруға жағдай жасайды.
Колб теориясына жүгінуімнің келесі себебі, курстың басында мұғалімдерден алынған
«Оқу стилі туралы сауалнама» нәтижелері болды. Сауалнама нәтижесінде топ үйренушілерінің
56% - теоретиктер, 18% - белсенді, 16%- аралас: белсенділер мен прагматиктер боп шықты.
Рефлексиялауға бейімділігі аталған үш стильмен аралас көрініс тапты. Жалпы топтың
әдістемелік әлеуеті алдыңғы топпен салыстырғанда әлсіздеу, тағы бір өзгешелігі – топтың
тең жартысына жуығы (44%) бастауыш сынып мұғалімдері. Яғни, Бағдарлама идеяларының
негіздемесін ұтымды жеткізу, әдістемелерін жетілдіруде бұған дейінгі оқыту тәжірибеме жаңа
форма қажет деп таптым. Сондықтан мен оқыту мен оқуда табыстылыққа қол жеткізу үшін
Колб циклын сынақтан өткізуді жоспарладым.
Колб теориясына сүйене отырып, мен нақты құрылымдалған және нақты мақсаттар мен
күтілетін нәтижелер көрсетілген бір-біріне қисынды байланыста болатын жоспардың мұғалімдердің
жеке және топтық қажеттіліктеріне сәйкес келуі үшін әр әдіске қажетті мақсаттары мен міндеттерін
түзіп, жүргізілу барысы мен уақыт шегін анықтап алдым. Соның ішінде оқыту уақытының :
• үйренушілердің мотивациясын арттыруға - 8-10%-ы;
• өтілген материалды бекіту және қайталауға- 18-20%-ы;
• жаңа материалды оқып-үйренуге– 46-50%-ы;
• бағалауға - 10-12%-ы;
• қорытынды, дебрифингке – 10-12%-ы бөлінді. Мұнда мен теориямен берілген, тренер
әр кезеңнің ұзақтығын өзі реттей алады деген ұстанымын басшылыққа алдым.
536
5
Колб циклына салып жоспарлаған сабақтарымнан мен не алдым? Тәжірибе кезеңінде
үйренушілер оқып-үйреніп жатқан материалдардан тәжірибеде қолынан келетінін жасап көрді,
мұнда олар өздерінің дағдыларының қаншалықты жеткілікті екендігіне көңіл аудармады да.
Ең бастысы, мұғалімдер жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы оқытудың диалогтік
әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастыра алды,
барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін
арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару керектігіне көз жеткізе алды.
Тәжірибені бекітуде ары қарай оқу қажеттілігін түсінді. Алған тәжірибелерінің оң және теріс
жақтарын талдай отырып, сәтті тұстарды басшылыққа ала отырып, одан ары қалай жақсартуға
болатынына, оқыту мен оқуда өзгерістер керек екендігіне көз жеткізе алды. Теориялық
материал арқылы алдағы атқаратын әрекеттеріне бағыт алды. Қажетті дағдылары толық не
ішінара өңделіп, бекітілді деп ойлаймын. Негізгі түйін - тиімді педагогиканың басты тәсілі – әр
оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру керектігін ұғынды деп сеніммен айта аламын.
Мұғалімді шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру үшін біліктілік арттыру курстарының
сапасын жетілідіріп, теория мен практиканы ұштастырып, мұғалімнің рефлективті-
талдаушылық қабілетін арттыру және өзінің әдістемелік жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізуіне
ықпал жасаумен қатар, сындарлылық тетіктерін қолдану қазіргі таңдағы кезек күттірмейтін
мәселелердің біріне айналуы себепті мен ересектерді оқытуды жоспарлау үдерісіне келесі
тәсілді де енгіздім. Ондағы мақсатым, екі тәсілдің нәтижелерін салыстырып, тиімдісін анықтау.
Үстіміздегі оқу жылында мен жоспарлауда К.Мелландердің эмпирикалық оқыту тәсілін
жоспарлауда қолдандым. Оны «Оқытуды жоспарлауда оқу үшін бағалау әдістемесін пайдалану.
Сабақта оқу үшін бағалау әдістемесін пайдалану» сабағының мысалында ашсам.
Д.Колбтың циклынан К.Мелландердің оқыту тұжырымдамасы іс-әрекет ауқымын
нақтылауға мүмкіндік береді. Мұнда іс-әрекет 6 буыннан тұрады. Олар:
І.
Мотивация: психологиялық даярлық және қабылдауға ашықтық. Мұнда
«Өздігінен
білім алу» таныстырылымы арқылы релаксация жасалды. Сонан соң
«Серпілген сауал»
арқылы алдыңғы білімдерінің қаншалықты беріктігі талданды.Тыңдаушыларда:
• жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе
болашағына ықпал ететін шешімдер қабылдау үшін қолданылған жағдайда
өлшемдердің сенімділігі қамтамасыз етілуі тиіс деген тұжырыммен келісесіз бе?
• «Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбауы тиіс» -
дегенді қалай түсінесіз?, -деген сұрақтар аса мазмұнды жүрген талқылауды тудырған
сұрақтар болды.
ІІ.Ақпарат: дәйектер мен мәліметтер ақпарат алмасуды көздейтін сатыда тыңдаушылар
3 қадамдық жұмыс жасады:
1-қадам. «Оқу үшін бағалау» - мәтінмен жұмыс [5, 53-54 б.]
Мақсаты:
бағалау мақсатын зерделеу.
2-қадам. Бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс».
3-қадам. «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» таныстырылым.
ІІІ. Өңдеу: ақпарат тәжірибе мен түсінікке алмасуда «Өзін-өзі бағалау» -
таныстырылымымен танысқаннан кейін «Маршрут картасымен» жұмыста мұғалімдер «білім
беру платформасындағы» қосымша таратпа материалдармен жұмыс жасады.
Жұмыс топтармен
алдын ала нақтыланған дескрипторларға сай критериалды бағалаумен қорытындыланды.
ІҮ. Тұжырымдар:тәжірибе мен түсіну білікке айналалуға тиіс бұл сатыда мұғалімдер
пәндер бойынша 4 топқа топтастырылып, «Платформаның» 24-26 бб. «Өзін-өзі және
сыныптастарын бағалау стратегияларымен» жұмыс жасады. Әр топ 4 стратегиядан бөліп алып,
пәнді оқытуда қолдану әдістемесін дайындап, өздерінің әзірлемелерін қорғап, «Үш жұлдыз,
бір ұсыныс» арқылы бағалауға ұсынды.
537
Ү. Қолдану сатысы білу дағды мен тәсілге айналдыруды қарастырады. Мұнда «Сабақты
аяқтау» таныстырылымы бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында әр мұғалім алдағы
іс-әрекеттегі зерттеуі барысында ұйымдастырып, өткізетін тізбектелген сабақтар топтамасына
табыс критерийлерін дайындап, әріптесімен алмасып, талдады. Ары қарай «Жәрмеңкеде» -
топтар үздік табыс критерийлерін іріктеп, ұсынып, қорғады.
ҮІ. Ары қарай ойлану және жетілдіру үшін жасалатын кері байланыс сатысында
«Шеберлік сыныбы» әдісі арқылы бағалауда топтар өз таныстырылымдарын қорғап болғаннан
кейін, бір-біріне түзету, жетілдіру жолдарын ұсынды.
Сонымен бірге «Таза парақ» рефлексиясы алынды. Мұнда мұғалімдер:
1. Маған сабақта ұнаған үш жағдай:
2. Маған сабақта қиындық тудырған екі жағдай:
3. Мені сабақта таңқалдырған бір жағдай – деген сұрақтарға жауап берді. Сабақтарды
талдауды алдағы күннің еншісіне саламын. Ақпараттық сипатта мен екі тәсілдің
қолданылу ретін ғана көрсеткім келді.
Сындарлы оқыту теориясының негіздері, бағдарлама идеясының мазмұны маған,
соның ішінде тренерлік қызметіме маңызды өзгерістер жасауыма әсерін тигізді. Алдымда
отырған мұғалімдердің тұлғалық қасиеттері мен кәсіби мүмкіндіктерін дамыту үшін дәрістер,
практикалық сабақтардың өткізілу формасын жаңартып отыру маңызды болды. Менің
тренерлік жұмысымды жаңаша формада ұйымдастыруды көздеу мақсатым да осыда.
Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – өздігінше дамуға, алған білімдерін
шығармашылықпен жүзеге асыра білуге, жаңа ақпаратты қабылдап, озық технологияны
меңгеруге икемді, жауапты, белсенді, кәсіби тұрғыдан сауатты, саналы азамат тәрбиелеу,
әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы талаптарға сай білім беру. Мұғалімнің өз бастамасына
негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның
барысында сезілуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу,
бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсері түрліше болады, нәтижелері
әрдайым практикалық бағытта болады: оқыту мен білім берудің жақсартылған әдістері болып
табылады. Олар сонымен бірге кәсіби өсуде маңызды бола алады [6].
Технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі
мұғалімнің рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетуде.
Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білікті мұғалімдер, кәсіби тұрғыдан жан-жақты
дамыған кемел ұстаздар ғана тәрбиелей алады. Қазіргі таңда қоғамымыздың ең көкейтесті
мұраттарының бірі білімді педагог кадрларды әзірлеу және қалыптастыру, оның ішінде
мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері білім беруді дамытудың басым бағыттарының
біріне айналып отыр.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. http://om114kaz.narod.ru/ BilimZan.
htm (22.09.2015)
2. Назарбаев Н.Ә.: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек
Қоғамына қарай жиырма қадам»/Н.Ә.Назарбаев//Егемен Қазақстан. 2012. 10 шілде.
3. Андрaгогика – искусство и наука обучения взрослых. http://neuch.org/realias/
andragogika-iskusstvo-i-nauka-obucheniya-vzroslykh (22.09.2015)
4. Тренерге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей.
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. http://cpm.nis.edu.kz
6. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы. http://cpm.nis.edu.kz
538
5
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА «FILA» КЕСТЕСІН ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Молдабек Э.Ж.
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Достарыңызбен бөлісу: |