Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет80/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126

Муканова Ж.Ж.

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді  сөздер:  проблемалық  оқыту,  FILA  кестесі,  проблеманы  зерттеу,  білім  беру 

процесі, тиімді оқыту, топтық жұмыс.



Ключевые  слова:  проблемное  обучение,  таблица  FILA,  изучение  проблемы,  процесс 

обучения, эффективное обучение, групповая работа.



Keywords: problem-based learning, the table of FILA, the study of the problem, the process of 

learning, effective learning, a group work.



Аңдатпа

Мақалада қазіргі кездегі әлемдегі білім беру процесін инновациялық дамытуға арналған 

ең озық технологиялардың бірі проблемалық оқытудың тиімділігі жан-жақты зерттелген. Қазақ 

тілі сабағындағы проблемалық оқыту оқушының шығармашылық және сыни ойлау қабілетінің 

дамуын жетілдіреді. Проблемалық оқыту процесінде FILA кестесі ойлау дағдысын дамытуға 

көмектесетін зияткерлік құрал болып табылатындығы анықталды. FILA кестесін қолданудағы 

негізі  мақсат  білім  беруде  кездесетін  проблемаларды  топпен  бірге  шешуді  қамтамасыз  ете 

отырып,  проблеманы  шешу  процесінің  неғұрлым  қиын  аспектілерін  барынша  жеңілдетуге 

көмектеседі.  

Аннотация

В  статье  всесторонне  рассмотрена  эффективность  проблемного  преподавания,  как 

одна  из  передовых  технологий,  посвященных  инновационному  развитию  современного 

образования. На уроках казахского языка данный метод преподавания способствует развитию 

творческого и критического мышления. Было выяснено, что содержание программы обучения 

FILA  является    интеллектуальным  инструментом  для  развития  мышления  у  учеников. 

Основная  цель  FILA  заключается  в  решении  поставленных  задач  в  группах,  а  так  же 

в существенном  облегчении некоторых их аспектов.

      

              Abstract

The article comprehensively reviewed the effectiveness of the problem of teaching as one of 

the advanced technology, dedicated to innovative development of the modern world education. On 

the lessons of the Kazakh language this teaching method promotes the development of creative and 

critical thinking. It was found that the content of FILA surves as an intelligent tool for the development 

of thinking in students. The main purpose of FILA is  to solve raised problems in groups, as well as 

substantial improvements in some of their aspects.


539

Елбасы Н.Ә.Назарбаев білімгерлерге оқыған дәрісінде: «Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде 

балама  емес,  асқан  қажеттілік»  дейді  Гарвард  университетінің  нақылдары ның  бірі.  Соған 

байланысты,  сендер  алатын  сапалы  білім  бар  болғаны  жолашар  интеллектуалдық  капитал 

болып  табылады.  Сендерге  өзді-өздеріңмен  үздіксіз  жұмыс  істеп,  өз  білімдеріңді,  кәсіби 

құзырлылықтарыңды арттыру қажет. Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – 

ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын бі летін адам». Мен сендерді Интернет алмастыра 

алмайтын  белсенді  түрде  жан-жақты  дамуға,  спортпен,  өнермен  айналысуға,  шет  тілдерді 

үйренуге,  отандық  және  әлемдік  әдебиеттің  терең  мұраларын  танып-білуге  шақырамын» 

[6]  –  деген  еді.  Сол  себепті  дамушы  елдердің  қатарындағы  Қазақстан  үшін  білімді  тұлға 

қалыптастыруымыз біз үшін аса үлкен қажеттілік. 

Қазіргі  кезде  әлемде  білім  беру  процесін  инновациялық  дамытуға  арналған  ең  озық 

бірнеше  оқыту  технологияларын  атауға  болады.  Олар  мысалы:  проблемаға  бағытталған 

оқыту  технологиясы,  кейске  негізделген  оқыту  технологиясы,  жобаға  бағытталған  оқыту 

технологиясы  және  зерттеуге  бағытталған  оқыту  технологиясы.  Жоғарыда  аталған  оқыту 

технологияларының  ішіндегі  ең  маңыздыларының  бірі  проблемаға  бағытталған  оқыту 

технологиясына  тоқталмақпыз.  Мысалы  оқу  орнын  аяқтаған  тұлғаның  өмірінде  белгілі  бір 

проблема  кездесіп  қалатын  болса,  әрине  әр  түрлі  жағдайда,  оны  шешу  үшін  ол  жаттанды 

білімін  қолдана  алмайды.  Неге  десеңіз,  беріліп  жатқан  білім  тұлғаны  өмірге  бейімдеуге 

бағытталмаған. Тіпті, жүз жыл бұрын, Джон Дьюидің өзі «Мектеп өмірге дайындаудан бұрын,  

өзі шынайы өмір сияқты болуы тиіс» деген болатын.

Проблемаға  бағытталған  оқыту  –  бұл  оқу  жоспарына  сәйкес  мұғалім  қадағалайтын, 

оқушыға  бағытталған  тәсіл,  ол  шәкірттерді  теориялық  білім  мен  тәжірибені  біріктіре 

алатын,  зерттеу  жүргізуге  бейімдейтін  және  өмірдегі  белгілі  бір  проблеманы  шеше  алатын 

білім  беру  мен  соған  қарай  дағды  қалыптастыруды  жүзеге  асыруға  тырысады.  Проблемаға 

бағытталған оқыту технологиясында үйретуші ұстаз оқу процесін сүйемелдеп, шәкірттерден 

олардың ойлану қабілетінің даму бағытын түсіндіруін күтеді, бірақ ол оқушыларға қойылған 

проблеманы  шеше  алатын  ақпаратты  толық  бермейді  –  ондай  мәліметті  ізденушілер  өздері 

табуға тырысуы керек. 

Жалпы  алғанда,    проблемаға  бағытталған  оқытуды  жүзеге  асырудың  екі  түрлі  жолы 

бар.  Негізгі  айырмашылықтары  алғашқысын  оқыту  барысында  проблема  білім  берілмей 

тұрып қойылады. Мысалы, оқушыларға белгілі бір проблема беріледі, сол проблеманы шешу 

барысында оқушылар тақырыпты анықтайды. Бұл жерде проблема оқытуды басқарады (Woods, 

1994). Екінші тәсілі белгілі бір тақырып түсіндіріліп, оқыту процесі жүзеге асқаннан кейін 

проблема  қойылып,  алынған  білімнің  сапасын  көрсету  болып  табылады    (Heller  және  т.б., 

1992).  Проблемаға негізделген оқытудың бұл екі тәсілі де білім беруде тиімді болып табылады.

Пиаженің (1970) айтуы бойынша, тұлғаның зияткерлік дамуының себептерінің бірі – ол 

білім мен түсінік арасындағы танымдық қақтығыстардың пайда болуы болып табылады [5, 

5-7 б.]. Міне, дәл осы қақтығыс тұлғаның білім алуындағы кездесетін мәселелерді шешуіне 

көмектесетін негізгі құралы болып табылады.

Проблемаға  бағытталған  оқыту  бойынша  мұғалім  проблеманы  шешу  барысында 

оқушылар үшін үнемі көмекші тұлғаның рөлін атқарады. Ортақ мәселені талқылауда қандай 

әдебиеттерді  пайдалануға  болатынын  немесе  қандай  формула  қодануға  болатыны  жайында 

топ мүшелеріне кеңес бере алады. 

Проблемаға бағытталған оқытудың елеулі ерекшеліктерін атап өтсек:

•  Оқушылар  өздеріне  жауапкершілік  ала  отырып,  өз  мәселелерін  шешу  үшін 

жоспарларын құрады;

•  Проблема – ол жаңа білім берудің бастапқы нүктесі болып табылады;

•  Мұғалімнің  негізгі  қызметі  оқытуда  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  оқушылардың 


540

5

дұрыс бағытта жұмыс жасауына басшылық жасау болып табылады;

•  Оқушылар топтық зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады; 

•  Оқушылар рефлексивті ойлауға қатысады;

•  Оқушылар проблеманы шешу процесі арқылы үйреніп, білім алады.

Проблемаға бағытталған оқыту процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:



Бірінші қадам – топ құру 

Топ мүшелері топтың ережесін бекітеді. Сонымен қатар топ басшысы топ мүшелерінің 

рөлдерін бөліп береді. 

Екінші қадам – проблеманы белгілеу 

Оқушылар білім алуда кездескен белгілі бір проблеманы табады немесе анықтайды. Оны 

анықтап нақтылау үшін топтарда жұмыс жасайды. Сонымен қатар олар проблеманы шешуге 

байланысты өздеріне сұрақтар қоя отырып, сол сұрақтардың жауабы ретінде негізгі фактілерді 

тізіп шығады. 

Үшінші қадам– негізгі идеяларды жинақтау

Оқушылар  өздерінің  проблемаларын  шешуге  немес  түсінуге  көмектескен  идеяларды 

жинақтайды.

Төртінші қадам – проблеманы анықтау 

Проблеманы  зерттеу  мен  іс-әрекеттің  жоспарын  құрудағы,  проблеманы  шешудегі 

идеялар  көлемі  ұлғая  бастайды.  Оқушылар  өздерінің  білетіндері  мен  білмейтіндерін  нақты 

анықтап  алады.  Өздерінің  топта  талқылаулары  барысында  кездескен  сұрақтарды  кезегімен 

жазып отырады. Сұрақтарға жауап іздеуде топ мүшелері жұптарда жұмыс жасауы да мүмкін. 

Кейбір жағдайда бүкіл топ мүшелері бір уақытта әр түрлі салада зерттеу жұмыстарын жасауға 

кірісіп кетеді. 

Бесінші қадам – өздігінен іздену немесе білім алу 

Бұл кезеңде оқушылар проблеманы анықтауда топпен немесе жеке жұмыс жасау арқылы 

негізгі деректер мен мәліметтерді іздейді. Кейін жинақтаған мәлімметтерін біріктіреді. 

Алтыншы қадам – синтездеу және қолдану 

Оқушылар  ынтымақтастықта  өз  білімдерін  жаңа  білімдермен  толықтарған  кезде  олар 

алдыңғы  проблеманы  зерттей  отырып,  өздерінің  қорытындыларын  біріктіреді.  Яғни  өз 

білімдерін жинақтай отырып, жаңа түсініктерін ескі түсінікпен біріктіреді. Олар үнемі ізденісте 

бола отырып, жаңа білім алуға, проблеманы тереңірек зерттеуге  қол жеткізеді. 

Жетінші қадам – рефлексия, кері байланыс 

Оқушылар өздерінің жеке жасаған жұмыстары туралы ойланып, топпен жұмыс жасаудың, 

проблеманы шешуде  алған білімі үшін өзі қандай үлес қосқандығы туралы ойланып өзіне кері 

байланыс береді. 

Зертттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, (Norman & Schmidt (1992) дәстүрлі білім беруге 

қарағанда  проблемаға  бағытталған  оқыту  бойынша  білім  алатын  оқушыларда  проблеманы 

шешуде ең жақсы дағдылар дамыған. Сонымен қатар проблемаға бағытталған оқыту бойынша 

білім  алатын  оқушыларда  үлгерім  сапасы  мен  білім  сапасында,  білім  деңгейінің  жетілуін 

анықтау тестінде де ешқандай  төмен көрсеткіш байқалмаған [5, 5-7 б.]. 

Norman & Schmidt (1992) – тің зерттеуі негізінде проблемаға бағытталған оқыту  бойынша 

білім алатындар дәстүрлі білім беру жүйесімен салыстырғанда негізгі нақты білімді ұзақ есте 

сақтайды [2, 22-б.]. Сонымен қатар проблемаға бағытталған оқыту бойынша білім алатындар 

кез келген мәселенің себептері мен салдарын анықтап, түсінік беруде үлкен жетістікке жете 

біледі  және  ойлау  дағдыларын  жоғары  деңгейде  дамытуға,  өзін-өзі  зерттеуге  көбірек  бейім 

келеді. Сол үшін де проблемаға бағытталған оқыту біздің оқушыларымыз үшін өте тиімді деп 

санаймыз. 

Проблемаға бағытталған оқыту жаңа оқу немесе оқыту әдістері емес. Оның теориялық 


541

тамыры Дьюиден бастау  алып, (1938)  «сұрау», Брюнер (1961) «жаңалық ашу», Пиаже (1970) 

«қақтығыс» және «әлеуметтік конструктивтік», Выготскийдің  оқушының  даму - танымдық 

және әлеуметтік деңгейдегі  зерттеу жасауға, көптеген оқыту теориялары негізінде қолданылып  

келеді [3, 14-б.]. Дәстүрлі  әдіс бойынша мұғалім  үйретіп оқушы  үйренетін  болса, бұл жүйе  

бойынша мұғалім  оқушыны өздігінен үйренуге бағыт береді.  

Проблемаға бағытталған оқыту процесінде FILA кестесі (деректер, идеялар, сұрақтар, 

жоспарлы іс-әрекет) ойлау дағдысын дамытуға көмектесетін зияткерлік құрал болып табылады. 

FILA кестесін қолданудағы негізі мақсат білім беруде кездесетін проблемаларды топпен бірге 

шешуді қамтамасыз ете отырып, проблеманы шешу процесінің неғұрлым қиын аспектілерін 

барынша жеңілдетуге көмектеседі. 

Келесі кестеде 9-сыныптың қазақ тілі пәнінде «Ұрпақтар көзқарасының алшақтығы»[1] 

тарауы  бойынша  өткізілген  сабақта  Ксения  Симонованың  «Кешікпеңіздер»  (https://www.

youtube.com) атты бейне материалы негізінде отбасында орын алатын шиеленістерді проблема 

ретінде алып, FILA кестесі бойынша осы проблеманы жан-жақты зерттеп, топта талқылап, 

оны шешудің жолдары мен әр түрлі нұсқалары  ұсынылды. 

                 

  Кесте1. Бейнекөрініс бойынша толтырылған FILA кестесі



Деректер

 (Facts)

Идеялар

 (Ideas)

Сұрақтар 

(learning issues)

Жоспарлы іс-әрекет 

(Action plan)

-Бақытты отбасы 

-Баланың дүниеге келуі 

-Ғалам, жер, ана

-Жүкті әйел 

-Портрет 

-Зымыраған уақыт 

-Қалыңдық бейнесі 

-Ата-ана мен 

баласы арасындағы 

байланыстың үзілуі 

-Атақты суретші 

-Жалғыздық

- «Мен сені күтемін...» 

-Қартайған ана 

-Құстар қайтып барады 

-Көз жұмған әке

-Жалғыз әке 

-Кешіккен бала

-Кешірім сұрап келген 

бала 

-Отбасындағы бала 



тәрбиесі 

-Ананың көңілі балада, 

баланың көңілі далада  

-Алтын уақыттың 

қайтып келмеуі

- Қоғамдағы негізгі 

проблема 

-Ұлттық менталитет 

-Өзімшілдік өрге 

баспайды 

- Жұмақ ананың 

табанының астында;

-Бақытты отбасы қалай 

қалыптасады?

-Баланың іс-әрекеті 

қандай болуы керек еді?

-Баланаың бойындағы 

психологиялық күйзелісті 

қалай шешеміз?

-Сол баланың отбасын 

тастап кетуіне не себеп 

болды?


-Ертеңгі күні өкінбес 

үшін не істеу керек?

-Жалғыздық жүгі неге 

ауыр?


-Отбасын жоспарлауды 

қатеге жатқызасыз ба?

-Тәрбиелі ұрпақ өсіруде 

қателікті көрдіңіз бе?

-Ата-ана бақыты неде?

-Баланы кешіруге болады 

ма?

- Ата-анадан мансап 



маңызды ма?

-Отбасында өзімшілдік 

орын алмас үшін, көп 

балалы отбасын құру керек;

-Отбасылық тәрбиеде 

ұлттық құндылықтарымыз 

бірінші орында болуы 

керек; 


-Уақытты ешқандай 

алтынға алмастыра  

алмайтынымызды естен 

шығармағанымыз жөн;

-Әр басқан қадамда 

сенімділік қажет;

-Адам өз өміріндегі  

маңызды тұлғаларды 

ешқашан қараусыз 

қалдырмауы керек; 

FILA  кестесін  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарының  кез-келген  бөлімдерінде  тиімді 

қолдана отырып, нақты қойылған проблемаларды жеңіл шеше аласыздар.

Шынайы    өмірге  дайындайтын  білім  беруде  мұғалім  өзінің  әдіс-тәсілін  мұқият 

жоспарлауы керек.  Әлем  өзгеруде  және  тез өзгеруде соған байланысты  мұғалімдер  қауымы  

оқушыны  ХХІ  ғасыр    мәселелерін    шеше  алатындай    білім  беруі  қажет.  Сонымен  қатар, 

Питер  Друкердің  (1999)    өзі:  «Шын  мәнінде  бүгінгі  күннің    білімді  адамы  –  үздіксіз  және 

өмір  бойы  үйренетін  адам»  [4,  185-б.]  деген  болатын.    Топпен  берілген  білімде  оқушылар  

мәселені шешу, қиындықтарды жеңу, өмір мен оқыту бір-бірімен байланысты екенін түсінеді.  

Бұл оқыту формасы шынайы проблемаларды шешуге, шынайы өмірден көрініс бере отырып, 


542

5

топпен жұмыс  жасауға үйретеді. Проблемалық міндеттерді қою арқылы сыныпта проблемаға 

негізделген оқытуды ұйымдастыру оқушылардың белсенділігі мен дербестігіне ықпал етеді. 

Бұл іс-әрекет, ең алдымен, жеке тұлғаның танымдық дағдысына әсер етеді: оқу материалдарына 

қарай  танымдық  көзқарасын,  білім  беру  қызметінің  тұрақты  танымдық  мүдделері  мен 

себептерін  қалыптастырады. 

  Еліміздің кез келген жағдайға бейім, білімді де  тәрбиелі, алдыңғы қатарлы арқа сүйер 

азаматтардың  болашағы  сіз  бен  біздің  қолымызда  екенін  әрқашан  естен  шығармай  үлкен 

жауапкершілікпен қарайық.

Әдебиеттер тізімі

1.  Кіріктірілген білім беру бағдарламасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша  оқу 

бағдарламасы (екінші тіл ретінде – Т2)

2.  «Мұғалімге арналған нұсқаулық» ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 

курсының 3 деңгей бағдарламасы. 2012. 22-б.

3.  Кузьмина Е.В, Проблемное обучение на уроках математики. Методическое пособие

Семей, 2012. 14-б.

4.  Махмудов М.И Организация проблемного обучения в школе. Москва: «Просвещение», 

1977. 185-б.

5.  Introduction  to  PBL  Temasec  polytechnic,  Participation  Presented  to  Inguiry  Learning  

PBL. Singapore 2013y. 5-7 б.  

 

 



 

 

 



 

 

http://www.ktk.kz/kz/news/video/2012/09/05 (14.08.15ж.)



КЕРІ БАЙЛАНЫС -  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ  ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЫН  

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Набуова Р. А.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Түйінді  сөздер:  рефлексия,  андрогогика,  траектория,  SWOT  талдау  (S–жақсы  жағы, 

W-әлсіз жағы, O- мүмкіндіктері, Т- қауіпті тұсы).



Ключевые слова: рефлекия, андрагогика, траектория, SWOT анализ.

Keywords:  reflection,  androgenic,  trajectory,  SWOT  analysis  (S-strong,  W-weaknesses, 

O-opportunity, threat-T).



Аңдатпа

Автор курс барысында мұғалімдердің  оқуы  мен  оқытуын    жақсарту,  оқу  мен оқытудың 

тиімділігін  арттыру  мақсатында  кері  байланысты  қалай  құруға  болатынын  және  рефлексия 

ұғымын ғылыми-педагогикалық тұрғыда  негіздей отырып, негізгі аспектілеріне мән береді.

Тренерлік  тәжірибесінде  м

ұғалімдердің  оқу  әрекетіне  деген  рефлексивті  қатынасын 

қалыптастыру өзектілігін айқындай отырып, 

тренингтік сессиялардағы қолданысқа енгізген 

рефлексия түрлері мен әдістемесі арқылы өз тәжірибесімен бөліседі. 

Автор  қазіргі  заман  мұғалімінің  кәсіби  біліктілігі  мен  педагогикалық  құзіреттілігінің 



543

маңыздылығын  кері    байланыс    жүргізудің    стратегиялары  арқылы  өзіндік  ой-тұжырымын 

жасайды,  соның  нәтижесінде  мұғалімдердің  рефлексивті  мәдениетін  дамыту    жолдарын 

айқындайды.



Аннотация

В статье представлен опыт автора по развитию рефлексивной культуры учителя, с помощью 

применения обратной связи, в целях улучшения качества и повышения эффективности обучения 

и  преподавания,  акцентирует  внимание  на  основные  аспекты  рефлексии,  обосновываяих 

значение с научно-педагогической точки зрения.

Из опыта работы тренер предоставляет материал по методике внедрения видов рефлексии 

на  тренинговых  сессиях,  определяя  актуальность  формирования  рефлексивного  подхода 

учебной деятельности учителей.

А  так  же  автор  выделяет  значимость  применения  стратегии  обратной  связи  в  целях 

формирования умений собственности интерпретации и совершенствования профессиональной 

квалификации  и  педагогической  компетентности  современного  учителя,  в  результате 

обозначает пути развития рефлепксивной культуры учителя.



Abstract

The author highlights the special attention that feedback, improves the level of education and 

training of teachers during the course, in order to enhance the effectiveness of teaching and training 

and for research.

The coach wants to share their experiences, emphasizing how important the role played by the 

formation of a reflexive action of teacher training in practice and in training sessions.

As a result of the development of the idea of   a teacher’s professional competence and pedagogical 

competence of teachers, the author gives priority to the development of reflective culture of teachers.

 Мұғалімдердің оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасын қалыптастыру бүгінгі күннің 

өзекті мәселесі болып табылады.  Оқу әрекетінің негізгі құрамына жататындар: оқу міндеттері 

(оқу тапсырмалары); оқу тәсілдері (қолданатын нақтылы практикалық және ой-тәсіл амалдары); 

бақылау (өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы); бағалау (сырттай және өзін-өзі бағалауы). Оқу 

әрекетінің құрамына мұғалімдердің өзін-өзі қадағалап, тексеріп, бағалап отыруы кіретіндіктен 

оқу әрекетіне деген рефлексивті қарым-қатынасын қалыптастыру ең басты мәселе екені анық.

 Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъектінің ойлау, қабылдау 

қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы мұғалім өзінің даралығына, 

өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, 

оқу  әрекеті  өз  пікірін  таразылап  түсінуге,  өз  ойын  дәлелдеуге  мүмкіндік  алады.  Рефлексия 

арқылы өз оқу әрекетінің әдіс-тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – 

алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге 

үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия 

- өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың 

қажетті құралы

 [1].  

«Рефлексия  –  адамның  өз  істерінің  мәнін  түсіну,  ойлану  барысында  өзіне  өзінің  

нені,  қалай  жасағаны  туралы  толық  және  анық  есеп  беруі  немесе  өзі  әрекет  барысында 

басшылыққа  алған  ережелер  мен  қателерді  мойындауы  не  жоққа  шығаруы» [2].  

  Кері байланыс мұғалімдердің оқу мен оқытуда қаншалықты маңызды? Оқу мен оқытудың 

тиімділігін арттыру  үшін  кері  байланысты  қалай  пайдалануға болады?» деген сұрақтарға 

жауап іздеуден бастадым.  



544

5

 Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің 

негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Рефлексия сөзі латын тілінде «reflexio» - артқа 

қарайлау деген сөз. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне 

есеп  беру  деген  сөз.  Бұл  адамның  өз  іс-әрекетінің  заңды  түрде  жүзеге  асуының  теориялық 

формасы. Яғни, педагогика саласында рефлексия – іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның 

нәтижесі.  

Рефлексияны    адамның    рухани    әлеуетін    ашу    мен    анықтаудың    инновациялық 

жолдарының  бірі  деп  тани  отырып,  Б.З.Вульфов  пен  В. И.  Харькин «Рефлексияны  ешкім 

және  еш  нәрсе  алмастыра  алмайды» деген  пікір  білдіреді [2].  

Қазіргі  жұмысымды  тренер  ретінде  жасап  жатқандақтан  мен  де  рефлексияға көп көңіл  

бөліп  жүрмін.Үйренушілерім көбіне  рефлексия  жазуға  келгенде  қиналатынын байқадым.  

Тренерлік қызметімнің кері байланыс жүргізудің табыстылық критерийлерін белгілеп, 

қадамдар айқындап алынды

:

1-қадам.  Қандай  тренер  екеніме    өзіндік  ой  толғау  жасау.  Нәтижесі:  өзін-өзі  бағалау, 



өзімнің мықты, әлсіз тұстарым мен өз мүмкіндіктерім мен жақын арадағы даму аймағымды 

толыққанды білу.

2-қадам.  Бағдарлама  идеяларын  терең  меңгеруім  үшін  рефлексия  жасау  (рефлексивті 

журнал) арқылы келесі сессияға өзгеріс  бағыттарымды айқындау.

3-қадам.    Андрогогика  ғылымының  негiзгi  идеяларын,    андрогогиканың  негiзiн 

салушылар Малколм Шеппард Ноулз,   Питер Джарвис,  Р. М. Смит ғалымдардың ойлар мен 

тұжырымдарын зерделей отырып, басшылыққа алу.

Андрогогиканың негiзiн салушы Малколм Шеппард Ноулз андрогогикалық оқыту моделi 

педагогикалық оқыту моделiнен ерекшелігін айта келіп, үйренушілерге тән сапалардың бірі  

- үйренушi тәжiрибесi бiлiмнiң бай көзi болып табылады, оқыту пәнге емес, мәселе шешуге 

бағытталуы  керек  деген  тұжырымын  өзімнің  негізгі  жұмыс  бағытым  етіп  алуым  керек  деп 

ойлаймын [6].  

Белгілі ғалым С.И.Змеев өзінің қызметін дұрыс атқару үшін андрогог–педагогта  біліктер, 

білімдер,  дағдылар,  сапаларын  анықтаған,  яғни  осы  тұжырымын  басшылыққа  ала  отырып, 

қажетті ойлар мен идеяларды  алдағы өзгеріс бағыттарыма алуды жөн санадым. 

Рефлексияны  әртүрлі  жүзеге  асыруға  болады,  сабақтың  соңындаң  әр  тақырыптың 

соңында, сабақ этаптарының арасынла, тарау соңында. Рефлексия біртіндеп мұғалімнің ішкі 

рефлексиясына ұласуы керек. Рефлексияны оқыту материалдарының рефлексиясы, көңіл-күй 

рефлексиясы және іс-әрекет рефлексиясы секілді түрлері бар. Рефлексияның түрлерін жеке, 

жұптық, топтық жұмыстарда қолдануға болады.

Тренингтік  сессияларда  «Бүгін  не  үйрендім?  Мені  не  таңқалдырды?  Нені  дамытуым 

керек?»,      «Диалогтың  маңызы»    5  минуттық  эссе  жазу,  сауалнама  алу  арқылы  түрлендіре 

отырып жүргізілді.

«Сөйлемді аяқта»   кері байланыс нәтижесінде мұғалімдер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі 

сабақтарда дарынды балаға аса мән бермегендерін айтып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен 

бөлісіп жатты.

«Жұлдызша»  кері байланыс шарты бойынша әрбір санның тұсына топтың ішіндегі бүгін 

ерекше көзге түскен кісі есімін жазады. Сонда барлығы 5 кісінің есімін  жазып, ерекшеленген 

тұстарына талдау жүргізіледі. 

 Тыңдаушы мұғалімдерге арналған сауалнаманы мына тұрғыда алуға болады.

1. Бүгін сіз қандай жаңалықтар ала алдыңыз?-----------------------------    

2.Әдіс-тәсілдердің орындалуы қаншалықты жүзеге асты? ------------

3. Мұғалімдердің тәжірибесіне берер бағаңыз?---------------------------

4. Сіздің ұсынысыңыз?----------------------------------------------



545

«Ой  артынан  ой  туар»  сауалнамасы  алынды.  Мақсат    мұғалімдерге  біріншіден,  сыни 

тұрғыдан  ойлануына  қандай  өзгеріс  енгізгенін,  екіншіден  мұғалімдердің  сыни  ойлауын 

жетілдіру үшін  жұмыс стратегияларын қалай қолдануға болатынын,  сыни тұрғыдан ойлау 

стратегияларын қалай жетілдіруге болады, яғни ой-тұжырым жасай алуға бағыттау.  

Сауалнамаларда  сұрақтар  беріледі,  басқа  да  жазба  жұмыстарын тапсыру бірлескен 

әрекеттің  алғашқы  сәттерінен  бастап,  аяқталған  кезіне  дейінгі  жұмыстарды  қайта  бір  ой 

елегінен өткізу мүмкіндігі беріледі.

Жағымды нәтижелерге қол жеткізілді ме немесе жоқ па? деген сұраққа SWOT талдау 

(S– жақсы жағы, W- әлсіз жағы, O- мүмкіндіктері, Т- қауіпті тұсы) жүргізу арқылы анықталған 

деректерді ұсынуға болады.

Сессия  соңында  SWOT  арқылы  1.«Оқытудағы  басқару  және  көшбасшылық»  модуль 

идеяларын меңгерудегі күшті тұстарым»; 2. «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модуль 

идеяларын  меңгерудегі  әлсіз  тұстарым»;  3.  «Оқытудағы  басқару  және  көшбасшылық»» 

модуль идеяларын меңгерудегі  мүмкіндіктерім; 4.«Оқытудағы басқару және көшбасшылық»» 

модуль идеяларын меңгерудегі күшті тұсым мен мүмкіндіктерім; 5. «Оқытудағы басқару және 

көшбасшылық»» модуль идеяларын меңгерудегі  әлсіз тұсым  мен мүмкіндіктерім жеке жұмыс 

алынды. Енгізілген өзгерістердің  жақсы  жағы: мұғалімдер кері байланыс арқылы өздерінің 

қай жерде екендіктерін, қайда ұмтылу қажеттігін және келесі қандай қадамдар жасау керектігін  

кері  байланыс  жүргізудің  стратегияларын  меңгере  отырып, айқындайды [5].  

SWOT  арқылы  мұғалімдердің  оқыту  үдерісін  жақсартуда  өзін-өзі  бағалау  мен  өзара 

бағалаудың рөлін қаншалықты түсінетіндіктерін, өзін өзі бағалаудың және өзара бағалаудың 

бір  немесе  бірнеше  стратегиясын  қалай  пайдаланатындықтарын  анықтауды  мақсат  еттілді. 

Өйткені өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдау, оқығаны және қол жеткізгені туралы 

нақты түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге ұмтылыс жасау үдерісі» деп 

айқындалады  (Мунби  және  басқалар,  1989).  Себебі  өзін-өзі  бағалаған,  бірін  бірі  бағалауды 

меңгерген мұғалімдердің рефлексия, яғни кері байланыс жасауы жақсарады. 

Кері байланыс алу нәтижесінде  сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өзінің оқыту мен 

оқу  тәжірибесінде  қалай  пайдаланамын  және  қалай  жетілдіре  аламын  деген  сұрақтарға 

жауап  іздей  отырып,  тұжырым  жасай  алуға  бағытталды.  Сондай-ақ,  мұғалімдер  мазмұнды 

және дәлелдеме жауаптарды ынталандыратын сұрақтар қою, күтпеген идеяларға дайын болу, 

алдыңғы  білімдермен  байланыс  жасай  алу;  сенімді  айту  және  жұмысқа  қосатын  пайдалы 

үлестері туралы ескеруі қажет екеніне көз жеткізуге болады. 

Кері  байланыс  мұғалімдерге  біріншіден,  оқытудағы  сәтсіз  тұстарын,  кедергілерді 

анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-

тәсілдерін қолдануға, уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Табыстылық траекториясы

1

0



9

8

7



6

5

4



3

2

                                 



10 

9

8



7

6

5



4

3

2



1

Түске дейін –

көк

Түстен кейін –



қызыл 

        


546


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет