Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет82/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126

5

Муляждар  - табиғи нысандардан дәл көшiрiп алатын көрнекілік. Оларды көбіне  iшкi 

мүшелерді зерттеуде пайдаланады. Сонымен бiрге, табиғи нысанды қолдану мүмкiндiгi жоқ 

немесе  табиғи  нысан  белгілі  бір  себептермен  оқушыларға  толық  көрінісін  аша  алмайтын 

жағдайларда қолданылады [2].



Бедерлi кестелер - пластикадан жасалған рельеф түріндегі заттардың көркем бейнелері. 

Ағзаның, органдар жүйесінiң, органның бiр бөлiгiнiң контурлары, ерекшеленген кескiндерi 

терең емес бедерiмен берілген. Мұндай кестелер төзімді, жеңiл жуылады, бiрақ оларды сақтау 

үшiн баспа кестелерiне қарағанда орынды едәуiр көп қажет етеді [2]. 

Биология  сабақтарында  зоогеографиялық  карталар  пайдаланылады.  Биология 

сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу мақсатында картиналар репродукциясын 

пайдалану керек. Бұл жабдықтың түрiн өкiнiшке орай, мұғалiм сирек қолданады. Сабақтарда 

ғалым- биологтардың портреттері пайдаланылады. Мұндай портреттер  биология кабинетiн 

безендіру үшін жиі қолданылады. 

Әдетте, мектептерде бейнелеу көрнекіліктері жетіспейді. Осы жағдайда мұғалiм кітаптағы 

суреттер  бойынша  көрнекіліктер  жасау  үшiн  жақсы  сурет  салатан  мектеп  оқушыларын 

тартады. Сонымен қатар үлгi және муляждар жасап шығаруға болады. Мектептердегi барлық 

дерлiк  гербарий материалдары мен топтаманы оқушылар жинап жасайды. Әсiресе оқушылар 

жасаған әр түрлi сабақтарға үлестiрме материалдар қызықты болып табылады. 

Көрнекi  құралдардың  аталған  түрлерiнің  бәрi  мектепте  кеңінен  пайдаланылады.  Оқу-

тәрбиелiк үдерісінде олардың көмегімен биологияның негiзгi ұғымдары ашылады. Сондықтан 

мұндай көрнекi құралдары негiзгi болып есептеледi. 

Зертханалық  жабдықтар.  Биология  сабақтары  үшiн  оқытудың  қосалқы  немесе 

көмекші  көрнекі  құралдары,  соның  ішінде  әр  түрлi  құралдар  маңызды  болып  табылады. 

Микропрепаратты микроскопсыз зерттеу мүмкiн емес. Егер мектепте әр түрлi құрылымдардағы 

микроскоптар болса (монокуляр және бинокулярлық)  жақсы болар еді [2].



Оқытудың техникалық құралдары. Биология сабақтарында оқытудың әр түрлi экрандық – 

дыбыстық құралдары пайдаланылады, олардың арасында жетекшi орынды оқу кинофильмдерi 

алады [2]. 

Электрондық  энциклопедиялар. Электрондық энциклопедиялар – кәдімгі анықтамалық-

ақпараттық  басылымдар-энциклопедиялар,  сөздіктер,  анықтамалықтардың  т.б  аналогтары 

болып саналады [3].

Бұндай  энциклопедияларды  жасау  үшін  гипермәтінді  жүйелер  мен  гипермәтінді 

белгілердің  тілдері  қолданылады,  мысалы  HTML.Өздерінің  қағаз  аналогтарына  қарағанда 

олардың қосымша қасиеттері мен мүмкіндіктері бар:

•  оларда тірек сөздер мен ұғымдар бойынша іздеудің ыңғайлы жүйесі болады:

•  гиперсілтемелер негізіндегі навигацияның ыңғайлы жүйесі;

•  аудио және бейне фрагменттерді қамту мүмкіндігі.

Соңғы кездері «Кирилл и Мефодий компаниясының ақпарат өнімдері кеңінен қолданылып 

жүр. Олардың каталогтарында биология және экология сабақтарына және мұғалімдерге де, 

оқушыларға да жеке жұмыс жасауына пайдалануға болатын әзірлемелердің мол жиынтығы бар. 

Оның  мысалы  болып  «Үлкен  энциклопедия»  табылады.Онда  сабаққа  қажетті:анықтамалық 

кестелер және схемалар, әртүрлі интерактивтер, оның ішінде тірі жәндіктер мен өсімдіктердің 

классификациясы,мультимедиалық  панорамалар  (өмір  эволюциясы,  Жер  экожүйесі), 

бейнеқосымшалар  (жабайы  аңдар  өмірі),  фонотеканы  (жануарлар  дауысы),  фотоальбомдар 

(Ресей табиғаты,жыртқыш аңдар), РФ Қызыл кітабы т.б. табуға болады [3].

Дидактикалық  материалдар  –  бұл  электрондық  түрде    ұсынылған,  doc,  .rtf  және  .txt. 

форматтағы  мәтін  файлдарының  қарапайым  жиынтығы  түріндегі  есептер,  диктанттар 

жаттығулар,  рефераттар  мен  шығармалар  жинағы  [3].  Білімді  бақылаудың  ыңғайсыздығы, 


553

оқушылардың жазған жұмыстарын жеке тексеріп, оған баға қоюмен түсіндіріледі. Бұл жұмысты 

автоматтандыруға  болады.  Мұғалімнің  өзі  мәтін  редакторын,  осыған  арнайы  бағдарламаны 

пайдаланбай дидактикалық материалды өзі құра алу мүмкіндігі болады. Бұндай бағдарлама 

болып, «Мәтіндер конструкторы» табылады. «Мәтіндер конструкторы» - бұл білімді тексерудің 

универсалды жүйесі. Бағдарламада келесі мүмкіндіктер бар:

•  сұрақтар мен жауаптардың шектеусіз санын пайдалану;

•   музыканы, дыбыстарды (файлы mp3, wav, mid) қамтитын сұрақтар, кескіндер (файлы 

jpg,  bmp,  ico),  бейнероликтер  (файлы  avi),  шектеусіз  ұзындықтағы  форматталған 

мәтін (қалың наклонды көрсету, курсив, түсі, т.б);

•  сұрақтардың  бес  типін  қамтиды:  жалғыз  дұрыс  жауабын  таңдау,  бірнеше  дұрыс 

жауаптарды таңдау, дұрыс жауаптарды кезектілікті орнату, жауаптардың сәйкестігін 

орнату, жауапты қолмен енгізу;

•   принтерге шығару және тақырыпты, жауаптар мен сұрақтарды, тестілеу нәтижелерін 

файлға сақтау;

•   бір компьютерде бірнеше пайдаланушыларды тестілеу мүмкіндігі;

•  сұрақты  еркін  ретпен  беру  мүмкіндігі,  әрбір  сұрақ  және  жауапқа  ұпай  беру, 

психологиялық  тестілеуді  жүргізу,  уақыты  бойынша  тестілеуді  шектеу,  тестілеуді 

бөлу және оны басқа уақытта жалғастыру, сұрақтарды өткізу және қайта оралу;

•  тестілеу аяқталғаннан кейін баға қою мүмкіндігі (2-10 ұпайлық жүйе);

•  локальды  желіс  арқылы  әртүрлі  компьютерлерде  тестілеуден  кейін  алынған 

нәтижелерді жинау және талдау;

•   мәліметтер қорын резервті көшіру және синхрондау (бұл функция арқылы басқалармен 

мәліметтер  алмастыру    және  мәліметтерді  компьютерден  компьютерге  ауыстыру 

оңай болады); тақырыптар мен сұрақтарды көшіру (осы функция арқылы тақырыпты 

толығымен көшіруге болады немесе бір тақырыптан екіншісіне сұрақтарды іріктеулі 

көшіру);

•  орфографияны тексеру;

•  мәліметтер базасы бойынша іздеу.

Тренажер (жаттықтырғыш) –бағдарламалар. Тренажер –бағдарламалар дидактикалық 

материалдар  функциясын  атқарады  және  шешімдер  барысын  бақылайды  және  қателіктер 

туралы хабарлайды [3].

Өсімдіктерден  сабақта  пайдалануға  болатын  бірнеше  түрлі  табиғи  көрнекілік  жасауға 

болады: өсімдік көшеттері, кеппешөптер, шыны ыдыстағы бақ. Мектепте биология пәнінен 

сабақтан тыс жұмыс формаларында оқушылардың өз бетінше жасауға болатын осы аталған 

көрнекі құралдарды дайындаудың әдістемелеріне тоқталамыз.

Өсімдік  көшеттері  –  көшетханда  немесе  жылыжайда  арнайы  өсірілген  жас  өсімдік

Көшеттік  әдіс  қызанақтан,  баклажаннан,  қиярдан,  және  т.б.  көптеген  мәдени  өсімдіктерден 

мол өнім алуға мүмкіндік береді. Көшеттерді оқушылардың өз қолымен дайындауы және оны 

биология  сабағында  пайдалану  оқушылардың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін,  оны  танып 

білуге деген қызығушылығын қалыптастырумен қатар, олардың көшет дайындау, өсімдіктерді 

күтіп баптау жұмыстарында  практикалық біліктерін дамытады және оқушының дайындаған 

көшеттерін сабақта және одан әрі мектеп оқу үлескісіне отырғызу арқылы пайдалану олардың 

мақтанышын,  өзіне деген сенімін артырады.



Көшеттерді  дайындау: Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен 

өсіруге  болады:  ұрықты  тұрақты  орынға  себу  арқылы,  көшет  отырғызу  арқылы,  әрі  қарай 

аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары 

көшеттерін өсіруге де болады.



554

5

Шыны ыдыстағы кішкене бақша табиғи көрнекілігі. Бөтелкедегі бақшаны бамбук 

таяқшасымен оңай жасауға болады.

Ол үшін жас және қиғанды көтере алатын өсімдікті таңдау қажет, мысалға: асплениум, 

фиттония,  маранта,  гипоэстес  және  фикусы.  Түбіне  керамзит  және  ағаш  көмірді  жағыңыз. 

Шамамен 10 см жас өсімдіктерге арналған субстрат қойыңыз. Өсімдікті құмырадан суырып 

алып, шамалы субстратты сілкіп, бамбуктік шыбық және сым арқылы бөтелкеге отырғызамыз. 

Отырғызуды бөтелкенің шетінен бастап ортасына қарай жылжытыңыз. Бетін мүкпен жауып су 

құйыңыз. Су бөтелкенің қабырғасын бәрін түгел қамту керек.



Ботаникалық  коллекция  –  консервленген  және  тірі  өсімдіктердің  тұқымдарының, 

гүлдерінің,  жуашықтарының,  тамырларының,  жапырақтарының,  кеппешөптернің  жүйелі 

жиынтығы [4].

Биология  пәнінің  тақырыптарына  сәйкес  ауыл  шаруашылық  өнімдері  үлгілері  және 

картоннан жасалған үлкенді, кішілі қорапшалар керек. 

Жеке қорапшаларға кепкен өсімдіктердің жемістерін, өсімдіктерден алынған өнімдерді  

салуға  болады.  Мәдени  өсімдіктердің  суреті  (кестелері)  ілініп,  жемісі  шынымен  жабылған 

қорапшаға салынады

Қазіргі білім беру  әлемінде заттық фототүсірілім сұранысқа ие әрі пайдалы. Алайда осы 

фототүсірілімнің өзіне тән талаптары бар. Оның ішінде биология пәнін оқытуда қолданылатын 

тірі табиғат өкілдерін: өсімдіктер және жануарлар әлемін суретке түсіру заңдылықтарын білген 

жөн.


Оқушылардың қазіргі уақытта айнала қоршаған ортаның кез келген құбылысын немесе 

тірі табиғат объектісін сол мезетте суретке түсіруге мүмкіншілктері зор. Ол қалта телефоның 

көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылардың өсімдіктер мен жануарларды суретке 

түсіру тәсілін меңгеріп, оны сабақта тиімді пайдаланған жөн. Оқушылардың табиғатқа саяхатын 

ұйымдастыра  отырып,  табиғи  нысандарды  (өсімдіктер  мен  жануарларды,    экологиялық 

байланыс  түрлерін)  фотосуретке  түсіруге  арнайы  тапсырмалар  беруге  болады.  Пәндік 

фотосуреттерге қойылатын талап – бейненің мүмкіндігінше нақты әрі жан-жақты бейнеленуі 

(көрінуі).  Тәжірибеде  нысанның  мөлшеріне,  объективтің  мүмкіндігіне,  түсіру  жағдайы  мен 

идеяға  көп нәрсе байланысты.  Алайда объективтің тиімді жұмысын ұйымдастыруға және 

фотосуретті  пайдалану  жағдайында  тиімді  болатын  диафрагмалық  көлемді  анықтау  артық 

емес (әдетте ол f/8) [5].

Кәсіби фотографтардың көпшілігі суретке әлісіз көлеңке беретін және бояулардың қанық 

түстерін сақтауға мүмкіндік беретін табиғи көлеңкелі жарықтың болғаны дұрыс деп есептейді. 

Сондықтан «табиғи, далалық жағдайда» жұмыс жасау үшін бұлтты күн қолайлы. Студияда 

немесе оқу-зерттеу бөлмесінде мұндай жарыққа терезесі солтүстікке қарайтын бөлмелерде қол 

жеткізуге болады. Жаңбырдан кейін жасалған фотосурет – өте әсерлі көрінеді – композицияны 

табиғиландыратын,  әрбір  бөлшегін  айқындайтын  түстері  жұмсақ  жарықтандырылған  және 

мөлдір  ірі  тамшылармен  көмкерілген  түрде  түсіріледі.  Студияда  жауып  өткен  жаңбырдың 

көрінісін қолдан жасауға болады.

Студияда  немесе  оқу-зерттеу  бөлмесінде  (биология  кабинетінде)  фототүсірілімге 

қосымша құралдардың болғаны қажет. Мысалы, фон мен бейне ретінде пайдану үшін- түрлі-

түсті картон парақтары қажет. Онша үлкен емес жұмсақ кисть – өсімдік жапырақтарын шаңнан 

тазарту үшін пайдалану.  Композицияға белгілі бір форма беру  және  өсімдіктің жеке сабақтары 

мен жапырақтарын айқындау үшін  – декоративті флористикалық сым, кішкентай түйреуіштер 

қажет. Телефонмен түсірілген фотосуреттерден иллюстративті немесе электронды кеппешөп 

түрлерін құрастыруға болады.



Иллюстративті  кеппешөп  немесе  электронды  кеппешөп  деп  –  ол  скайнерленген 

немесе  фотосуреті  жасалған  өсімдік  бейнелерінің  систематикалық  категорияларымен 



555

топтастырылған кеппешөптерді электронды бейнесін айтады [6].

Оқушылар  өздернің  ұялы  телефондарын  және  компьютерді  пайдаланып,  түрлі 

биологиялық  тақырыптар  бойынша  өздеріне  қолайлы  анықтауштарды  құрастыра  алады: 

жергілікті  жер  өсімдіктерінің  иллюстративті  кеппешөптерін,  жануарлар  дүниесі  бойынша 

электорнды  альбомдар  және  камераға  фенологиялық  бақылаулар  нәтижесін  түсіру  арқылы 

бейнефильмдер т.с.с түсірулеріне мүмкіндік бар.

Әдебиеттер тізімі

1.  Конюшко  В.С.  Методика  обучения  биологии:  учеб.  пособие.  Мн.:  Книжный  дом, 

2004. С. 256 

2.   Морозов М.Н. и др. Школьное мультимедиа: мир знаний //Мир библиографии, 2000. 

-№2. С. 42-45.

3.  Минич О.А. Информационные технологии в образовании. Минск, 2008.

4.  Дидактическая основы использования средств обучения и воспитания. Москва, 1982.

5.  Принципы фотографии. Макросъемка. http://www.64bita.ru/macro.html 

6.  http://rifmovnik.ru/lib/4/book07.htm

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Наметкулова Ф. Д., Усенова М. М. 

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық өлшеулер орталығы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: формативті бағалау, бағалау техникалары, формативті бағалау құралдары, 

сұрақ қою техникалары,  кері байланыс.



Ключевые  слова:  формативное  оценивание,  техники  оценивания,  инструменты 

формативного оценивания, техники постановки вопросов, обратная связь.



Keywords:  formative  assessment,  assessment    techniques,  formative  assessment  tools, 

techniques to ask questions, feedback.



Аңдатпа

Берілген  мақалада  деңгейлі  курс  тренерінің  тәжірибесін  қолдау  мақсатында  берілетін 

кері байланыстың тәсілдері, формативті бағалау түрлері мен техникалары қарастырылған.  

Аннотация

В  данной  работе  рассмотрены  виды  и  техники  формативного  оценивания,  подходы 

представления  обратной  связи  эксперта  в  целях  поддержки  практики  тренера  уровневых 

курсов.


Abstract

This article reveals the experience of level course trainers in order to support provided methods 

of formative assessment and feedback techniques.

Формативті  бағалау  білім  саласының  өзекті  мәселенің  біріне  айналуда.  Бұл  бағалау 

үйренушінің  қызығушылығын  жойып  алмай,  оның  алға  жылжуын  қамтамасыз  етеді.  Әрі 


556

5

өз  бетінше  білім  алуына  қолайлы  жағдай  жасауына,  өзін-өзі  дамытушы    тұлға  ретінде 

қалыптасуына ықпал етуге бағытталады.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік 

бағдарламасында формативті бағалау яғни, оқыту үшін бағалаудың сипаттамалары мен мәні  

жан-жақты қарастырылған. Формативті бағалау – «білім алушылар өздерінің оқудың қандай 

сатысында  тұрғанын,  қандай  бағытта  даму  керек  және  қажетті  деңгейге  қалай  жету  керек 

екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу 

және түсіндіру үдеріс» болып табылады [1, 104-б.]. Бұл формативті бағалауды өлшеу, әрекет, 

ізденіс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 

Эксперт  тренерлердің  «тәжірибесін  өзгертіп  дамытуға  көмектесу  үшін  олардың 

педегогикалық тәжірибесін формативті бағалайды және сындарлы пікір береді» [2, 17-б.]. Осы 

міндетті тиімді жүзеге асыруда экспертке формативті бағалаудың түрлері мен ерекшеліктерін 

білу маңызды екендігін тәжірибе көрсетті. Формативті бағалау тренердің кәсіби дамуында алға 

жылжуын бақылауға және даму басымдықтары бойынша жеке кәсіби мақсаттарын нақтылауға 

мүмкіндік береді. 

Формативті  бағалауды  тиімді  қолданудың  бір  қыры  оның  түрлері  мен  ерекшеліктерін 

білу болып табылады. Формативті бағалаудың тәлімгерлік пен коучинг барысында тәжірибеде 

қолданылған бірнеше үлгілерін қарастырамыз.

«Жақсы  сұрақ  негіздері»  құралы:  Тренер  жұмысына  кері  және  бастапқы  байланысты 

ұйымдастыруға бағытталған сұрақтар. Неліктен ..? Егер ... болса қалай? Сіз қалай ...? Сіз ... 

түсіндіріп бере аласыз ба? ... не болуы мүмкін?

«Не жақсы?» құралы. Тренердің өткізілген әрекеттерінің сәтті тұстарын анықтауға және 

оны  жетілдіруге  қолдау  көрсету  мақсатында  берілетін  сұрақтар:  Нені  «жақсы»  жұмыс  деп 

айтуға болатынын айта аласыз ба? Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/ не туралы ойлану 

қажет екенін білесіз бе? Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?

 «Құрастыр, сосын жауап бер» құралының алгоритмі: 1) Үйренушілерге жауап бергенге 

дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз-жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлану; 

2) жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл; 3) жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;4) 

жұпта болжамды жауапты талқыла.

Смайликтер қолдану. Үйренушілер тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін 

білдіру үшін смайликтер салады: Жалғастыруға дайынмын; Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін 

емес; Түсінбеймін, қайталап қарау қажет.

Стикер  әдісі.  Стикерлерді  оқу  үрдісін  талдау  үшін  қолданыңыз.  Үйренушілер  топта, 

жұппен жұмыс немесе дербес түрде мынандай сұрақтарға жауап бере алады: Мен не үйрендім? 

Маған не қиын болып көрінді? Не күрделі болды? Мен енді не үйренгім келеді?

Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі талдау үйренушінің қалай оқуға үйренгенін білдірсе, өзін-өзі 

бағалау оқып жатқан нәрсені анықтайды. Үйренушілерді  өзін-өзі талдауға үйретуге арналған 

сұрақтар реті: Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз. Атап айтқанда не сізді 

ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді? Сізге қандай жағдайда көбірек көмек 

қажет? Сіз не үшін разысыз? Сіз Х туралы не білесіз? Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа 

әріптестеріңіздің  қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз?

«Дұрыс  емес  пікір»  әдісі.  Тренермен  мұғалім  портфолиосын  формативті  бағалауын 

бақылау  барысында  тиімді  қолдануға  болады.  Талқылау  үшін  дұрыс  емес  жауаптарды 

қолданыңыз. Портфолиодағы үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының дұрыс емес бағыт 

алуына  әкелетін сұрақтарды қолданыңыз. Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі 

және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады. «мен бұл жауаптың  дұрыс еместігіне 

қуаныштымын... ендеше талқылап көрейік» деп кәсіби әңгіме жалғасын табады.

«Жақсарту  жөніндегі  нұсқаулық»  құралы.  Үйренушілерге  жұмысына  түсініктеме 

бере  отырып,  оларға  бұл  үдерісті  жақсарту  бойынша  нұсқаулық  беру  үшін  қолданылады. 



557

Үйренушілер әріптестерінің жұмыстарын бағалау кезінде түсініктемелер беру арқылы  үдерісті 

дамытады.

Ұсынылған формативті бағалау құралдары  үйренушілерге өздеріне деген сенімділікті 

арттырып, өз әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, үйренушінің ішкі уәжінің артуына 

ықпал етеді. 

П.Блэк,  Д.Уильям  формативті  бағалаудың  келесі  құраушыларын  1)  мұғалімнің 

оқушыларды тиімді кері байланыспен қамтамасыз етуін; 2) оқушылардың өздерінің оқуына 

белсенді  қатысуы,  бұл  өз  кезегінде  оқушыларды  өзін  өзі  бағалауға  қамтылуын;  3)  бағалау 

нәтижесінің негізінде оқу мен оқыту процесіне түзетулер енгізуді; 4) оқуға маңызды ықпал 

ететін оқушының өзін-өзі құрметтеуі мен уәжденуіне бағалаудың ықпал етуін мойындауды; 5) 

оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын 

қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу 

дағдыларын  қалыптастыруды  атап  көрсетеді  [3].  Сондықтан,  формативті  бағалауды  тиімді 

жүзеге асыру мақсатында оның техникаларын меңгеру маңызды. 

Формативті  бағалау  барысында  үйренушілердің  жұмысын  бағалай  отырып,  олардың 

жетістіктеріне  баса  назар  аударудың  маңыздылығын  тәжірибе  көрсетті.  Себебі,  формативті 

бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін 

анықтауға бағытталады [2]. Сондықтан осы бағалаудың түрі эксперт ретінде маған тренермен 

жеке және тренерлер тобымен жұмыс істеуге, сессия барысындағы оқу және оқыту процесін 

тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Сондықтан формативті бағалауды тиімді жүргізу үшін 

оның әрбір құраушыларының ерекшелігін, мәнін түсіну маңызды болып табылады. 

Формативті  бағалаудың  құраушыларының  бірі  -  сұрақ  қою  арқылы  оқу  нәтижелері 

туралы  шынайы  ақпарат  алуға,  дәлелдемелер  (аргументтер)  келтіріп  үйренуге,  өз  ойы 

туралы ойланып оған түзетулер енгізуге қол жеткізу мүмкін болады. Олай болса, сұрақ қою 

формативті  бағалаудың  негізгі  ресурсы  болып  табылатындығына  ерекше  мән  беру  керек. 

Сондықтан,  эксперт  өзінің  сұрақ  қою  техникаларын  жетілдіруі  маңызды.  Тиімді  сұрақ  қою 

техникаларының  бірі  -  Рефлексияның  5R  көмекшілері.  Аталған  техника  тренерлер  мен 

мұғалімдерді ойландыратын сұрақтар негізінде өзінің тәжірибесін талдауға, рефлексиялауға 

әкеледі.  5R  көмекшілері  ағылшын  тілінен  аударғанда  Баяндау  (Reporting),  Жауап  беру 

(Responding), Байланыстыру/қатысын табу (Relating), Себеп салдарын түсіндіру (Reasoning), 

Қайта  құрастыру  (Reconstruction)  бағыттардағы  сұрақтар  ретін  анықтайды  (кестеге  назар 

аударыңыз).

Баяндау


Reporting

Қиындық немесе жағдай қалай туындады? Жағдай қайда және қалай орын алды? 

Мәселенің негізгі аспектілері қандай? Маңыздылығы неде?

Жауап беру

Responding

Осы жағдаятта мен өзімді қалай ұстадым немесе жағдаятқа байланысты менің 

реакциям қандай болды? Не нәрсені жақсы жасай алдым, нені жақсы жасай алмадым? 

Мен оны қалай білемін?Неліктен осылай ойлаймын? Мен өзімді қалай сезіндім? Не 

нәрсе мені осылай сезінуге итермеледі?

Байланыстыру/

қатысын табу

Relating


Осы жағдайға байланысты менің білімімнің/теориялық/жеке және кәсіби тәжірибеме, 

білім, түсінік және дағдыға қатысы мен байланысы қандай? Олар бір бірімен қалай 

байланысады?

Себеп салдарын 

түсіндіру

Reasoning

Осы жағдайға байланысты тәжірибені теориямен қалай байланыстыруға болады? 

Қандай теориялар бар? Әртүрлі көзқарастардың жағдайға әсері қандай? Жеке 

көзқарас, әріптестің көзқарасы, оқушының көзқарасы т.б. әсері қандай болмақ?

Қайта құрастыру

Reconstruction

Қорытындылай келе, мен осы мәселе немесе жағдайдан не үйрендім? Қандай 

тұжырымдама мен қорытынды жасадым? Нені басқаша жасар едім? Неліктен? Осы 

жағдайдан алған білім мен тәжірибені болашақтағы тәжірибемді жақсарту үшін қалай 

қолданар едім?


558

5

Сұрақ  қою  техникаларының  бірі  –  «Егер  ...,  қалай  болар  екен?».  Сұрақ  қоюдың  бұл 

техникасын үйренушінің әрекетінің «тұйыққа тірелу» жағдайында («сәтсіз» шыққан портфолио 

мен таныстырылымдарды жетілдіруге қолдау көрсету, сессия жоспарның жүзеге аспауы, т.с.с.) 

тиімді пайдалануға болады.  Сұрақтар үлгілері: «Келесі жағдай орын алды деп ойлайық ...»; 

«... жай ғана елестетіп көріңізші»; «Егер сіз болсаңыз ... »; «Егер ..., қалай болар екен?».  

Жетелеуші сұрақтар техникасы

Уақытқа қатысты  алға 

жылжу

... уақыт өткенде ойлаған нәтижеңізге қол жеткіздім деп ойлаңыз. Осы жағдайды 



сипаттаңыз.

Тұлғалық алға жылжу

Егер сіз мұғалімнің орнында болсаңыз, осы міндетті (тапсырманы) қалай шешесіз 

(орындайсыз)?

Нәтижеге қарай алға 

жылжу


 Қойылған мақсатқа қол жеткізгенде сізде қандай өзгеріс болуы мүмкін? Бұл 

сіздің кәсіби өсуіңізге қалай ықпал етеді?

Ақпараттық алға жылжу

Егер сіздің қолыңызда барлық ақпарат болса, ... қалай болар еді?

Сұрақ қою барысында көбінесе келесі қателіктер жіберілуі мүмкін. Бірінші қателік – тез 

арада бірнеше сұрақты қатар қою. 

Мысалы,  Сіздің  тренерлік  тәжірибеңіздің  ерекшеліктері  неде?  Тренингтерді 

ұйымдастыруда  неге  көңіл  аудару  қажет  деп  ойлайсыз?  Тренингтің  тиімділігі  неде?  Бұл 

жағдайда тренер берілген сұрақтардың мәнін түсінбейді. Сондықтан көбінесе бұл жағдайда 

тек соңғы сұраққа қысқаша жауап беруге ұмтылады. Екінші қателік – жалпылама сұрақтардың 

берілуі.  Мысалы,  Кері  байланыстан  не  күтесіз?  Біздің  әңгімеміз  сізге  пайдалы  болды  ма? 

Жалпы  курс  барысында  мұғалімдермен  қандай  жұмыстар  жүргізесіз?  Тренингтен  кейінгі 

жағдайыңыз қалай? Менің ұсынысым сізге пайдалы ма? Осындай жалпылама сұрақтар жауап 

беруде тренердің ой толғанысын тығырыққа тірейді. Келесі қателік – неге? неліктен? деген 

сұраққа қатысты. Тренердің әрбір берген жауабына осындай сұрақтар реті берілген жағдайда 

бір  жағынан,  ойланбаған  жауап  алу  қаупі  бар  болса,  екінші  жағынан,  тренердің  қорғаныс 

реакциясын тудыруы мүмкін. 

Осыған  байланысты,  тренерден  қажетті  ақпаратты  алуға  итермелейтін  сұрақ 

қою  техникаларын  жете  меңгерген  жөн.  Ондай  техникалар  қатарында  «Сократ  әдісі», 

қалыптастырушы  сұрақ,  «Сүзгі»  әдісі,  жағдаяттық  және  проблемалық  және  нақтылаушы 

сұрақтар  бар [4, 116-127 б.]. 

Сұрақ қоюдың соңғы кезеңінде тренердің өзінің кәсіби әрекеттеріне белгілі бір өзгерістер 

енгізуге  ықпал  ететіндей  сұрақтар  берген  дұрыс.  Мысалы,  айтылған  мәселеге  қатысты  өз 

пікіріңізді  білдірсеңіз,  немесе,  осы  айтылғандарды  тәжірибеге  қалай  енгізуге  болады  деп 

ойлайсыз?  Ең  бастысы,  формативті  бағалауда  эксперттің  «тренердің  кәсібилігіне  өзгерістер 

енгізуім үшін істеуім керек?» деген сұрағынан тренердің өзінің  «Белгілі нәтижеге қол жеткізу 

үшін мен не істеуім керек?» деген сұрағы өте маңызды. Бұл сұраққа жауап беруде тренер өзінің 

біліміне жауапкершілікпен қарайды, әрі өзінің білім алу маршрутын нақтылай алады. 

Сондықтан, формативті бағалау үрдерісін арнайы жоспарлауда сұрақтар ретін нақтылау 

маңызды болып табылады. Себебі, алдын-ала дайындалған сұрақтар реті:

•  эксперттің  мәртебесін  береді:  тренерге  кәсіби  қолдау  көрсету  үшін  не  істеуге 

болатындығын анықтайды; 

•  бастамашыл  болуға  ықпал  етеді:  сұрақтар  ретін  дайындау  арқылы  эксперт 

әңгімелесуге арнайы дайындалғандығын көрсетеді, нәтижесінде тренер жауап беруге 

психологиялық тұрғыдан дайын болуға ұмтылады; 

•  нәтижелерді  болжамдауға  ықпал  етеді:  дұрыс  таңдалған  сұрақтар  реті  күтілетін 



559

нәтижені көру мүмкіндігін береді;

•  тренермен  тиімді  кәсіби  қарым-қатынас  жасауға  негіз  болады:  сұрақтар  ретін 

болатын әңгімелесудің алдын-ала сценарийін анықтаумен қатар, қосымша ақпараттар 

(мамандығы, білімі, тәжірибесі, ұстанымы және т.с.с.) алуға мүмкіндік береді;

•  қиын жағдайдан алып шығады: әңгімелесу тұйыққа тірелген жағдайда сұрақтар реті 

арқылы кейбір мәселелерді нақтылауға болады.

Арнайы жоспарланған формативті бағалау арқылы берілген кері байланыс тренерге даму 

мүмкіндігін береді. Себебі, дұрыс берілген кері байланыс адамның өзін дұрыс тануына, даму 

аймағын анықтауға көмектеседі, бұл өте күшті уәжденуіне ықпал етеді. 

Кері байланысты беру - жоғары деңгейдегі кәсіби дағды. Кері байланыс беруде бағалау 

тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін сендіруге; бағалау критерийлерінің әділдігіне сенімділік 

туғызуға; адамның уәжденуіне  ерекше көңіл бөлу керек. Себебі тек осы жағдайда ғана кері 

байланыс алған адам өзінің нені және қалай өзгертетінін нақты түсінеді [5, 203-б.]. 

Оған  қол  жеткізу  үшін  кері  байланыс  берердің  алдында  барлық  құжаттарды,  бақылау 

нәтижелерін қайта қарап шығу маңызды. 

Кері байланыс барысында міндетті түрде жұмыстың тиімділігі туралы сұрауға болады. 

Қаншалықты тапсырманы жетістікпен орындадым деп ойлайсыз? Тапсырманы орындаудағы 

күшті тұстарыңыз? Жетілдіретін тұсы неде? Неліктен? Не кедергі жасады? Неге қол жеткіңіз 

келеді? Егер қайталап орындасаңыз нені өзгертер едіңіз? деген сұрақтар беруге болады. Ары 

қарай бағалау критерийлерімен және бақылау нәтижелерімен нақты таныстыру ұсынылады. 

Әрбір критерийге тоқтала отырып, алдымен жетістігін көрсете отырып, содан кейін жұмыстың 

тиімділігін  арттыру  мен  оны  жетілдіру  үшін  не  істеуге  болатындығына  ұсыныс  беріледі. 

Сондай-ақ,  тренерлерге  қорытындылар  және  алдағы  мақсатты  нәтижелері  туралы  сұрақтар 

қоюға  болады.  Себебі,  әрбір  бағалау  критерийі  жұмыстың  жетістігін  сезіну  үшін  маңызды 

болып  табылатындығы  ескеріледі.  Жұмыстың  нәтижесінде  тренермен  бірлесе  оның  даму 

жоспарын  дайындауға  мүмкіндік  туады.  Бұл  әрекет  барысында  қандай  мәселелер  бойынша 

кәсіби білігін жетілдіру және оны қалай жетілдіру керектігі талқыланады. Бұл өз кезегінде 

тренерлерге тәлімгерлік жүргізудің алғашқы қадамы болып табылады. Келесі ескеретін мәселе 

-  кері  байланыс  беру  уақытын  арнайы  жоспарлаған  дұрыс.  Сондықтан,  тренердің  оқыту 

тәжірибесіне қолдау көрсетуге бағытталған  кері байланысты тренинг сабағынан кейін бірден 

беруде мәселелерді үстірт қарау мүмкіндігі бар екенін ескерген орынды.  

Олай  болса,  кері  байланыс  берушінің  басты  міндеті  үйренушінің  дамуына,  оның  өз 

әрекеттеріне өзгерістер енгізуі туралы ойлануына, уәжденуіне  ықпал ету болып табылады.  

Эксперттің кері байланысты тиімді беруі үшін тренингті бақылау әдісін дұрыс таңдауы 

керек.  Берілетін  кері  байланыс  тиімді  болуы  үшін  тренер  тәжірибесін  бақылауда  оның 

эмоциялық көңіл-күйі де назарда тыс қалмауы ескеріледі. Сондықтан кемшіліктер жіберілсе 

де тыныштық сақтаған жөн, дегенмен, оларды бақылау барысында орындаған әрекеттерінің 

жетістіктері  туралы  айтуға,  ыммен  білдіруге  де  болмайды.  Аталған  ережені  тренердің 

мұғалімдер  портфолиосы  мен  таныстырылымдарын  суммативті  бағалауын  бақылауда  да 

эксперттер жетістікпен пайдалануда.  

Сондай-ақ,  формативті  бағалау  барысына  жасалған  талдау  эксперттен  үнемі 

жинақылықты, бақылау нәтижелерін тіркеуді, ойын жинақтауды, ойын нақты жазуды талап 

етеді. Осы әрекеттерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін эксперттің өзіндік ішкі 

тәртібінің болуы үлкен рөл атқарады.   

Сапалы бағалауды адамдар тиімді басқару ретінде қабылдайды. Адамның еңбегін дұрыс 

бағалау  арқылы  оның  өз  жұмысына  деген  сенімділігін  арттыруға  ықпал  етуге  болады.  Ал 

сенімді  адам  қандай  әрекеттері  нәтиже  беретіндігін,  қайсысы  нәтижесіз  екендігін  бағалай 

отырып, өзіне айтылған пікірлерден қорытынды жасай отырып  жетістікке жете алады. 


560



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет